Ғылыми дәрежелер беру және ғылыми атақтар беру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Қаулы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Аттестациялық комитетi 1996 жылғы 12 мамыр N 194-а Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 10 маусымда N 174 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 422 бұйрығымен. ~V011530

Күшін жойған

 

                                        "Ғылыми дәрежелер мен ғылыми



                                        атақтар беру ретiн анықтайтын

                                        ЕРЕЖЕЛЕРДI" бекiту және күшiне

                                        ендiру туралы



 
 
       Ғылым, техника, мәдениет және бiлiм беру салаларын жетiлдiру болашақтарына, ерекшелiктерiне және оқулық курстарды, жоғары бiлiм, ғылыми дәрежелер туралы дипломдарды Еуропа (Париж, 1979 ж.) және Азия мен Тынық мұхит (Бангкок, 1983 ж.) мемлекеттерiнде мойындау туралы Конвенциялардың ұсыныстарына жауап беретiн ғылыми және ғылыми-педагог мамандарды аттестациялауды бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу, сондай-ақ ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарға iзденушiлерге қойылатын талаптардың бiрлiгiн сақтау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Жаңа "Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру ретiн анықтайтын ЕРЕЖЕЛЕР" бекiтiлсiн.
      2. Жаңа "Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру ретiн анықтайтын ЕРЕЖЕЛЕР" 1996 жылдың 1-шi шiлдесiнен күшiне енсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы ЖАК-ның 1993 жылдың 19 сәуiрiндегi N 62-ж "Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру ретiн анықтайтын ЕРЕЖЕЛЕРДI" күшiне ендiру туралы бұйрығы 1996 жылдың 1-шi шiлдесiнен күшiн жойды деп саналсын.
 
      Төраға
 

                                           "БЕКIТЕМIН"



                                       Қазақстан Республикасы

                                          МАК-тың Төрағасы

                                       ______________________

                                        1996 жылғы __ мамыр



 
 
               Ғылыми дәрежелер беру мен ғылыми атақтар беру
                            тәртiбi туралы
 
                               ЕРЕЖЕ
 
                       I. Жалпы принциптерi
 
      1. Осы ереже тиiстi мамандықтар бойынша ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiн беру, сондай-ақ профессор және доцент ғылыми атақтарын беру тәртiбiн белгiлейдi.
      Ғылыми дәрежелер, сондай-ақ ғылыми атақтар терең кәсiби бiлiмi бар, әрi ғылымның белгiлi бiр саласында және ғылыми-педагогтiк қызметте жетiстiктерге қол жеткiзген адамдарға берiледi.
      2. Ғылым докторы ғылыми дәрежесiн ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар iзденушiнiң докторлық даярлық бағдарламасын орындауы мен көпшiлiк алдында қорғаған диссертациясының нәтижелерiн бағалағаннан кейiн диссертациялық кеңес қабылдаған өтiнiштiң негiзiнде, әрi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Аттестациялық комитетi (МАК) тиiстi сарапшы кеңесiнiң қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының МАК-ы бередi.
      Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiн жоғары бiлiмi немесе ғылым магистрi дәрежесi бар iзденушiнiң кандидаттық даярлық бағдарламасын орындау нәтижелерi мен көпшiлiк алдында қорғаған диссертациясын бағалаудың негiзiнде диссертациялық кеңес бередi. Диссертациялық кеңестiң ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiн беру туралы шешiмi оны Қазақстан Республикасының МАК-ы бекiткеннен кейiн күшiне енедi.
      Осы Ереже талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы МАК-ның диссертациялық кеңестердiң шешiмдерiн жоюға құқығы бар.
      3. Профессор ғылыми атағын жоғары оқу орындарының, ғылыми және соларға теңестiрiлген ұйымдардың қызметкерлерiне ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестердiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы МАК-ы тиiстi сарапшы кеңестерiнiң қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының МАК-ы бередi.
      4. Доцент ғылыми атағын жоғары оқу орындарының қызметкерлерiне жоғары оқу орындары ғылыми кеңестерiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы МАК-ы тиiстi сарапшы кеңестерiнiң қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының МАК-ы бередi.
      5. Қазақстан Республикасының МАК-ы ғылыми мекемелерге теңестiрiлген ұйымдардың, сондай-ақ тиiстi министрлiктерден, ведомстволардан алған белгiленген үлгiдегi лицензиялары бар жекелеген (мемлекеттiк емес) жоғары оқу орындарының ғылыми (ғылыми техникалық) кеңестерiнiң ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау саласындағы қызметiне баға берудi жүзеге асырады, әрi оларға осы баға берудiң нәтижелерi бойынша iзденушiлерге ғылыми атақтар беру жөнiнде өтiнiш жасау құқығын бередi.
      6. Ғылыми докторлары мен ғылым кандидаттарына тиiстi мамандықтар бойынша белгiленген үлгiдегi дипломдар, ал профессорлар мен доценттерге - аттестаттар тапсырылады.
 
