Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыру Ережесі

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 341 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 5 наурызда N 706 тіркелді

Қолданыстағы
      Осы Ережелер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - кастодиандық- банктер) мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - зейнетақы қорлары) сеніп тапсырылған ақшасы мен құнды қағаздарын (бұдан әрі - зейнетақы активтері) сақтауды және есебін жүргізуді жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

                 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданылып жүрген заңдарда белгіленген түсініктер пайдаланылады.
      2. Банк жинақтаушы қорлар сеніп тапсырған зейнетақы активтерін (бұдан әрі - кастодиандық қызмет) сақтау және есебін жүргізу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банкі) Келісімімен Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) берген кастодиандық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде қызмет көрсетуге құқылы.
      3. Кастодиан-банк өз қызметі кезеңінде өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін өздерінің мүдделеріне пайдалануға, соның ішінде оларға өздерінің міндеттемелері бойынша жауап беруге және кепілдікке беруге не үшінші адамдардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында көрсетілген активтерге қатысты басқа да іс-әрекеттер жасауға құқысы жоқ.
      Кастодиан-банкке Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріліп, пруденциалдық нормативтер есебі бойынша талаптар және ең аз резервтік талаптарды орындау қолданылады.
      4. Кастодиан-банк кастодиандық қызметтерді жүзеге асыру барысында мынадай қызметтерді орындайды:
      1) зейнетақы активтерін қаржы құралдарының түрлері мен қолданылып жүрген заңдарда белгіленген мөлшер бойынша нысаналы инвестициялауды бақылау;
      2) зейнетақы активтерін жинақтау, оларды орналастыру, сондай-ақ инвестициялық кірістерді алу бойынша барлық операциялардың есебін жүргізу;
      3) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың (бұдан әрі - компания) тапсырыстарын, егер де олар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеген жағдайда, олардың мазмұнына сәйкес қатаң орындау;
      4) қолданылып жүрген заңдарға компанияның тапсырыстары қайшы келген жағдайда, оларды жауып тастауды (орындамауды), бұл турасында Ұлттық комиссияны және сәйкес зейнетақы қорын дереу хабардар ету;
      5) зейнетақы қорларын оның шоттарының жай-күйі және компания қызметтері туралы апта сайын хабардар ету;
      6) осы Ережелерде белгіленген тәртіппен компанияның қаражат көрсеткіштерін (сомасын) зейнетақы қорының әрқайсысының бөлігімен ұдайы салыстырып тексеру;
      7) үшінші адамдарға, қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тікелей жағдайларда болмаса, (зейнетақы қорының өзі тікелей нұсқау бермесе) зейнетақы қорының шоттары туралы мәліметтерді жария етпеу;
      8) бағалы қағаздар рыногы және/немесе кастодиандық шарт туралы қолданылып жүрген заңдарда белгіленген өзге де қызметтер.
      5. Кастодиан-банктің кастодиандық қызметтері бойынша мүдделі ұйымдарға есеп беру тәртібін құру, бекіту және ұсыну Ұлттық Банктің және Ұлттық комиссияның жеке нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      6. Кастодиан-банк кастодиандық қызметтерді жүзеге асыру үшін зейнетақы активтерінің есебін жүргізудің ішкі тәртібін белгілейтін құжат әзірлеуі қажет.

