"Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1996 жылғы 20 желтоқсан N 156 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 28 ақпанда N 263 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      1. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" Ереже бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы Ереженi бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
      3. Талдау-сараптау басқармасы осы Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiткеннен кейiн жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
      5. Осы Ереженiң орындалысына бақылау жасау Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу және бақылау басқармасына және осы Басқармаға жетекшiлiк ететiн БҚҰК мүшесiне жүктелсiн.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
                                       Қазақстан Республикасының

Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы "__"_________ N 156 Қаулысымен бекiтiлдi


                  Облигациялар шығарылымын тiркеу және
                           өтеу тәртiбi туралы
                                 ЕРЕЖЕ

                           I тарау. Жалпы ережелер

      1. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы" Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" заң күшi бар Жарлығына сәйкес жасалды.
      2. Осы Ереже мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы заңды тұлғалардың

облигациялар шығару және оны Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 
жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрi - БҚҰК) тiркеу тәртiбiн 
белгiлейдi.
     3. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары Қазақстан 
Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес облигациялардың әр 
түрлi түрлерiн эмиссиялауға құқықты.
     4. 
<*>

     Ескерту: 4-тармақ алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі    
              Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 84         
              қаулысымен.  

V001262_

 
     
     5. Құқықтарды растау тәсiлi бойынша облигациялар атаулы болу керек.
     6. Қатарына мыналар жатқызылған эмитенттiң активтерi облигация 
шығарылымын қамтамасыз ететiндер болып табылады:
     - жылжымайтын мүлiктер;
     - эмитентке тиесiлi бағалы қағаздар;
     - ақша қаражаттары;
     - жылжымалы мүлiктер.


      Облигацияны өтеу мерзiмi аяқталғанша оның шығарылымын қамтамасыз ететiн мүлiктi үшiншi тұлғаларға иеленуге тыйым салынады.
      Материалдық емес активтер облигация шығарылымын қамтамасыз етуге қызмет ете алмайды.
      7. Облигация шығару шарттары эмитенттiң өз акцияларына ауыстыру арқылы шығарылымды өтеу мүмкiндiгiн жобалай алады.
      8. Облигация шығару шарттары өзгертiлгенде облигацияларды олар

бойынша тиiстi проценттердi төлей отырып мерзiмiнен бұрын өтеуге 
облигацияның меншiк иелерiнiң құқығы бар.
     9. Облигация шығару шарттары өзгертiлгенде Облигация шығару
шарттарында айқындалған баспа органында бұл туралы хабар жариялауға
эмитент мiндеттi.
     10. Облигацияның меншiк иесiнiң мүлiктiк құқықтарын, сондай-ақ
облигация шығару және өтеу тәртiбiн эмитент Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына және осы Ережеге сәйкес айқындайды.
     11. Облигацияның атаулы құны Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен де және шетелдiк валютамен де белгiлене алады және бiр 
эмиссияның барлық облигациялары үшiн бiрыңғай болу керек.
<*>

     Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар       
              жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
              N 84 қаулысымен.  

V001262_

 
     
     12. 
<*>

     Ескерту: 12-тармақ алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі   
               Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 84        
               қаулысымен.  

V001262_

 
     
     13. Бөлiнiп берiлетiн пайданы және кәсiпорын таратылған кезде
оның активтерiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына
сәйкес иеленуге облигацияның меншiк иелерiнiң құқығы бар.
     14. Облигациялар бойынша проценттер эмитенттiң қаржы жағдайына
қарамастан шығару шарттарымен белгiленген мерзiмдерде төлену керек.
     15. Материалдық нысанда шығарылған облигацияның мынадай
реквизиттерi болу керек:
     алдыңғы жағында:
     - бағалы қағаздың атауы -"облигация";
     - бағалы қағаздың түрi -"атаулы";
     - эмитенттiң фирмалық атауы, заңды мекенi және банктiк
реквизиттерi;
     - осы шығарылымның БҚҰК мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi;
     - осы шығарылым облигациясының БҚҰК беретiн ұлттық
идентификациялық нөмiрi;
     - облигацияның осы шығарылымның жалпы көлемi;