                II. Ғылыми дәреже iзденушiлердiң даярлығына
                           қойылатын талаптар
 
      7. Ғылым докторы ғылыми дәрежесiн iзденушiлер (докторанттар):
      өздерiнiң тиiстi ғылым немесе мамандық саласында жаңа әдiстер мен ғылыми жетiстiктердi игеру үшiн отандық немесе шетелдiк жетекшi ғылыми және оқу орталықтарында тағлымдамадан (негiзгi қызметiнен қол үзiп немесе қол үзбей) өтуiн;
      өзектi тақырыптама бойынша негiзгi қағидалары тиiстi ғылыми басылымдарда жарияланған докторлық диссертация түрiндегi дербес ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн ұсынуын қамтитын бағдарламаны орындауға тиiс.
      Сонымен қатар, егер кандидаттықпен салыстырғанда докторлық диссертация басқа мамандық бойынша даярланған болса, онда iзденушi жаңа арнаулы пән бойынша кандидаттық емтихан тапсыруға тиiс.
      8. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiн iзденушiлер:
      тиiстi курстарды (пәндердi) зерделеп, меңгерiп, солар бойынша кандидаттық емтихандар мен зачеттарды тапсыруды;
      өзектi тақырыптама бойынша негiзгi қағидалары тиiстi ғылыми басылымдарда жарияланған кандидаттық диссертация түрiндегi дербес ғылыми зерттеулерiнiң нәтижелерiн ұсынуды қамтитын бағдарламаны орындауға тиiс.
      9. Ғылыми дәреже iзденушiлердi даярлау бағдарламалардың тиiстi диссертациялық кеңестер әзiрлеп, бұларды осы кеңестердi құрған ұйымдар бағынатын министрлiктермен және ведомстволармен келiсiп алады, содан кейiн оларды Қазақстан Республикасының МАК-ы бекiтедi.
      10. Қазақстан Республикасында берiлетiн ғылыми дәреже жөнiндегi дипломдардың халықаралық ауқымда танылуы үшiн қолайлы жағдайлар туғызылуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми дәреже iзденушiлердi даярлаудың аталған бағдарламалары шетелдердiң жетекшi ғылыми орталықтарында деңгейлес ғылыми дәреже iзденушiлердi даярлауға қойылатын талаптар мен стандарттар ескерiлiп әзiрленедi және үнемi жаңартылып отырады.
      11. Ғылыми дәреже iзденушiлердi даярлаудың аталған бағдарламалары енгiзiлгенге дейiнгi кезеңде мынадай талаптар қолданылады:
      ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiн iзденушi философиядан, шет тiлiнен, арнайы пәннен кандидаттық емтихандар, сондай-ақ ақпараттамадан зачет тапсырады;
      әзiрлеген диссертация бейiнi жағынан ғылым саласына сәйкес келмейтiн жоғары бiлiмi бар iзденушi осы ғылым саласына қатысты жалпы ғылыми пән бойынша қосымша кандидаттық емтихан тапсырады;
      кандидаттық емтихандар өткiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының МАК-ының арнаулы нұсқаулығымен айқындалады;
      кандидаттық емтихандардың бiрүлгi бағдарламаларын тиiстi ғылым саласындағы жетекшi жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары әзiрлеп, Қазақстан Республикасының МАК-ы бекiтедi;
      кандидаттық емтихан тапсырғаны туралы куәлiк он жыл бойына жарамды.
 
            III. Диссертацияларға қойылатын талаптар
 
      12. Ғылым докторы ғылыми дәрежесiн алуға арналған диссертация ғылыми бiлiктi еңбек болуға тиiс, онда яки автор орындаған iргелi зерттеулердiң негiзiнде алынған, жиынтығын тиiстi ғылыми бағытты дамытудағы жаңа iрi жетiстiк ретiнде бағалауға болатын ғылыми нәтижелер, яки iрi әрi басым әлеуметтiк-экономикалық, гуманитарлық немесе саяси проблеманың автор әзiрлеген жаңа теориялық қағидаларының негiзiнде алынған шешiмнiң нәтижелерi, яки ел экономикасының технологиялық дамуы үшiн зор маңызы бар техника мен технологиялардың белгiлi бiр түрлерiнiң автор ұсынған жаңа ғылыми қағидаларының негiзiнде жасалған әзiрлеменiң нәтижелерi баяндалуға тиiс.
      13. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiн алуға арналған диссертация ғылыми бiлiктi еңбек болуға тиiс, онда яки бiлiмнiң тиiстi саласы үшiн елеулi маңызы бар басым теориялық мiндеттiң шешiмi болуға, яки маңызды қолданбалы басым мiндеттердiң шешiмiн қамтамасыз ететiн ғылыми негiзделген техникалық, экономикалық, технологиялық немесе басқа да әлеуметтiк мәндi әзiрлемелер жүзеге асырылуға тиiс.
      14. Ғылыми дәреже алуға арналған диссертация арнайы дайындалған қолжазба түрiнде ресiмделедi.
      Диссертацияны iзденушiнiң жеке өзi жазуға тиiс, онда көпшiлiк алдында қорғауға ұсынылған, өзектi тақырыпты игеру барысында автор алған жаңа әрi анық ғылыми нәтижелер мен қағидалардың жиынтығы қамтылуға, ол iштей сабақтасып жатуға және автордың ғылымға қосқан жеке үлесiн куәландыратын болуға тиiс.
      Автордың ұсынған жаңа шешiмдерi бойынша дәлелдi болуы, әрi бұрыннан белгiлi шешiмдермен салыстыра отырып, сын тұрғысынан бағалануы керек.
      Қолданбалы мәнi бар диссертацияда автор алған ғылыми нәтижелердiң практикада қолданылуы туралы мәлiметтердiң келтiрiлуi, ал теориялық мәнi бар диссертацияда ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнiнде ұсыныстар болуы қажет.
      Қазақстан Республикасында диссертациялардың жазылуы мен көпшiлiк алдында қорғалуының мемлекеттiк немесе ресми қолданыстағы орыс тiлiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Диссертациялардың ресiмделуi баспасөзге жiберiлетiн ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес болуы қажет.
      Диссертациялар қорғау жөнiндегi құжаттама Қазақстан Республикасының МАК-ына мемлекеттiк немесе ресми қолданыстағы орыс тiлiнде тапсырылады.
      15. Диссертациялардың тақырыптары, әдетте, ұйымдардың негiзгi ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен, ең алдымен, ұлттық мемлекеттiк бағдарламаларды, сондай-ақ республикалық және аймақтық нысаналы ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеумен байланысты болуға, әрi оларды ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерi әрбiр iзденушi үшiн дербес бекiтiп беруге тиiс.
      16. Диссертациялардың негiзгi ғылыми нәтижелерi Қазақстан Республикасының МАК-ы бекiткен тiзбе бойынша ғылыми басылымдарда жариялануы керек.
      Диссертацияның негiзгi ғылыми нәтижелерiн бейнелейтiн жарияланған жұмыстарға өнертабысқа, өнеркәсiптiк үлгiлерге алдын ала берiлген патенттер, өнертабысқа, пайдалы модельдер мен өнеркәсiптiк үлгiлерге берiлген патенттер, авторлардың ресми куәлiктерi, белгiленген тәртiппен тiркелген алгоритмдер; мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат жүйесiнiң мекемелерiнде сақтауға алынған және ғылыми журналдарда түсiнiктемелер берiлген жұмыстардың қолжазбалары, препринттер, халықаралық және республикалық ғылыми съездерде, конференцияларда, симпозиумдар мен семинарларда жасалған баяндамалардың жарияланған тезистерi теңестiрiледi.
      17. Диссертациясын жазған кезде iзденушi өзi материалдарын немесе жекелеген нәтижелерiн алып отырған авторларға және мәнбелерге сiлтемелер жасауға мiндетi.
      Авторын және мәнбесiн көрсетпей бөтен материалдарды пайдаланған жағдайда, талқыдан өтуiнiң қай тұсында екенiнен қарамастан, диссертация қараудан алынады, әрi қайталап қорғау құқығынан айырылады.
 
