1. Мыналар:
1) тiкелей өзi немесе оған бақылау жасайтын ұйым арқылы осы ұйымның дауыс беретiн акцияларының (қатысушылар салымдарының) он және одан да көп процентiн (егер осы ұйым ашық халықтық қоғам болып табылған жағдайда - дауыс беретiн акциялардың бес және одан да көп процентiн) иеленетiн, пайдаланатын, жұмсайтын немесе басқаратын кез келген тұлға;
2) оған қатысты осы ұйым еншiлес болып табылған немесе тәуелдi акционерлiк қоғам деп танылған кез келген заңды тұлға, егер осындай заңды тұлға осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып танылмаса;
3) дауыс беретiн акцияларының (қатысушылар салымдарының) он және одан да көп процентiн (егер осы ұйым ашық халықтық қоғам болып табылған жағдайда - дауыс беретiн акциялардың бес және одан да көп процентiн) тiкелей немесе бақылаушы ұйымдар арқылы осы ұйым иеленетiн, пайдаланатын жұмсайтын немесе басқаратын кез келген заңды тұлға;
4) осы ұйымға қатысты еншiлес ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам болып танылатын кез келген заңды ұйым, егер осындай заңды тұлға осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып табылмаса;
5) осы ұйыммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында тұрған кез келген, заңды тұлға;
6) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы ретiнде танылған кез келген өзге тұлға;
7) осы ұйымның кез келген басшы қызметкерi немесе осы тармақтың 1)-6) тармақшаларына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып танылған заңды тұлға;
8) осы ұйымның кез келген басшы қызметкерi немесе осы тармақтың 1), 6), 7) тармақшаларына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып танылған жеке тұлғамен жақын туыстық немесе жақындық қатынаста тұрған (ата-анасы, жұбайы, аға-iнiсi, ұлы, қызы, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) аға-iнiсi, апа-сiңлiсі, қарындасы, ата-анасы, ұлы немесе қызы) кез келген жеке тұлға;
9) осы ұйымның кез келген басшы қызметкерi немесе осы тармақтың 1),6)-7) тармақшаларына сәйкес осы ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып танылған жеке тұлғаның бақылауындағы кез келген заңды тұлға ұйымдардың аффилиирленген тұлғалары болып танылатындығы белгiленсiн.
2. Осы Қаулының мақсаты үшiн ұйым органдарының құрамына, өкiлеттiктерiне және құзырлығына және/немесе оның қызметiне ықпал жасау мүмкiндiгi, егер тек осындай бақылау жасау осы ұйымдағы лауазымды атқару нәтижесi болып табылмаса, ұйымға бақылау жасау болып танылатындығы белгiленсiн.
Егер Ұлттық комиссия жекелеген жағдайларда өзгеше белгiлемесе, тiкелей немесе олар бақылау жасайтын ұйымдар арқылы осы ұйымның дауыс беру құқығындағы акцияларының (қатысушылардың салымдарын) үштен бiрiнен көбiн иеленген кез келген тұлға ұйымды бақылаушы болып танылады.
3. Осы Қаулының мақсаты үшiн акциялар (қатысушының салымы) бойынша дауыс құқығын немесе "алтын акция" бойынша вето құқығын пайдалану акцияны басқару болып танылатындығы белгiленсiн.
4. Осы Қаулының мақсаты үшiн мыналар:
1) ұйымның бiрiншi басшысы (алқалы атқарушы органның басшысы
немесе ұйымның атқарушы органының қызметiн жеке дара жүзеге асырушы тұлға); 2) ұйымның қадағалаушы, атқарушы, бақылаушы не қолданылып жүрген заңдармен белгiленген өзге де органының мүшесi; 3) ұйымның тексерушiсi; 4) бiрiншi басшының орынбасары (егер ол ұйымның атқарушы органының мүшесi болып табылмаса); 5) ұйымның бас бухгалтерi немесе оның орынбасары (егер ол ұйымның атқарушы органының мүшесi болып табылмаса); 6) ұйымның филиалының немесе өкiлдiгінiң басшысы немесе бас бухгалтерi; 7) ұйымның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы (ұйымның атқарушы органына, оның бiрiншi басшысына немесе оның орынбасарына тікелей есеп беретiн) немесе оның орынбасары (егер ол ұйымның атқарушы органының мүшесi болып табылмаса) ұйымның басшы қызметкерлерi болып танылады. 5. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн. Ұлттық комиссияның Төрағасы Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.