      - облигацияның нақтылы құны, облигация бойынша төленетiн

проценттердiң мөлшерi және/немесе, өзге мүлiктi құқықтар, егер бұл
көзделген болса;
     - облигацияның сериясы мен нөмiрi, уәкiлеттi тұлғалардың қолдары
және эмитенттiң мөрi.
     сыртқы жағында:
     - атаулы облигациялар үшiн - фирмалық атауы және заңды
тұлға-меншiк иесiнiң орналасқан жерi немесе жеке тұлға-меншiк иесiнiң
аты-жөнi мен төлқұжат мәлiметтерi;
     - тираждар, ұтыс ойындарын жүргiзу шарттары (егер бұл көзделген
болса);
     - өтеу шарттары.
     Облигацияға негiзгi бөлiгiнен басқа, проценттер төлеуге арналған
купондық парақ қоса тiркелуi мүмкiн.
     Проценттер төлеуге арналған купонның мынадай реквизиттерi болу
керек:
     - купонның реттiк нөмiрi;
     - облигацияның нөмiрi мен сериясы;
     - эмитенттiң аты;
     - проценттер төлеу мерзiмдiлiгi;
     - уәкiлеттi тұлғалардың қолдары мен эмитенттiң мөрi.

                 2 тарау. Облигация шығарылымы

     16. Облигация шығарылымы туралы шешiм Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарында, эмитенттiң жарғысында көзделген
тәртiппен қабылданады және эмитенттiң жоғары басқару органының
шешiмiмен ресiмделедi.
     17. Облигация шығарылымы материалдық және материалдық емес
нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн.
     18. Облигациялар олардың меншiк иелерiне эмитент iстерiн
басқаруға қатысуға құқықтар бермейдi.
     19. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттар Шығарылым
шарттарында эмитент айқындаған мақсаттарға жұмсалады.

               3 тарау. Облигация шығарылымын тiркеу



      20. Облигация шығарылымын тiркеу үшiн, оның көлемiне қарамастан осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес құжаттарды және N 2 қосымшасына сәйкес Облигация шығару шарттарын БҚҰК ұсыну керек.
      21. Бұрынғы облигация шығарылымдары бойынша барлық мiндеттемелер орындалып болғанша және облигацияларды өтеу жөнiндегi есептi БҚҰК бекiткенше эмитентке облигацияның жаңа шығарылымына тыйым салынады.
      21-1. Осы Ереженің 21-тармағының күші мынадай жағдайларға қолданылмайды:
      1) егер облигациялардың жаңа шығарылымы жылжымайтын мүліктің ипотекасымен қамтамасыз етілсе (егер осы облигациялар ипотекалық болып табылса);
      2) егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Ұлттық комиссияның шешімін қабылдау сәтіне олардың эмитентінде олардың бұрын шығарған облигацияларын өтеу жөніндегі және/немесе олар бойынша сыйақы (мүдде) төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындалмау, толық немесе уақытында орындалмау жағдайлары болмаса;
      егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Ұлттық комиссияның шешімін қабылдау сәтіне олардың эмитентінде "В-дан" ("Standart & Рооr's", "Moody's" немесе "Fitch" жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді қамтамасыз етілмеген шетелдік валютадағы кредиттік рейтингтік бағалау бар болса;
      егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғының жағдайы бойынша левераж (міндеттемелердің мөлшерлерінің және олардың эмитентінің бухгалтерлік есеп жүргізу туралы заңдарға сәйкес есептелген өз капиталының арасындағы ара қатынас) 1,0-ден аспаса және осы облигациялар шығарылымын толық орналастыру нәтижесінде аталған өлшемнен аспайтын болса (осы Ереженің 21-2-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескерумен). <*>
      Ескерту: 21-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 21 желтоқсандағы
               N 92 қаулысымен. V001342_

      21-2. Екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін олардың сақтаулары кезінде оларға облигациялардың бұрынғы шығарылымдарын өтеу туралы есептерді бекіткенге дейін облигациялардың жаңа шығарылымдарын жүзеге асыруға рұқсат етілетін левераждың шекті рұқсат етілген мәні ретінде өз капиталының жеткіліктілік коэффициентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік мәні қолданылады. <*>
      Ескерту: 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар
               жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 21 желтоқсандағы
               N 92 қаулысымен. V001342_