                      IV. Диссертациялық кеңестер
 
      18. Диссертациялық кеңестер ғылыми дәрежелер беру жөнiнде жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялаудың мемлекеттiк жүйесiндегi негiзгi буын болып табылады және оларды тиiстi бiлiм саласында өзiнiң жетiстiктерiмен кеңiнен танылған мемлекеттiк және бiлiм беру саласындағы қызметке лицензиялары бар жеке жоғары орындарында, ғылыми және соларға теңестiрiлген ұйымдарда тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының МАК-ы құрады.
      Диссертациялық кеңестер диссертацияларға жасалған сараптаулардың және iзденушiлердiң тиiстi даярлық бағдарламаларын орындау нәтижелерiне берiлген бағалардың сапасы мен объективтiлiгi, қабылданған шешiмдерiнiң негiздiлiгi үшiн жауап бередi және аттестациялау кезiнде жоғары талапшылдық деңгейiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Диссертациялық кеңестi жасақтау мен оның қызметiн ұйымдастыру тәртiбi Қазақстан Республикасының МАК-ы бекiтетiн Диссертациялық кеңес туралы ережемен анықталады.
      19. Қазақстан Республикасының МАК-ы диссертациялық кеңестердiң қызметiн үнемi бақылап, саралап отырады, қажет болған жағдайларда Ғылыми қызметкерлер мамандықтары номенклатурасының өзгеруiн және басқа жағдаяттарды ескере отырып, олардың желiсi мен дербес құрамын қайта қарайды.
      Осы Ереже мен Диссертациялық кеңес туралы ереже талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының МАК-ы диссертациялық кеңестiң жұмысын уақытша тоқтата тұрады немесе оны толығымен таратып жiбере алады.
      20. Диссертациялық кеңестер Қазақстан Республикасы МАК-ының басшылығымен жұмыс жүргiзедi, ағымдағы қызметiнiң мәселелерi жөнiнен өздерi iшiнде құрылған ұйымдардың басшыларына қарасты болады, әрi осы ұйымдардың мөрлерiн пайдаланады. Ұйымдардың басшылары диссертациялық кеңестердiң жұмысына қажеттi жағдайлар туғызылуы үшiн жауап бередi.
      21. Мемлекеттiк ұйымдарды диссертацияларды рецензиялауға, ресми оппоненттер мен диссертациялық кеңестердiң ғылым хатшыларының еңбегiне ақы төлеуге, авторефераттарды бастыруға қажеттi қаражатпен қамтамасыз ету белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының МАК-ы арқылы республикалық бюджеттiң есебiнен қамтамасыз етiледi. Диссертацияларды қарау мен қорғауға байланысты бұдан басқа да шығыстарды төлеу диссертациялық кеңестердi құрған ұйымдардың өздерiне жүктеледi.
 