              2-тарау. Зейнетақы активтерін сақтау

      7. Зейнетақы қорының зейнетақы активтері кастодиан-банкінде кастодиандық шартқа сәйкес кастодиандық шот режимінде сақтайды.
      Кастодиандық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен бір үлгідегі нысандар талабы бойынша жасалады.
      8. Кастодиан - банк инвестициялық шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді (осы Ережеге N 1 Қосымша) - олардың шоттарының жай-күйі туралы ақпараттарды зейнетақы қорларына апта сайын беріп отырады.
      9. Зейнетақы активтерінің жай-күйі бойынша ақпараттарды апта сайын компаниямен қатар салыстырып отыру үшін кастодиан-банк зейнетақы активтерін құрылым туралы есеп (осы Ережеге N 1 қосымша) жасайды.
      Кастодиан-банк әр компания үшін әрбір зейнетақы қоры бойынша жеке-жеке зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есеп береді (бұдан әрі - есеп беру). Есеп тиісті компанияға есеп берілген аптадан кейінгі аптаның алғашқы жұмыс күнінің 17 сағат 30 минутынан кешіктірілмеуі тиіс.
      10. Кастодиан-банк компания жасаған ұқсас есеп беруді алғаннан кейін, есеп берілген аптадан кейінгі үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей берілген ақпараттармен өз есебіндегі мәліметтерді салыстыруы тиіс. Кастодиан-банк ескерту жасамаған жағдайда жинақталған зейнетақының жай-күйі туралы. Салыстыру-актісі (бұдан әрі - Салыстыру-актісі) жасалады.

Айырмашылық болған жағдайда ол бұл туралы есеп берудің көшірмесімен 
қоса, Ұлттық комиссияға дереу хабарлауы тиіс.
     11. Салыстыру-актісі үш данада жасалады және міндетті түрде мынадай 
мәліметтер болуы тиіс:
     1) Салыстыру-актісінің жасалған күні, салыстыру жүргізілген кезең;
     2) салыстыру жүргізілген кезең ішінде:
     - барлық түскен зейнетақы жарналарының сомасына, соның ішінде дұрыс 
есептелмегені;
     - зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістен есептелген және 
аударылған сыйақылар сомасы;
     - инвестициялық шоттан зейнетақы төлемі шотына аударылған жинақталған 
зейнетақы қаражатының сомасы;
     - зейнетақы төлемі шотынан төленген сома;
     - қорытынды есептеудегі кіріс немесе шығын туралы ақпараттар.
     3) Салыстыру-актісін жасау күніндегі:
     - инвестициялық шоттағы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдығы;
     - зейнетақы төлемі шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының 
қалдығы;
     - қорытынды кіріс немесе шығыс туралы ақпараттар.
     4) өзге де мәліметтер.

             3-тарау. Орналасқан зейнетақы
                 активтерін есепке алу
     
     12. Кастодиан-банк зейнетақы қорының зейнетақы активтерін жекеше 
сақтайды және есеп жүргізеді.


      13. Кастодиан-банктің ішкі құжаттарында көрсетілген зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін жинақтау бойынша, оларды орналастыру, сондай-ақ инвестициялық кірістерді алу жөнінде барлық банктік операциялардың есебі жүргізілгенде кастодиан-банк Ұлттық Банкпен келісуі тиіс.
      14. Корреспонденттік шотқа зейнетақы активтерінің сомасы түскен кезде кастодиан-банк берілген соманы кастодиандық шарт негізінде 2203 "Клиенттердің ағымдағы шоттарының" баланстық шотына есептейді.
      Бұл ретте осы шотқа арналған жинақталған зейнетақы қаражатына жеке есептеу жүргізу үшін (зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті және оларды қаржы құралдарына орналастыру үшін есептеу) және зейнетақы төлемін есептеуде (басқа зейнетақы қорларына зейнетақы төлемін және аударуды жүзеге асыру үшін) қосалқы есептеуді жүргізуге арналған жеке есеп шот ашылуы тиіс.
      15. Кастодиан-банк зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатын қаржы құралдарына орналастыру мақсатында компаниядан ақшаны аудару туралы тиісті тапсырыстар алған соң кастодиан-банкі оны қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тексереді, олардың тізбесі Ұлттық комиссияның жеке нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Ескертпе болмаған жағдайда кастодиан-банкі тиісті баланстық шоттарда орналасқан ақшаны есептен шығарады және орналасқан зейнетақы активтерінің сомасын арнаулы шоттар ашылғанға дейін 7360 "Акциялар мен басқа құнды қағаздарды сақтауға арналған" меморандум шотына бір мезгілде есептейді.
      Бұл ретте осы меморандум шотының қосалқы есеп жүргізуінде қаржы құралдарының әр түрі бойынша жеке есеп шот ашылады.
      16. Жинақталған зейнетақы қаражатын орналастырудан алынған инвестициялық кіріс сомасы корреспонденттік шотқа түскен кезде, кастодиан-банк 2203 "Клиенттердің ағымдағы шоттарының" (жинақтаушы зейнетақыға есеп жүргізуге арналған жеке есеп шот) баланстық шотына осы соманы бір мезгілде есептейді. Кастодиан-банк инвестициялық кірістен түскен тиісті комиссиялық сыйақыларды 2203 шот арқылы (жинақтаушы зейнетақыға есеп жүргізуге арналған жеке есеп шот) компания тапсырыстарының негізінде компанияның банктік шоттары мен зейнетақы қорларына аударады.
      17. Кастодиан-банк кастодиандық шарт негізінде зейнетақы қорларына