      22. Эмитент облигацияның кейiнгi эмиссияларын тiркеген жағдайда, жарғы мен құрылтай шартынан (немесе оны ауыстыратын құжаттан) басқа, осы Ереженiң N 1а қосымшасында көрсетiлген құжаттарды, егер бұл құжаттарға өзгерiстер енгiзiлмесе, ұсыну қажет.
      Сондай-ақ, облигациялардың бұрынғы эмиссияларын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң көшiрмелерiн және оларды өтеу туралы БҚҰК бекiткен есептердi ұсыну керек.
      23. Облигация шығарылымдарын тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттардағы мәлiметтердiң нақтылы үшiн БҚҰК жауап бермейдi.
      24. Облигация эмиссиясын тiркеу кезiнде БҚҰК эмитенттiң қызметiне, құрылу ерекшелiктерiне, сондай-ақ облигацияның болашақтағы шығарылымын қамтамасыз етуге қатысты қосымша құжаттамаларды эмитенттен талап етуге құқықты.
      25. Облигация шығарылымын тiркеуден бас тартқан және тiркеуге құжаттарды қайтадан ұсынған жағдайда, қарау мерзiмiн есептеу жаңарады.
      26. Облигациялар ауыстырылған немесе оларды айналыстан алып қойған жағдайда тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап 10 күн iшiнде эмитент БҚҰК-на мынадай құжаттарды ұсыну керек:
      - енгiзiлген өзгерiстердiң себептерi көрсетiлген өтiнiш;
      - акционерлердiң жалпы жиналысының облигацияларды ауыстыру, алып қою және жою тәртiбi көрсетiлген хаттамасы;
      - жаңа облигациялардың үлгiлерi;
      - баспа органында жарияланған хабардың ксерокөшiрмесi;
      - облигация шығару шарттарына жасалған өзгерiстер.
      Облигацияларды ауыстыру немесе оларды айналыстан алып қою туралы тиiстi рұқсатты алғаннан кейiн эмитент 30 күн iшiнде БҚҰК материалдық нысанда шығарылған облигацияларды жою туралы актiнi ұсынуға мiндеттi.
      27. Облигация шығарылымын тiркеу туралы БҚҰК ұсынылған құжаттарға қол қойған эмитенттiң лауазымды тұлғасы осы құжаттар мазмұнындағы мәлiметтердiң анықтылығы үшiн, сондай-ақ облигациялар шығару, орналастыру және өтеу ережелерiн сақтау үшiн заңмен белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      28. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заң және осы Ереже талаптарына сәйкес келсе эмитентке осы Ереженiң N 3 қосымшасына сәйкес облигация шығарылымын тiркеу туралы мемлекеттiк куәлiк берiледi.
      29. Эмитентке аталған куәлiкпен қатар Айналысқа облигациялар

шығару шарттарының БҚҰК атқарушы аппаратының штампымен расталған,
тiркеу нөмiрi берiлген данасы қайтарылады.
     30. Облигация шығарылымы тiркелгеннен кейiн эмитент:
     - материалдық нысанда шығарылған жағдайда облигациялардың
шығарылуын қамтамасыз етуге;
     - облигациялар шығарылымының шарттары, орналастыру және өтеу
туралы ақпараттық хабардың мәтiнiн БҚҰК келiсуге мiндеттi.
     31. Жарияланған хабар облигацияларды айналысқа шығару шарттарына
сәйкес келмеген жағдайда БҚҰК сәйкессiздiк жойылғанша облигация
шығаруды кiдiртуге құқықты.
     32. Эмиссияны мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғанша бұқаралық
ақпарат құралдарына облигация шығару шарттарын жарнамалауға тыйым
салынады.

                  4 тарау. Облигация айналысы

     33. Айналысқа шығарылған атаулы облигациялар жөнiндегi
құқықтардың қозғалысына есеп жүргiзу облигация ұстаушылар тiзiлiмiне
тiркеу арқылы жүзеге асырылады.
     34. Тiзiлiм жүргiзудi облигация шығарылымының нысанына, тәсiлiне
және көлемiне қарамастан эмитентпен жасасқан шарт негiзiнде тәуелсiз
тiркеушi жүзеге асырады.
     35. Материалдық түрде шығарылған атаулы облигацияның меншiк иесi
өзгергенде, бұрынғы меншiк иесiнiң облигациясы жойылады және эмитент
жаңа меншiк иесiне оның атына жазылған облигацияны бередi.