                 V. Диссертациялық кеңестердiң жұмысын
                            ұйымдастыру
 
      22. Диссертациялық жұмыс орындалған ұйым өзiнде диссертацияның мамандығы бойынша диссертациялық кеңес болмаған жағдайда, iзденушi өтiнiш жасағаннан кейiнгi 2 айдың iшiнде тиiстi диссертациялық кеңеске:
      ғылыми дәреже iзденушiнiң тиiстi даярлық бағдарламасын орындау қорытындыларын алдын-ала бағалау материалдарын;
      ұсынылған диссертацияға берiлген диссертацияда баяндалған нәтижелердiң алынуына автордың жеке өзiнiң нақтылы қатысуын, жүргiзiлген зерттеулер нәтижелерiнiң анықтығы деңгейiн, оның жаңалығын, iшкi сабақтастығы мен өзектi проблеманы, теориялық немесе қолданбалы мiндеттi шешуге бағытталуын, автор жариялаған жұмыстарда диссертация материалдардың толық баяндалуын бейнелейтiн қорытындыны жiбередi. Қорытындыда диссертация орындалған мамандық көрсетiлуi керек.
      Ұйымның басшысы осы аталған алдын ала сараптаудың сапасы, объективтiлiгi және дайындау мерзiмi үшiн жауап бередi.
      23. Диссертациялық кеңес диссертацияны алдын ала сараптау материалдарын, iзденушiнiң тиiстi даярлық бағдарламасын орындау қорытындыларын алдын ала қарауға Қазақстан Республикасының МАК-ы белгiлеген тiзбе бойынша құжаттары болған жағдайда қабылдап алады.
      Диссертациялық кеңесте диссертацияны алдын ала сараптау материалдары мен iзденушiнiң тиiстi даярлық бағдарламасын орындау қорытындыларын қараудың рәсiмi Диссертациялық кеңес туралы ережеде белгiленедi.
      24. Ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының басшылары мен олардың орынбасарларына өздерiнiң негiзгi жұмыс орындарындағы диссертациялық кеңестерге диссертациялар қорғауға рұқсат етiлмейдi.
      Мемлекеттiк өкiмет органдары аппаратының басшы қызметкерлерiне өздерi жұмыс iстейтiн органға қарасты ұйымдардағы диссертациялық кеңестерде диссертациялар қорғауға рұқсат етiлмейдi.
      25. Диссертация бiрнеше мамандықтардың тоғысында орындалған, әрi диссертациялық кеңеске олардың бәрiнен бiрдей диссертация қорғату құқығы берiлмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының МАК-ы бiр жолғы қорғауды ұйымдастыру үшiн тиiстi рұқсат бередi және кеңестiң құрамына болмай отырған мамандықтар бойынша ғылым докторларының қажеттi санын енгiзедi.
      26. Диссертациялық кеңес iзденушiнiң құжаттарын қарауға қабылдап алады және құжаттарды қабылдап алған күннен (жазғы демалыс кезеңiн есепке алмай) бастап, кандидаттық диссертация үшiн екi айдан, ал докторлық диссертация үшiн үш айдан кешiктiрмей диссертация қорғау мерзiмiн белгiлейдi немесе сол мерзiмде iзденушiге диссертацияны қорғауға қабылдаудан бас тартатыны жөнiнде дәлелдi жазбаша қорытынды бередi.
      27. Диссертациялық кеңестiң рұқсатымен докторлық диссертация бойынша екi баспа табаққа, ал кандидаттық диссертация бойынша бiр баспатабаққа дейiнгi көлемде диссертациялардың қолжазба құқығындағы авторефераттары бастырылып шығарылуға тиiс. Егер автореферат қазақ тiлiнде жазылса, онда оған орыс және ағылшын тiлдерiнде түйiндеме, ал орыс тiлiнде жазылса, онда тиiсiнше қазақ және ағылшын тiлдерiнде түйiндеме жасалады (түйiндеме автореферат көлемiне енгiзiлмейдi).
      Авторефератта диссертацияның негiзгi идеялары мен тұжырымдары баяндалып, автордың жүргiзiлген зерттеулерге қосқан үлесi, зерттеулер нәтижелерiнiң жаңалығы, теориялық және практикалық мәндiлiгi көрсетiлуге тиiс. Диссертацияның авторефераты баспахана тәсiлiмен немесе көбейткiш аппараттарда диссертациялық кеңес белгiлеген санда бастырылып, диссертация қорғаудың алдында бiр айдан кешiктiрiлмей таратылады. Автореферат жiберiлуге тиiс адресаттар тiзiмiн диссертацияны қорғауға қабылдап алған диссертациялық кеңес анықтайды. Бұл тiзiмге Қазақстан Республикасының МАК-ы, диссертацияның бейiнiне орайлас диссертациялық кеңестер, мүдделi ұйымдар, жетекшi ғылымдар мен диссертациялық кеңес мүшелерi енгiзiледi.
      Авторефераттар мiндеттi түрде жiберiлуге тиiс ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының МАК-ы белгiлейдi.
      28. Iзденушiнiң "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгiсi бар тиiстi даярлық бағдарламасын орындау қорытындыларын алдын ала сараптау материалдарын қарау мен диссертация қорғаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының МАК-ның жеке нұсқаулығымен айқындалады.
      29. Диссертацияның бiр данасы мен авторефераттың екi данасы қорғау алдында бiр айдан кешiктiрiлмей диссертациялық кеңес жұмыс iстейтiн ұйымдағы кiтапханаға тапсырылып, онда қолжазба құқығында сақталады.
      30. Диссертациялық кеңестер диссертация бойынша ғылымның осы саласындағы бiлiктi ғалымдардың iшiнен ресми оппоненттер тағайындайды.
      Докторлық диссертация бойынша үш ресми оппонент - ғылым докторлары тағайындалады, бұл ретте олардың бiреуi (айрықша жағдайларда - екеуi) ғана қорғау өткiзiлетiн диссертациялық кеңестiң мүшесi болуға тиiс.
      Кандидаттық диссертация бойынша екi ресми оппонент тағайындалады, олардың бiреуi ғылым докторы, ал екiншiсi - ғылым докторы немесе кандидаты болуға тиiс, бұл ретте олардың бiреуi қорғау өткiзiлетiн кеңестiң мүшесi болуға тиiс.
      31. Қазақстан Республикасының МАК-ы Пленумның, Төралқасының мүшелерi, аппаратының қызметкерлерi, диссертация қаралып отырған сарапшы және диссертациялық кеңестердiң төрағалары, төрағаларының орынбасарлары және ғалым хатшылары, iзденушiнiң ғылыми жетекшілерi мен консультанттары, iзденушiнiң диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарына бiрге автор болған адамдар, сондай-ақ жетекшi ұйымдардың қызметкерлерi және диссертация орындалған немесе iзденушi мен оның ғылыми жетекшiсi (консультанты) iстейтiн ұйымдардың басшылары ресми оппоненттер бола алмайды.
      Сарапшы кеңестiң мүшесi ресми оппонент болып кеңестiң келiсiмiн және Қазақстан Республикасының МАК-ы басшылығының шешiмi бойынша ғана тағайындалады.
      32. Ресми оппоненттер диссертациялық кеңесте алынған тақырыптың өзектiлiгiн, диссертацияда қорытылған ғылыми қағидалардың, тұжырымдар мен ұсыныстардың негiздiлiгi мен деңгейiн, олардың анықтығы мен жаңалығын, iшкi сабақтастығы мен басым проблемаларды, теориялық немесе қолданбалы мiндеттердi шешуге бағытталуын, бiлдiретiн, сондай-ақ диссертацияның осы Ереже талаптарына сәйкестiгi дәрежесiне байланысты тұжырымы бар диссертация жөнiндегi жазбаша пiкiрiн бередi. Ресми оппоненттер пiкiрлерiнiң көшiрмелерi диссертация қорғаудан кемiнде он күн бұрын iзденушiге тапсырылады.
      Диссертациялық кеңес ресми оппонентке белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда, пысықтауы үшiн пiкiрiн қайтарып беруге немесе ресми оппоненттi ауыстыруға хақылы. Егер диссертациялық кеңес ресми оппоненттiң пiкiрiн қайтарып берсе немесе ресми оппоненттi ауыстырса, онда ол осы Ереженiң талаптарына сәйкес қорғаудың жаңа мерзiмiн белгiлейдi.
      Ресми оппонент дайындаған пiкiрiнiң объективтiлiгi мен сапалылығы үшiн, сондай-ақ оны табыс етудiң диссертациялық кеңес белгiлеген мерзiмiнiң сақталуы үшiн жауап бередi.
      33. Диссертациялық кеңестер диссертациялар бойынша ғылым мен ел экономикасының тиiстi салаларында өздерiнiң жетiстiктерiмен кеңiнен танылған жетекшi ұйымдарда тағайындайды.*
      * - Докторлық диссертациялар бойынша жетекшi ұйымдар,
                   әдетте, қорғалатын диссертация мамандығы жөнiнен
                   ғылым докторлары жұмыс iстейтiн ұйым болуға тиiс.
 