кастодиандық қызмет көрсету бойынша әр айдың соңғы күнінен кешіктірмей бір 
айдың кірісіне алынуға тиісті, соманы есептеу әдісі бойынша есептеседі, 
және арнаулы баланстық шот ашылғанға дейін оны 1700 тобындағы баланс 
шотының активтеріндегі және 4608 "Банктің басқа комиссиялық кірістері" 
баланстық шотының пассивінде көрсетеді.

           4-тарау. Қорытынды ереже
     
     18. Кастодиан-банк зейнетақы қорлары мен компанияның міндеттері 
бойынша жауап бермейді және компанияның инвестициялық шешімдері үшін 
жауапкершілік атқармайды.
     19. Кастодиан-банк зейнетақы қорына және компанияға олардың 
міндеттерін орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны салдарынан 
келтірген шығындарды, қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен 
өтеуге тиіс.
     20. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдармен 
реттеледі.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                   Қазақстан Республикасы
                                   Ұлттық Банкі Басқармасының
                                   1998 жылғы 31 желтоқсандағы
                                   N 341 қаулысымен бекітілген
                                   Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік
                                   емес жинақтаушы зейнетақы қорлары сеніп
                                   тапсырған ақшасы мен құнды қағаздарын
                                   сақтау және есебін жүргізуді
                                   жүзеге асыру Ережесіне
                                   N 1 қосымша
     
            Инвестициялық шот бойынша ақша қозғалысы туралы
                             Мәліметтер
     
       _________________________________________________________________
            (мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
     
      199 жылғы "___"__________ ____________ "___"________ кезең аралығында
  
___________________________________________________________________________
   Символ               Ақша ағымдарының баптары                Сома(теңге)
___________________________________________________________________________
     10        Есеп беру кезеңі алдындағы ақша қалдығы
     20        Түскен ақша. Барлығы:
     21        Зейнетақы жарнасы
     22        Басқа зейнетақы қорларынан қабылданды
     23        Инвестициялық кіріс (таза алынғаны)
     24        Құнды қағаздар эмиссиясының өтемі сомасын қоса отырып,
               құнды қағаздарды сатудан түскен сома
     25        Банктердің депозиттік сертификаттарының өтем
               сомасын қоса отырып, екінші деңгейдегі
               банктердегі депозиттердің қайтарым сомасы
     26        Зейнетақы төлемі шотынан қайтарым
     27        Алынған өсімпұл
     28        Анықталмаған сомалар
     29        Басқа түсімдер
     30        Инвестицияланған ақша
     40        Төленгендері Барлығы:
     41        Құнды қағаздарды сатып алу
     42        Банктердің депозиттік сертификаттарын сатып
               алуды қоса отырып, екінші деңгейдегі банктер
               депозиттеріне орналастыру
     43        Комиссиялық сыйақыларға ақша аудару
     44        Инвестициялық шоттан қате аударылған соманы
               қайтару
     45        Шетел валютасын сатып алу
     46        Басқа шығыстар
     50        Есеп беру кезеңінің соңындағы қалдық ақша
     