       5 тарау. Облигацияны тiркеуден бас тарту, айналысын кiдiрту
                    және шығарылымды болмаған деп тану

     36. БҚҰК мынадай жағдайларда облигация шығарылымын тiркеуден бас
тартуға құқықты:


      - облигация шығарылымын тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келмесе;
      - облигация шығарылымы туралы мазмұнында жалған және үстiрт мәлiметтер бар ақпараттар берiлсе;
      - осы Ереженiң талаптары бұзылса.
      37. БҚҰК облигацияларды орналастыруды және айналысын мынадай жағдайларды кiдiртуге құқықты:
      - айналысқа облигациялар шығару шарттары бұзылса;
      - облигациялар айналысы барысында шығарылым шарттарын елеулi түрде өзгертетiн және инвесторларға қосымша хабарлауды талап ететiн жаңа ақпарат келiп түссе;
      - нақты орналастыру облигация эмиссиясының тiркелген көлемiнен асып кетсе.
      38. Облигация эмиссиясын кiдiрту үшiн негiз болған жолсыздықтарды жою жөнiндегi талаптарды эмитент орындамаған жағдайда БҚҰК облигация эмиссиясын болмаған деп тануға құқықты.
      39. Осы Ереженiң 6-тарауының 49-тармағында белгiленген мерзiмде облигация шығарылымы толық орналастырылмаған жағдайда БҚҰК облигация эмиссиясын болмаған деп тануға құқықты.
      40. Облигация эмиссиясы болмаған деп танылған жағдайда осы шығарылымның облигациялары эмитентке қайтарылуға жатады және жойылады, ал эмитенттiң орналастырудан алған қаражаттары инвесторларға қайтарылады.
      41. Дау туындағанда БҚҰК эмитент алған қаражаттарды мәжбүр етiп қайтару туралы талаппен сот органдарына жүгiнуге құқықты.
      42. БҚҰК облигация эмиссиясын болмаған деп тану туралы шешiмi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
      43. Облигация айналысын кiдiртудi және эмиссияны болмаған деп тануды БҚҰК эмитентке жазбаша нысанда жеткiзедi және эмитент БҚҰК жазбаша ескертпесiн алған сәттен бастап 7 күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды.
      44. Осы Ережеде көрсетiлмеген негiздер бойынша шығарылымды тiркеуден бас тартуға және оны кiдiртуге, сондай-ақ облигация эмиссиясын болмаған деп тануға жол берiлмейдi.

              6 тарау. Облигацияларды орналастыру және өтеу

      45. Облигацияларды орналастыру мерзiмi шығарылымды мемлекеттiк тiркеген күннен бастап 7 айдан тұрады.
      46. Облигацияларды өтеудi және осы шығарылым бойынша мiндеттемелердi орындауды эмитент айналысқа облигацияларды шығару шарттарымен белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырады.
      47. Облигацияларды орналастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн эмитент бiр ай iшiнде осы Ереженiң N 4 қосымшасына сәйкес облигация шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту үшiн БҚҰК ұсынуға мiндеттi.
      48. Шығарылымның тiркелген көлемi толық орналастырылмаған жағдайда эмитент БҚҰК осы Ереженiң N 16 қосымшасына сәйкес құжаттар жиынтығын ұсына отырып, нақты тартылған заем капиталының мөлшерiне шығарылымды қайта тiркеуге мiндеттi.
      49. Облигацияларды өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн эмитент бiр ай iшiнде осы Ереженiң N 5 қосымшасына сәйкес облигация шығарылымын өтеу қорытындылары туралы есептi бекiту үшiн БҚҰК ұсынуға мiндеттi.
      50. Облигация шығарылымын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi бекiту жазбаша ескертпемен ресiмделедi және есептi БҚҰК ұсынған күннен бастап 14 күн iшiнде эмитентке жiбередi. Егер есептi ұсынған күннен кейiнгi келесi күннен бастап 14 күн iшiнде оны қарау нәтижелерi туралы БҚҰК хабарламаса, онда ұсынылған есеп бекiтiлген болып саналады.
      51. Эмитент қайта ұйымдастырылған жағдайда оның облигацияларды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан құқықтық мұрагерге өтедi.
      52. Облигацияларды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепке қол қойған лауазымды тұлғалар оның мазмұнындағы мәлiметтердiң анықтылығы үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.
                                     "Облигациялар шығарылымын

тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" N 1а қосымша


                   Облигациялар эмиссиясын тiркеу кезiнде
                 Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
                  жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсынылатын
                             құжаттардың тiзбесi

      Облигациялар эмиссиясын тiркеу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1. Эмиссия сомасы мен құрылымы, шығарылатын облигациялардың түрi, эмиссия нөмiрi, шаруашылық субъектiсiнiң түрi, эмиссияны жүзеге асыру мақсаттары көрсетiлiп еркiн нысанда жазылған және лауазымды тұлғасы қол қойған эмитенттiң өтiнiшi.
      2. Эмитенттiң жоғары басқару органының облигация шығарылымы туралы шешiм қабылданған, шығарылатын облигациялардың нысаны, түрi және үлгiсi көрсетiлiп заң талаптарына сәйкес жасалған хаттамасы немесе хаттамадан үзiндi-көшiрме.
      3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      4. Барлық өзгерiстерi мен толықтыруларымен мемлекеттiк тiркеу органдарында тiркелген, тiгiлген және нотариалды жолмен расталған жарғының көшiрмесi.
      5. Өзгерiстерi мен толықтыруларымен бiрге құрылтай шартының нотариалды жолмен куәландырылған көшiрмесi (ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдардан басқа).
      6. Шығарылымның материалдық нысаны кезiнде - мазмұнында осы Ереженiң талаптарына сәйкес қажеттi реквизиттерi бар облигациялардың үлгiсi, екi дана.
      7. Бiрiншi басшы, бас бухгалтер және тексеру комиссиясының төрағасы қол қойған, эмитенттiң мөрiмен куәландырылған, N 2 қосымшаға сәйкес жасалған және облигация шығарылымының қамтамасыз етiлуi жөнiндегi аудиторлық қорытындымен расталған бухгалтерлiк баланстармен бiрге тiгiлген Айналысқа облигациялар шығару шарттарының екi данасы.
      7-1. Егер эмитент ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында облигацияларды орналастыруды және/немесе айналысын жобаланған жағдайда - сауда-саттық ұйымдастырушының осы облигацияларды осы сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiндегi айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне енгiзу мүмкiндiгi туралы қорытындысы (листингтiң осы облигациялар сәйкес келетiн санатын көрсетумен). <*>
      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі
               Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 98
               қаулысымен. V011394_

      8. Бағалы қағаздармен жасалған операцияларға төленген салық туралы төлем құжатының көшiрмесi. Төлем құжатында бағалы қағаздар-облигациялар эмиссиясымен жасалған операцияларға салық төлегендiк туралы мiндеттi түрде көрсетiлу керек.
      9. Бағалы қағаздардың бұрынғы шығарылымдарын тiркеу туралы куәлiктердiң және орналастыру туралы БҚҰК бекiткен есептердiң көшiрмелерi.
      10. Банктiк операцияларды жүзеге асыратын банктер және банктiк емес қаржы мекемелерi үшiн облигация эмиссиясын тiркеу кезiнде БҚҰК-на Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сараптау қорытындысын ұсыну қажет.
                                     "Облигациялар шығарылымын

тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" N 1б қосымша


              Облигациялар шығарылымын тiркеу кезiнде Қазақстан
              Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
                 комиссиясына ұсынылатын құжаттардың тiзбесi