      Жетекшi ұйымның пiкiрiнде диссертация авторы алған нәтижелерге объективтi баға берiледi, жұмыста орын алған кемшiлiктер атап көрсетiледi. Пiкiрде мiндеттi түрде диссертацияның нәтижелерi мен тұжырымдарын пайдалану жөнiнде нақтылы ұсыныстар болуға тиiс.
      Жетекшi ұйымның пiкiрiн оның басшысы немесе басшысының орынбасары бекiтедi, олар пiкiрдiң сапасы мен объективтiлiгi үшiн дербес жауап бередi.
      Жетекшi ұйым пiкiрiнiң көшiрмесi диссертация қорғау алдында кемiнде он күн бұрын iзденушiге табыс етiледi.
      Диссертациялық кеңес жетекшi ұйымның пiкiрiн, егер ол белгiленген талаптарға сай келмесе, дәйектеу үшiн қайтаруға немесе осы Ереженiң талаптарына сәйкес қорғаудың жаңа мерзiмiн белгiлей отырып, жетекшi ұйымды ауыстыруға хақылы.
      34. Ресми оппоненттер де және жетекшi ұйым да терiс пiкiр бергенiне қарамастан, диссертациялық кеңес iзденушi тiлек бiлдiрсе, диссертация қорғауға тағайындауға тиiс.
      35. Iзденушiнiң диссертацияның негiзгi ғылыми нәтижелерiн бейнелейтiн жұмыстары жарияланғаннан кейiн докторлық диссертация қорғау екi айдан, ал кандидаттық диссертация қорғау бiр айдан ерте өткiзiлуге тиiс емес.
      Диссертация бойынша жарияланған негiзгi жұмыстарды iзденушi диссертациялық кеңеске ұсынады. Бұларда диссертация материалдарының толық баяндалуын диссертацияны алдын ала сараптау барысында диссертациялық кеңес анықтайды.
      36. Диссертациялық кеңес отырысы, егер оның жұмысына құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда, әрi қорғалатын докторлық диссертацияның әр мамандығы бойынша кемiнде үш ғылым докторы және қорғалатын кандидаттық диссертацияның әр мамандығы бойынша кемiнде екi ғылым докторы мiндеттi түрде қатысса, құқықты болып саналады.
      Диссертациялық кеңестiң ғылыми дәреже беру мәселесi жөнiндегi шешiмi, егер оны жақтап кеңес құрамының тiзiмдегi мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе он шешiм болып саналады.
      37. Диссертацияны көпшiлiк алдында қорғау ғылыми пiкiрсайыс сипатында болуға тиiс, әрi жоғары талапшылдық, принципшiлiк және ғылыми этика нормаларын сақтау жағдайында өткiзiлуге тиiс, бұл ретте диссертация баяндалған ғылыми және практикалық сипаттағы барлық тұжырымдар мен ұсыныстардың анықтығы мен негiздiлiгi барынша байыпты тұрғыдан талдануы керек.
      Көпшiлiк алдында қорғауға ғылыми оппоненттер мiндеттi түрде қатысуға тиiс. Докторлық диссертация қорғауды өткiзуге диссертация жөнiнде оң пiкiр берген ресми оппоненттердiң бiреуi ғана дәлелдi себеппен қатыса алмай қалғанда, рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда диссертациялық кеңеске қатыса алмаған оппоненттiң пiкiрi толығымен жария етiледi.
      38. Iзденушiнiң тиiстi даярлық бағдарламасын орындау қорытындысын талқылау және диссертация қорғау кезiндегi диссертациялық кеңес отырысын өткiзу рәсiмiн, соның iшiнде жасырын дауыс беру мен санақ комиссиясы жұмысының тәртiбiн Диссертациялық кеңес туралы ереже белгiлейдi.
      Жасырын дауыс беруден кейiн диссертация қорғау нәтижелерi бойынша оң шешiм қабылданған жағдайда диссертациялық кеңес ашық дауыс беру арқылы ғылыми дәреже iзденушiнi аттестациялау туралы қорытынды шығарады.
      Қорытындыда:
      ғылыми дәреже iзденушiлердiң тиiстi даярлық бағдарламаларын орындау нәтижелерiне берiлген баға;
      алынған тақырыптың өзектiлiгiн, жүргiзiлген зерттеу нәтижелерiнiң жаңалығы мен анықтығын, олардың iшкi сабақтастығы мен басым проблеманы, теориялық немесе қолданбалы мiндеттердi шешуге бағытталуын, автор жариялаған жұмыстарды диссертация материалдарының толық баяндалуын бейнелейтiн диссертация жөнiндегi қорытынды;
      iзденушiнiң тиiстi даярлық бағдарламасын орындау нәтижелерi мен оның диссертациясының осы Ереже талаптарына сәйкестiгiнiң деңгейi туралы тұжырым келтiрiледi.
      39. Диссертация қорғау нәтижелерi бойынша оң шешiм қабылдаған жағдайда, диссертацияның екiншi данасы түптелмеген күйiнде авторефератпен және диссертацияның белгiленген үлгiдегi есеп кәртішкесiнiң екi данасымен бiрге шағын фильмге түсiру және мемлекеттiк тiркеу үшiн бiр апта iшiнде Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтында (ҚазмемГТАИ) жiберiлдi.
      Диссертациялық кеңес диссертация қорғалғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының МАК-ына диссертацияның бiрiншi данасы мен iзденушiнiң аттестациялық iсiн жiбередi. Iзденушiнiң аттестациялық iсiнiң екiншi данасы он жыл бойы диссертациялық кеңесте сақталады. Iзденушiлердiң аттестациялық iстерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының МАК-ы белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
      Диссертация қорғау нәтижелерi бойынша диссертациялық кеңес терiс шешiм шығарған ретте iзденушiге диссертацияның бiр данасы мен авторефераттан, отырыс стенограммасы мен дауыс беру бойынша шешiммен басқа барлық құжаттар қайтарылады, қалдырылғандары кеңесте он жыл бойы сақталады және сұрау салуға орай қайталап қорғау орнына жiберiлуi мүмкiн.
      Диссертациялық кеңестiң терiс шешiмi туралы Қазақстан Республикасының МАК-ына қорғау өткiзiлген күннен кейiн бiр ай мерзiмде жазбаша хабарланады.
      40. Нәтижелерi бойынша диссертациялық кеңес терiс шешiм шығарған диссертация терiс шешiм шығарылған күннен бастап, бiр жыл өткеннен кейiн ғана өңделген күйiнде қайталап қорғауға ұсынылуы мүмкiн, Диссертация бойынша терiс шешiмді Қазақстан Республикасының МАК-ы шығарған болса, ол қайталап қорғауға нақ осындай шарттармен ұсынылуы мүмкiн. Қайталап қорғауға Қазақстан Республикасының МАК-ының рұқсаты талап етiлмейдi. Қайталап қорғау кезiнде ресми оппоненттер құрамы толығымен ауыстырылуға тиiс.
 
