Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нотариустарын аттестациядан өткiзу туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi 1997 жылғы 24 қарашадағы N 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 3 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 423. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 148 (V042881) бұйрығымен.

Күшін жойған

     "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 105-бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
     мемлекеттiк нотариустарды аттестациялау туралы ұсынылған Ереже бекiтiлсiн.
     Мемлекеттiк нотариустарды аттестациялау туралы 30.07.97ж. Ереженiң күшi жойылды деп танылсын.

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

 
      1. Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 105-бабына сәйкес мемлекеттiк нотариустар аттестациядан өтуге тиiс. 
      Мемлекеттiк нотариустарды аттестациядан өткiзу олардың бiлiктiлiк деңгейiн бағалау және осының негiзiнде олардың лауазымына сәйкестiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi. 
      2. Мемлекеттiк нотариустарды аттестациядан өткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы және аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиялары құрылады. 
      3. Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiткен Ереже негiзiнде қызмет етедi, орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы аймақтық аттестациядан өткiзу комиссияларының шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарайды, аттестациядан өткiзу басталған күннен бастап, бiр жыл iшiнде дәлелдi себептер бойынша аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясына аттестациядан өтеуге екiншi рет келмеген нотариустарды аттестациядан өткiзедi, сондай-ақ нотариустарды аттестациядан өткiзуге арналған сұрақтар тiзiмiн бекiтедi. 
      Аймақтық аттестациядан өткiзу комиссияларының мүшелерi болып табылатын мемлекеттiк нотариустарды (Нотариустар кеңестерiнiң төрағалары) аттестациядан өткiзу басталғанға дейiн аймақ аттестациядан өткiзу комиссиялары төрағаларынан тұратын комиссия осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде аттестациядан өткiзуге тиiс. 
      Нотариустарды аттестациялау сұрақтарының тiзiмi Әдiлет министрлiгiмен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалады. Сұрақтар тiзiмi Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясымен бекiтiледi және облыстық әдiлет басқармаларына аттестация басталғанға дейiн қырық бес күннен кешiктiрiлмей, жiберiледi. 
      Аттестация сұрақтарының тiзiмi облыстық әдiлет басқармалары мен аттестациялауға жататын барлық нотариустарға аттестация басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей, қолдарын қойдыра отырып тапсырылады. 
      4. Аймақтық комиссиялар тиiстi облыстардың, республикалық мәнi бар қалалардың және астананың мемлекеттiк нотариустарын аттестациядан өткiзудi жүргiзедi. 
      5. Нотариалдық қызмет стажына қарамастан аттестациядан өткiзу сәтiнде жоғары заң бiлiмi бар, жұмыс iстеп жүрген мемлекеттiк нотариустар аттестациядан өтеуге тиiс. 
      Нотариустарды (аймақтық аттестациялық комиссиялардың хатшыларын) негiзгi жұмыс орны бойынша аймақтық комиссиялар аттестациядан өткiзуге тиiс. 
      6. Жүктiлiгi, босануы және баланы күтуiне байланысты демалыста жүрген немесе баланы үш жасқа толғанша оны күту жөнiндегi еңбекақысыз қосымша демалыста жүрген әйелдер, сондай-ақ жыл сайынғы демалыста, қосымша демалыста, еңбек ақысын сақтаусыз демалыста жүрген және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша демалыста жүрген әйелдер жұмысқа шыққан соң аттестациядан өтуi тиiс. 
      Жүктiлiгi және босануы немесе баланы күтуiне байланысты демалыста жүрген нотариустардың мiндеттерiн орындаушы адамдар жоғарыда аталған адамдар жұмысқа шыққанға дейiн жұмыс жасай бередi, олар аймақтық комиссияларда аттестациядан өтуге тиiс. 
      7. Аттестациядан өтушiлерге арналған жадығаяттарды Орталық және аймақтық аттестациялық комиссияларға облыстық әдiлет басқармаларының бастықтары бередi. Аттестациядан өтушiлерге арналған жадығаттар аймақтық аттестациялық комиссияға аттестация басталар алдындағы бiр күннен кешiктiрмей берiледi. 
      8. Орталық және аймақтық аттестациядан өткiзу комиссияларында аттестациядан өткiзу мерзiмдерi әдiлет министрiмен анықталады. 
      9. Орталық аттестациядан өткiзу комиссияларының қызметiн ұйымдастыру - техникалық қамтамасыз ету Әдiлет министрлiгiне, ал аймақтық аттестациялық комиссиялардың қызметiн қамтамасыз ету әдiлет басқармаларына жүктеледi.