               Қосымша мәліметтер
     
     1         Есептелген инвестициялық кіріс
     2         Зейнетақы жарналарын түскен комиссиялық сыйақы
     3         Есептелген инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы
     
     Төраға ______________               Бас бухгалтер ____________
     
     Мөрдің орны
     
     
                   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
                   1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 341 қаулысымен бекітілген
                   Екінші деңгейдегі банктердің мемлекеттік емес жинақтаушы
                   зейнетақы қорлары сеніп тапсырған ақшасы мен құнды
                   қағаздарын сақтау және есебін жүргізуді жүзеге асыру
                   Ережесіне N 2 қосымша
     
          Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға беру үшін
                   Зейнетақы активтерінің құрылымы туралы
                                    Есеп
     
           _________________________________________________________
              (мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
     
      199 _____"____"__________        ______"____"_______кезең аралығында
     
     N 1 Кесте: Құнды қағаздар
 __________________________________________________________________________
|рет|Эмитент|Құнды|Ұлттық|Нақты|Саны|Өтеу мерзімі|Бір құнды|Құнды|Орналасты
| N |атауы  |қағаз|Сәйкес|құны |(да.|(өтеу күні) |қағазды  |қағаз|рылған 
|   |       |дар  |тенді.|(тең.|на) |            |сатып    |дарға|зейнет. 
|   |       |түр. |ру    | ге) |    |            |алудың   |салын|ақы
|   |       |лері |нөмірі|     |    |            |құны     |ған  |активте.
|   |       |     |      |     |    |            |(теңге)  |жиын.|рінің
|   |       |     |      |     |    |            |         |тық  |тұтас
|   |       |     |      |     |    |            |         |сома |көлемінен
|   |       |     |      |     |    |            |         |(тең.|% жиынтық
|   |       |     |      |     |    |            |         |ге)  |         
|___|_______|_____|______|_____|____|____________|_________|_____|_________
|1  |       |     |      |     |    |            |         |     |         
|___|_______|_____|______|_____|____|____________|_________|_____|_________
|...|                                                                      
|___|______________________________________________________________________
|жиынтығы   |мемлекеттік құнды қағаздар бойынша  |                         
|___________|____________________________________|_________________________
|жиынтығы   |халықаралық қаржы ұйымдарының құнды |                         
|           |қағаздары бойынша                   |                         
|___________|____________________________________|_________________________
|жиынтығы   |корпоративтік құнды қағаздар        |                         
|           |бойынша                             |                         
|___________|____________________________________|_________________________
|Барлығы    |                                    |                         
|___________|____________________________________|_________________________
    
      
     N 2 Кесте: екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер және депозиттік
                (банктік) сертификаттар
 __________________________________________________________________________
|рет|Банктің|депозиттік салым |Орналастырылған |депозит|депозит| жылдық    
| N |атауы  |сомасы(мың теңге)|зейнетақы актив.|орналас|мерзімі|табыстылығы
|   |       |                 |терінің тұтас   |тырған |       |(%)        
|   |       |                 |көлемінен %     |күн    |       |           
|   |       |                 |жиынтық         |       |       |           
|___|_______|_________________|________________|_______|_______|___________
 1
|___|_______|_________________|________________|_______|_______|___________
 ...
|___|_______|_________________|________________|_______|_______|___________
 жиынтығы    Депозиттер
             бойынша:
|___|_______|_________________|________________|_______|_______|___________
 жиынтығы    Депозиттік
             (банктік)
             сертификаттар
             бойынша
|___|_______|_________________|________________|_______|_______|___________
 Барлығы
     
 Төраға ___________________        Бас бухгалтер _______________    

 Мөр орны

     Мамандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.