      Облигациялар шығарылымын қайта тiркеу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1. Заем капиталының нақты тартылған көлемi көрсетiле отырып, еркiн нысанда жазылған және лауазымды тұлғалары қол қойған эмитенттiң өтiнiші.
      2. Айналысқа облигациялар шығару шарттарындағы өзгерiстер.
      3. Айналысқа облигациялар шығару шарттарына енгiзiлген өзгерiстердi бекiту туралы қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы.
      4. Осы шығарылымды тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы және БҚҰК белгiсi қойылған айналысқа облигациялар шығару шарттары.
      5. Банктiк операцияларды жүзеге асыратын банктер және банктiк емес қаржы мекемелерi үшiн облигация эмиссиясын қайта тiркеу кезiнде БҚҰК Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сараптау қорытындысын ұсыну қажет.
      6. Шығарылым шарттарының өзгерiсi туралы баспа органында жарияланған хабарландырудың ксерокөшiрмесi.
                                     "Облигациялар шығарылымын

тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" N 2 қосымша G960263a а


             Айналысқа облигациялар шығару шарттары

      I. Эмитент туралы мәлiметтер
      1. Эмитенттiң толық және қысқаша атауы.
      2. Эмитенттiң ұйымдық-құқықтық нысаны.
      3. Орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi: пошталық толық

атауы, қызмет көрсететiн банктiң аты және оның орналасқан жерi,
банктiң коды және ФАА.
     4. Тiркеушi органның атауы және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк
тiркеу датасы.
     5. Шаруашылық субъектiсiнiң мемлекеттiк тiзiлiм бойынша нөмiрi.
     6. Қызметiнiң негiзгi түрлерi.
     7. Эмитенттiң негiзгi қаражаттарының қысқаша сипаты:
     - Мысалы: үй, ғимарат, көлiк құралдары, станоктар және
құрал-жабдықтар және т.б.;
     - Соңғы рет қайта бағалаудың датасы. Негiзгi қаражаттың әрбiр
түрi бойынша құны (бухгалтерлiк баланстың мәлiметi бойынша).
     8. Жер учаскесiнiң мөлшерi.
     9. Жарғы бойынша Резерв қорының мөлшерi (процентпен), Облигация
шығарылымы туралы шешiм қабылданған датаға Резерв қорының нақты 
мөлшерi. 
     10. Салықтар төлеу жөнiндегi мерзiмi өтiп кеткен қарыздардың 
облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылдау сәтiне мөлшерi. Салықтың
түрi. Қарыздың сомасы.
     11. Бағалы қағаздардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәлiметтер:
     а) түрлерi;
     ә) шығарылымдардың даталары;
     б) шығарылымдарды мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер;
     в) акциялар эмиссиялары бойынша есептердi және облигациялардың
бұрынғы шығарылымдарын өтеу қорытындылары туралы есептердi бекiту
даталары;
     г) шығарылымдардың көлемдерi.

     II. Эмитенттiң қаржылық күй-жайы туралы мәлiметтер

     12. Эмитенттiң қаржылық күй-жайын растайтын құжаттарға мыналар
жатады:


      Салық инспекциясының белгiсi қойылған соңғы үш қаржы жылдарының бухгалтерлiк балансы (ЕҚЖЖ бойынша N 1-үлгi) және балансқа қосымша (ЕҚЖЖ бойынша N 2 және N 3-үлгiлер).
      Соңғы есептi кезең жағдайы бойынша бухгалтерлiк баланстар және бухгалтерлiк балансқа қосымшалар.
      Облигациялар шығарылымы туралы шешiмдi қабылдау датасы мен

құжаттарды тiркеуге ұсыну датасы арасындағы кезең үш айдан аспау
керек.
     13. Аудиторлық қорытынды тексерiс жүргiзген аудитордың қолымен
және жеке мөрiмен, сондай-ақ кәсiпорын басшысы мен бас бухгалтерiнiң
қолдарымен куәландырылады. Егер аудит мамандандырылған аудиторлық
фирманың атынан жүргiзiлсе, актiнi фирманың мөрiмен куәландыру керек.
     Аудиторлық қорытындының мазмұнында облигация шығарылымын
қамтамасыз ететiн қаражаттар көрсетiлген мәлiметтер болу керек.