II. Аттестацияны дайындау және өткiзу тәртiбi

      10. Аттестациядан өтуге тиiс нотариусқа арнап мыналар ұсынылады: 
      1) әдiлет басқармасы бастығының ұсынуы; 
      2) аттестациядан өтушiнiң кәсiптiк, iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерi көрсетiлген қызметтiк мiнездемесi; 
      3) бiлiмi жөнiндегi дипломының нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 
      4) аттестациядан өтушiнiң өз қолымен жазған өмiрбаяны; 
      5) әдiлет басқармасы кадр бөлiмiнiң бастығы куәландырған көлемi 3х4 фотосуретi бар аттестациядан өтушiнiң жеке қағазы. 
      Берiлген материалдарға аттестациядан өтушiнiң нотариалдық әрекеттерiне қатысты соттардың бар қаулыларының көшiрмелерi, соңғы екi жыл iшiндегi мадақтаулар мен тәртiптiк жазалар туралы бұйрықтардың көшiрмелерi, әдiлет басқармасы алқасы қаулыларының көшiрмелерi, аттестациядан өтушiнiң кәсiптiк қызметiн 1995-97 жылдар арасында тексеру нәтижелерi жөнiндегi анықтамалардың көшiрмелерi, соңғы екi жыл iшiнде аттестациядан өтушiнiң үстiнен берiлген шағымдар туралы мәлiметтер және олар бойынша әдiлет органдары қабылдаған шешiмдердiң көшiрмелерi қоса берiлуге тиiс. 
      Аттестациядан өтуге тиiс нотариус берiлетiн мiнездемемен немесе материалдармен аттестациядан өткiзу басталар алдындағы жетi күннен, сондай-ақ аттестацияның басталуы мен өткiзiлетiн орны туралы оның басталарына дейiнгi үш күннен кешiктiрмей қол қойып танысу қажет. 
      11. Аймақтық аттестациялық комиссия осы Ереженiң 10-тармағымен көзделген талаптарын орындамаған жағдайда аттестациялық емтиханды тапсыруға нотариусты жiберуден бас тарту туралы жазбаша шешiм қабылдайды. 
      12. Аттестациядан өткiзу аттестациядан өтушiнiң қалауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. 
      13. Компьютерлiк аттестациялық емтихан тапсыру барысында аттестация өткiзуге арналған сұрақтар тiзiмiне енгiзiлген 100 сұрақтың 65-не дұрыс жауап берген нотариус аттестациядан өткен болып есептеледi. 
      Аттестациядан өткiзуге арналған сұрақтар тiзiмiн енгiзiлген 100 сұрақтың 55-нен бастап 65-не дейiн дұрыс жауап берген нотариусқа аттестациядан өткiзу комиссиясының мүшелерi қосымша ауызша сұрақтар қоя алады. 
      Бұл жағдайда аттестациядан өткiзу немесе аттестациядан өткiзбеу туралы шешiм қосымша сұрақтарға берiлген жауаптар нәтижесiн ескере отырып қабылданады. 
      14. Аймақтық аттестациядан өткiзу комиссияларының мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң кемiнде төрттен үшi қатысқанда заңды болады. 
      Комиссия мәжiлiсiнде хаттама жүргiзiледi. Хаттамада мыналар көрсетiлуге тиiс: 
      мәжiлiстiң өту уақыты мен орны, комиссия құрамы, аттестациядан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы, емтихан нәтижелерi, аттестациядан өтушiге қойылған қосымша сұрақтар, сондай-ақ комиссия қабылдаған шешiм. 
      Комиссия шешiмi оның мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсiнен құралатын қарапайым көпшiлiк даусымен аттестациядан өтушiнiң қатысуынсыз қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешушi болады. 
      Мәжiлiс шешiмiне және хаттамасына оның барлық мүшелерi қол қояды. 
      Аттестациядан өтушiнi аттестациядан өткiзу нәтижелерi дәл сол күнде хабарланады. Комиссия шешiмi аттестациядан өтушiге оның өтiнiшi бойынша берiле алады. 
      15. Аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмi хаттамадан бөлек ресiмделедi және онда комиссияның аттестациядан өтушi үмiткер жөнiндегi және мынадай қорытындысы болады: 
      - аттестациядан өттi; 
      - аттестациядан өткен жоқ. 
      Аттестациядан өткiзу басталған күннен бастап алты ай iшiнде нотариус дәлелсiз себептермен немесе белгiсiз себептермен қайтадан келмеген жағдайда аймақтық аттестация өткiзу комиссиясы "Аттестацияға келмеуiне байланысты аттестациядан өткен жоқ" деген шешiм қабылдайды. 
      16. Аймақтық аттестация өткiзу комиссиясының нотариустың аттестациядан өтпегендiгi туралы шешiмiн аттестациядан өткен адам комиссия шешiмiнiң көшiрмесiн алған күннен бастап, он күн iшiнде Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясына шағымдай алады. 
      17. Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмдерi үзiлдi-кесiлдi шешiм болып табылады. 
      18. Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 105-бабының 2-тармағына сәйкес аттестациядан өтуге жiберiлмеген, сондай-ақ аттестациялық комиссиялар аттестациядан өткiзбеген мемлекеттiк нотариустар республиканың қолданылып жүрген еңбек туралы заңдарына сәйкес лауазымдарынан босатылады.
     19. Аймақтық және орталық аттестациядан өткiзу комиссияларының 
нотариустардың аттестациядан өтуi туралы шешiмдерi олар қабылданған күннен бастап он күн iшiнде, аттестациядан өткен мемлекеттiк нотариустарды қайта тағайындау туралы немесе аттестациядан өтпеген нотариустарды қызметтерiнен босату туралы бұйрық шығару үшiн облыстық әдiлет басқармаларына жiберiледi.

Аймақтық аттестациялық комиссияның
ШЕШIМI

     Сынақтан өтушiнiң аты-жөнi____________________________________
     Сынақтан өтушiнiң қызметi ____________________________________
     Бiлiмi________________________________________________________
     Мамандығы ____________________________________________________
     Жалпы стажы___________________________________________________
     Нотариалдық қызмет стажы _____________________________________
     Комиссия шешiмiнiң мазмұны ___________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Комиссия төрағасы:                     ________________
                                                (қолы)
     Комиссия хатшысы:                      ________________
                                                (қолы)
     Комиссия мүшелерi:                     ________________
                                                (қолы)
                                            ________________
     Аттестация күнi:   " "____________ 199  ж._____________

     Комиссия шешiмiмен таныстым:  __________________________
                                   (сынақтан өтушiнiң қолы)

     Комиссия шешiмi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне
жiберiлдi                            _______________
                                          күнi