         VI. Қазақстан Республикасының МАК-ында ғылыми дәреже
              iзденушiлердiң аттестациялық iстерiн қарау
 
      41. Ғылыми дәреже iзденушiлердiң даярлығының, олардың диссертацияларының деңгейiне, диссертациялық кеңестердiң жұмысына бақылау жасауды, сондай-ақ ғылыми дәрежелер беруге аттестациялау кезiнде қойылатын талаптардың бiрлiгiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы МАК-ның сарапшы кеңестерi жүзеге асырады.
      Сарапшы кеңес ғылыми дәреже iзденушiлердiң аттестациялық iстерi жөнiндегi өз қорытындысының сапасы мен объективтiлiгi үшiн жауап беретiн болады.
      Егер сарапшы кеңес диссертация қорғау кезiнде диссертациялық кеңесте сараптаманың сапасыз жүргiзiлгенiн немесе диссертациялық кеңес шешiмiнiң жеткiлiктi дәлелденбегенiн анықтайтын болса, онда сарапшы кеңес диссертацияны аттестациялық iсiмен бiрге бұлардың осы Ереже талаптарына сәйкестiгi туралы мәселенi қайта қарату үшiн басқа диссертациялық кеңеске жiбере алады.
      Диссертациялық кеңестiң қосымша қорытынды беруге жiберiлген диссертацияны қарау кезiндегi отырысын өткiзудiң рәсiмiн Диссертациялық кеңес туралы ереже белгiлейдi.
      Диссертациялық кеңестiң осы Ереженiң 38-тармағына сәйкес қабылдаған қорытындысы жеткiлiктi дәлелденбесе, онда сарапшы кеңес пысықтау үшiн оны диссертациялық кеңеске қайтаруға хақылы. Мұндай жағдайда iзденушiнiң диссертациялық кеңестiң отырысына қатысуы шарт емес.
      Қажеттi жағдайларда сарапшы кеңес өзiнiң отырыстарына iзденушiлердi, диссертация қорғау өткiзiлген немесе оны ұжымдық рецензиялау жүргiзiлген диссертациялық кеңестердiң басшыларын, ресми оппоненттердi, ғылыми жетекшiлердi (консультанттарды), сондай-ақ жетекшi ұйымның өкiлдерiн шақырады.
      Сарапшы кеңес пен диссертация қорғау өткiзiлген немесе оны ұжымдық рецензиялау жүргiзiлген диссертациялық кеңестердiң пiкiрлерi үйлеспеген ретте, түпкiлiктi шешiмдi Қазақстан Республикасының МАК-ының төралқасы қабылдайды.
      Iзденушiнiң өзiнiң аттестациялық iсiнiң (сарапшы кеңес қорытындысының жобасы мен арнаулы сарапшының қорытындысынан басқа) барлық материалдарымен бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының МАК-ы шешiм қабылдағаннан кейiн танысуға құқығы бар. Сарапшы кеңестердiң жұмыс тәртiбiн Қазақстан Республикасының МАК-ы бекiтетiн Сарапшы кеңес туралы ереже айқындайды.
      42. Қазақстан Республикасының МАК-ында ғылым докторы және кандидаты ғылыми дәрежесiн беру жөнiндегi диссертациялар мен аттестациялық iстердi қарау мерзiмi тиiсiнше алты және үш айдан (сарапшы кеңес мүшелерiнiң жазғы демалыс кезеңiн есепке алмағанда) аспауға тиiс.
      Диссертацияларға қосымша сараптау жүргiзу және аттестациялық iстерге баға беру үшiн неғұрлым ұзақ мерзiмдi талап ететiн ерекше жағдайларда осы мерзiмдердi ұзарту туралы мәселенi әрбiр нақтылы iс бойынша Қазақстан Республикасының МАК-ы шешедi. Сараптау мен аттестациялық iстерге баға бару мерзiмiнiң ұзартылу себептерi туралы диссертация қорғау өткiзiлген диссертациялық кеңес хабардар етiледi.
      43. Диссертация мен аттестациялық iстер құжаттарындағы диссертациялық кеңестермен Қазақстан Республикасының МАК-ы қарау барысында анықтаған кемшiлiктердi олардың рұқсатынсыз түзетуге жол берiлмейдi.
      Iзденушi диссертацияны оның қаралуының кез келген кезеңiнде диссертациялық кеңесте жасырын дауыс беру басталғанға дейiн, ал Қазақстан Республикасының МАК-ында - ғылым докторы ғылыми дәрежесiн беру туралы шешiм қабылдағанға немесе диссертациялық кеңестiң ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiн беру туралы шешiм бекiтiлгенге дейiн қараудан алуға хақылы.
      44. Диссертациялық кеңестiң немесе Қазақстан Республикасының МАК-ының iзденушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша диссертациялық қараудан алып тастау туралы шешiмi түпкiлiктi болып табылады. Диссертация қараудан алынғаннан кейiн ол жаңа жұмыс ретiнде қорғауға бiр жыл өткеннен соң ғана ұсыныла алады.
 