     III. Келешектегi облигация шығарылымы туралы мәлiметтер

     14. Облигация шығарылымы туралы жалпы мәлiметтер:
     а) шығарылымның жалпы көлемi және облигацияның нақтылы құны;
     ә) шығарылатын облигациялардың түрлерi;
     б) шығарылатын облигациялардың жалпы саны;
     в) айналыс мерзiмi;
     г) облигациялар бойынша мiндеттемелердiң орындалысын қамтамасыз
ету тәсiлдерi;
     ғ) орналастыру мерзiмi.
     д-1) эмитенттiң облигацияларды листингтiң осы облигациялар сәйкес 
келетiн санатын көрсете отырып сауда-саттық ұйымдастырушының сауда 
жүйесiндегi айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне 
енгiзу бастамасы жөнiндегі ниетi туралы мәлiмет;
<*>

     Ескерту: д-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі    
              Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 98         
              қаулысымен.  

V011394_

 .
      
     15. Шығарылымды өтеу тәртiбi туралы мәлiметтер:
     а) проценттердi төлеу мерзiмдерi;
     ә) ұтыс тираждарын өткiзу шарттары (егер бұл қарастырылса);
     б) өтеу шарттары.
     16. Эмитенттiң мiндеттемелерiн орындайтын орын.
     17. Облигация шығару арқылы жұмылдырылатын қаражаттарды пайдалану 
бағыттары мен тәртiбi:
     - жаңа өндiрiстi ұйымдастыру (нақты қайсы екенiн атаңыз);
     - жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi кеңейту, түрлендiру немесе қайта
құру (қайта құрылатын өндiрiстiк бөлiмшелердi атаңыз);
     - жаңа технология жасау және игеру;
     - басқасы.


      18. Облигациялық заем бағдарламасын енгiзу кезiнде жұмсалған қаражаттардың есебi және жобаланған пайданың есебi.
      19. Топтар бойынша тәуекел факторларын талдау:
      - экономикалық (мысалы: эмитент қызметi жүйесiнiң инфляцияға ұшырауы, кәсiпорынның айналыс қаражаттарын құруға банктiк проценттiң әсерi және т.б.);
      - бәсекелер әсерi (мысалы: саладағы аса төмен бағалармен ұқсас өнiмдер шығаратын кәсiпорындар және т.б.);
      - техникалық (мысалы: құрал-саймандар бөлшектерiнiң тозуы және т.б.);
      - экологиялық (мысалы: экологиялық нормативтердiң бұзылуынан кәсiпорынның жабылу мүмкiндiгi).
                                     "Облигациялар шығарылымын

тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" N 3 қосымша


                   Облигация шығарылымын мемлекеттiк

                            тiркеу туралы
                               КУӘЛIК

     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясы ____________________________________________________
                    (тiркеушi органның орналасқан жерi)
тiркелген ____________________________________________________
                     (толық атауы және заңды мекенi)
мынадай бағалы қағаздардың __________________ шығарылымына рұқсат
                            (эмиссия нөмiрi)
етедi:
     облигация түрi    саны    номиналы    сомасы    ҰИН
     ______________    ____    ________    ______    ___
жарғылық қоры ________ теңге болғанда, жалпы сомасы _______ теңгеге.
     Облигацияның эмиссиясы _________ нысанда жүзеге асырылады.
     Облигацияның эмиссиясы Мемлекеттiк тiзiлiмге N _____ енгiзiлдi.

     Ұлттық комиссияның Төрағасы     __________________
                                            (қолы)


                                     "Облигациялар шығарылымын

тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" N 4 қосымша G960263c с


            Облигация шығарылымын орналастыру қорытындылары

                        туралы бiрыңғай есеп
     1. Эмитенттiң толық және қысқаша атауы ________________________
                                            (шаруашылық субъектiсiнiң
____________________________________________________________________
     түрiн және үлгiсiн, орналасқан жерiн, қашан, кiм және қайда
____________________________________________________________________
                     тiркелгенiн көрсету керек)
     2. Пошталық (заңды) мекенi ____________________________________
     3. Облигация шығарылымын мемлекеттiк тiркеу датасы мен нөмiрi__
     Эмиссияның мөлшерi мен құрылымы _______________________________
                                          (жалпы сомасы, түрлерi,
____________________________________________________________________
             үлгiлерi және номиналдары бойынша саны)
     4. Шығарылым нысаны____________________________________________
                           (материалдық немесе материалдық емес)
     Егер эмиссия материалдық нысанда орналастырылса, онда
облигацияны дайындауға тапсырысты кiм орындағанын көрсету керек.
     5. Облигацияның осы шығарылымының тiзiлiм ұстаушысының атауы
____________________________________________________________________
     6. Облигация шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған
баспа органының атауы және жариялау датасы__________________________
     7. Облигацияны орналастырудың басталуы _________________________
және облигацияны орналастырудың аяқталуы ___________________________
     8. Облигацияларды төлеу _____________ сомада ақша қаражаттарын
енгiзу арқылы жүргiзiлдi.
     9. Облигация шығарылымының орналастырылмаған көлемi____________

