БҚҰК 1997 жылғы 30 шілдедегі N 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қаулысы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 11 қараша N 191 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 71

      Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 318 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге кастодиандық қызметті жүргізуге келісім беру және олардың мемлекеттік емес зейнетақы жинақтау қорларының жарғылық капиталына және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға қатысу шарттары туралы ережеге сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етеді:
      1. БҚҰК 1997 жылғы 30 шілдедегі N 113 V970361_ қаулысына мынадай

өзгерістер енгізілсін:
     - 1-тармақтағы "1250000 есепті көрсеткіш" деген сөздер "1 миллиард 
теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
     - 3-тармақтағы "1997 жылдың 1 қарашасына дейін" деген сөздер "1998 
жылдың 1 мамырына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген 
сәттен бастап күшіне енеді.
     3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Рынокты реттеу 
басқармасына және Ұлттық комиссияның жетекшілік ететін мүшесіне жүктелсін.
     
     Төраға