                        VII. Ғылыми атақтар беру
 
      45. Профессор ғылыми атағы:
      кемiнде он жыл ғылыми және ғылыми-педагогтiк жұмыс стажы бар, жоғары әдiстемелiк және ғылыми деңгейде лекциялар оқитын, диссертация қорғағаннан кейiн жарияланған ғылыми еңбектерi мен педагогтiк практикада тиiмдi пайдаланылып жүрген оқу-әдiстемелiк құралдары бар немесе кемiнде екi ғылым кандидатын даярлаған жоғары оқу орындарында істейтiн ғылым докторларына;
      кемiнде он жыл ғылыми және ғылыми-педагогтiк жұмыс стажы бар, диссертация қорғағаннан кейiн жарияланған, басым теориялық немесе қолданбалы мiндеттердiң шешiмiн ұсына алатын ғылыми еңбектерi бар, сондай-ақ кемiнде екi ғылым кандидатын даярлаған ғылыми және соларға теңестiрiлген ұйымдарда iстейтiн ғылым докторларына берiледi.
      Профессор ғылыми атағы айрықшылық ретiнде:
      жоғары оқу орындарында өз мамандығы бойынша кемiнде 15 жыл iстейтiн, доцент ғылыми атағы, жаңашылдығымен көзге түсетiн жарияланған ғылыми еңбектерi, педагогтiк практикада тиiмдi пайдаланылып жүрген оқу-әдiстемелiк құралдары бар, әрi халықаралық конкурстардың кемiнде 3 лауреатын (дипломантын) даярлаған Қазақстан Республикасының халық артистерiне, еңбек сiңiрген артистерiне, өнер саласындағы еңбек сiңiрген қайраткерлерiне;
      өз мамандығы бойынша кемiнде 15 жыл жаттықтырушылық және ғылыми-педагогтiк жұмыс стажы, доцент ғылыми атағы, жаңашылдығымен көзге түсетiн жарияланған ғылыми еңбектерi, педагогтiк практикада тиiмдi пайдаланылып жүрген оқу-әдiстемелiк құралдары бар, әрi өзiне доцент ғылыми атағы берiлгеннен кейiн бiлiктiлiгi жоғары спортшылар (Олимпиадалық ойындардың және әлем чемпионаттарының чемпиондарын, жүлдегерлерiн) даярлаған "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушыларға;
      кемiнде он жыл ғылыми және ғылыми-педагогтiк жұмыс стажымен кемiнде бес жыл жоғары оқу орындарының басшысы (ректорлары, проректорлары) болып ойдағыдай жұмыс iстеп келе жатқан, негiзгi пәндер бойынша жоғары ғылыми-әдiстемелiк деңгейде лекциялар оқитын, диссертация қорғағаннан кейiн басым теориялық немесе қолданбалы мiндеттердiң шешiмiн ұсына алатын жарияланған ғылыми еңбектерi бар, әрi жоғары оқу орындары үшiн Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi оқулық ретiнде ұсынған, өзi ғана жазған кемiнде бiр оқулығы бар немесе өздiгiнен кемiнде екi ғылым кандидаты даярлаған ғылым кандидаттары - доценттерге берiледi.
      46. Доцент ғылыми атағы кемiнде бес жыл ғылыми және ғылыми-педагогтiк жұмыс стажымен жоғары оқу орындарында iстейтiн, диссертация қорғағаннан кейiн жаңашылдығымен көзге түсетiн жарияланған ғылыми еңбектерi, педагогтiк практикада тиiмдi пайдаланылып жүрген оқу-әдiстемелiк құралдары бар ғылым кандидаттарына берiледi.
      Доцент ғылыми атағы айрықшылық ретiнде:
      жоғары оқу орындарында өз мамандығы бойынша кемiнде бес жыл iстейтiн, жаңашылдығымен көзге түсетiн ғылыми еңбектерi, педагогтiк практикада тиiмдi пайдаланылып жүрген оқу-әдiстемелiк құралдары бар, әрi халықаралық немесе республикалық конкурстардың кемiнде 2 лауреатын (дипломантын) даярлаған Қазақстан Республикасының халық артистерiне, еңбек сiңiрген артистерiне, өнер саласындағы еңбек сiңiрген қайраткерлерiне;
      өз мамандығы бойынша кемiнде он жыл жаттықтырушылық және ғылыми-педагогтiк жұмыс стажы, жаңашылдығымен көзге түсетiн жарияланған ғылыми еңбектерi, педагогтiк практикада тиiмдi пайдаланылып жүрген оқу-әдiстемелiк құралдары бар, әрi бiлiктiлiгi жоғары спортшылар (Бүкiл дүниежүзiлiк универсиадалардың чемпиондарын, студенттер арасынан әлем чемпиондарын, әлем бiрiншiлiктерiнiң, Азия ойындарының чемпиондарын) даярлаған "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушыларға берiледi.
      47. Ғылыми атақ беру туралы ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестiң алдында кафедра, бөлiм ұжымдарының және т.б. пiкiрлерi ескерiле отырып, iзденушiнiң өз ыждаhатымен өтiнiш жасалуы мүмкiн.
      48. Кеңестiң ғылыми атақ беруге ұсыну туралы шешiмi жасырын дауыс беру жолымен қабылданады.
      Кеңестiң отырысы, егер оның жұмысына тiзiмдегi құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда, құқықты болып саналады. Ғылыми атақ беру мәселесi жөнiндегi шешiм, егер оны жақтап кеңес құрамының тiзiмдегi мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе оң саналады.
      Ғылыми атақ беру жөнiндегi тiзбесiн Қазақстан Республикасының МАК-ы белгiлейтiн құжаттар Комитетке мемлекеттiк немесе ресми қолданыстағы орыс тiлiнде ұсынылады.
      49. Профессор ғылыми атағын беру жөнiндегi аттестациялық iстер Қазақстан Республикасының МАК-ында төрт айдан аспайтын, ал доцент атағы бойынша екi айдан аспайтын мерзiмде (сарапшы кеңес мүшелерiнiң жазғы демалыс кезеңдерiн есепке алусыз) қаралады.
      Iстерге неғұрлым ұзақ мерзiмде сараптау жүргiзу талап етiлетiн айрықша жағдайларда бұл мерзiмдердi ұзарту туралы шешiмдi әрбiр нақты iс бойынша Қазақстан Республикасының МАК-ы қабылдайды.
 