                                Президент __________________________
         М.О.                   Бас бухгалтер_______________________
                                Тексеру комиссиясының төрағасы _____



                                     "Облигациялар шығарылымын

тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" N 5 қосымша G960263d d


            Облигация шығарылымын өтеу қорытындылары

                        туралы бiрыңғай есеп

     1. Эмитенттiң толық және қысқаша атауы ________________________
                                            (шаруашылық субъектiсiнiң
____________________________________________________________________
     түрiн және үлгiсiн, орналасқан жерiн, қашан, кiм және қайда
____________________________________________________________________
                     тiркелгенiн көрсету керек)
     2. Пошталық (заңды) мекенi ____________________________________
     3. Облигация шығарылымын мемлекеттiк тiркеу датасы мен нөмiрi__
     Эмиссияның мөлшерi мен құрылымы _______________________________
                                          (жалпы сомасы, түрлерi,
____________________________________________________________________
             үлгiлерi және номиналдары бойынша саны)
     4. Шығарылым нысаны____________________________________________
                           (материалдық немесе материалдық емес)
     Егер эмиссия материалдық нысанда орналастырылса, онда
облигацияны дайындауға тапсырысты кiм орындағанын көрсету керек.
     5. Облигацияның осы шығарылымының тiзiлiм ұстаушысы туралы
мәлiметтер.
     6. Облигация шығарылымын орналастыру туралы есептi БҚҰК бекiткен 
датасы____________________
     7. Облигацияны орналастырудың басталуы _________________________
және облигацияны орналастырудың аяқталуы ___________________________
     8. Төленген проценттердiң мөлшерi _____________________________
     9. Өтелмеген облигациялардың саны _____________________________

                                Президент __________________________
         М.О.                   Бас бухгалтер_______________________
                                Тексеру комиссиясының төрағасы _____


                                     "Облигациялар шығарылымын

тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" N 6 қосымша


              Ұсынылатын құжаттамаларды ресiмдеу үлгiсi

     Облигация эмиссиясын тiркеу үшiн ұсынған құжаттар
     БҚҰК келiп түскен датасы "__"__________ 199__ ж.
     Эмитенттiң атауы ________________________________
     Эмитенттiң мекенi________________________________
     _________________________________________________
     Эмитенттiң жауапты қызметкерi____________________
     _________________________________________________
           (аты-жөнi, телефон, факс нөмiрлерi)

     Ұсынылған құжаттамалардың тiзбесi:                 Данасы
     1. Эмитенттiң өтiнiшi                                1
     2. Жалпы жиналыс шешiмдердiң хаттамасы               1
     3. Мем.тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi             1
     4. Жарғының көшiрмесi                                1
     5. Құрылтай шартының көшiрмесi                       1
     6. Облигациялардың үлгiлерi                          -
     7. Тiзiлiм жүргiзу тәртiбiн айқындайтын құжаттар     -
     8. Айналысқа облигациялар шығару шарттары            2
     9. Төлем тапсырысының көшiрмесi                      1
     10. Бұрынғы эмиссия қорытындысы туралы есеп          -
     11. Статистикалық карточканың көшiрмесi              1
     12. Облигация шығарылымын қамтамасыз етудi           -
         растайтын құжаттар

     Құжаттардың толықтығы тексерiлдi _____________________________
      (Ұлттық комиссияның атқарушы аппаратының жауапты қызметкерi)

     Ескерту: Құжаттардың ресiмдеу үлгiлерiн папкаға желiмдей отырып,
құжат тiгiлетiн қағаз папкамен ұсыну керек.