        VIII. Аттестациялық құжаттарды нострификациялау мен ғылыми
            және ғылыми-педагог кадрларды қайта аттестациялау
 
      50. Қазақстан Республикасы ғылыми дәрежелердiң немесе ғылыми атақтардың сайма-сайлығын тану туралы шарттар (келiсiмдер) жасасқан басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының азаматтары - ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлер алған ғылыми дәрежелер беру немесе ғылыми атақтар беру туралы құжаттарды нострификациялауды (теңестiрудi) iзденушi iстейтiн ұйым немесе Қазақстан Республикасының МАК-ы белгiлеген тiзбе бойынша құжаттарын ұсына отырып, iзденушiнiң өзi берген өтiнiшке орай Қазақстан Республикасының МАК-ы жүргiзедi.
      Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтары ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерге Қазақстан Республикасының экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шарттар жасасқан басқа мемлекеттерге табысталған ғылыми дәреже беру туралы дипломдар және ғылыми атақтар беру туралы аттестаттар қайталап растаусыз-ақ танылады.
      51. Қазақстан Республикасы ғылыми дәрежелердiң немесе ғылыми атақтардың сайма-сайлығын тану туралы шарттар (келiсiмдер) жасаспаған мемлекеттерде берiлген немесе алынған ғылыми дәрежелерi немесе ғылыми атақтары бар Қазақстан Республикасының азаматтары - ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлердi қайтадан аттестациялауды iзденушi iстейтiн ұйым немесе Қазақстан Республикасының МАК-ы белгiлеген тiзбе бойынша құжаттарын ұсына отырып, iзденушiнiң өзi берген өтiнiшке орай Қазақстан Республикасының МАК-ы жүргiзедi.
      Doctor of Sсiеnсе, Doctor of Philosopy ғылыми дәрежелерiне, Рrоfеssоr, Associate Professor ғылыми дәрежелерiне, шер елдердiң басқа да ғылыми дәрежелерi мен атақтарына Қазақстан Республикасында қабылданған ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежелерiнiң, профессор немесе доцент ғылыми атақтарының сәйкестiгi жоғарыда аталған қайта аттестациялау тәртiбiмен белгiленедi.
 
       IХ. Дипломдар мен аттестаттарды ресiмдеу және табыстау
 
      52. Iзденушiге ғылым кандидаты ғылыми дәрежесiн беру туралы шешiм диссертациялық кеңес шешiм шығарған мезгiлден бастап, оны Қазақстан Республикасының МАК-ы бекiткеннен кейiн күшiне енедi. Iзденушiге ғылым докторы ғылыми дәрежесiн беру туралы шешiм Қазақстан Республикасының МАК-ы осы дәреженi беру туралы шешiм қабылдаған мезгiлден бастап күшiне енедi.
      Iзденушiлерге профессор, доцент ғылыми атақтарының берiлуi Қазақстан Республикасының МАК-ы тиiстi шешiм қабылдаған мезгiлден есептеледi.
      53. Ғылым докторы немесе кандидатының дипломын не болмаса профессордың немесе доценттiң аттестатын жоғалтқан адамдарға Қазақстан Республикасының МАК-ы жаңа рет нөмiрлерi бар дубликаттар бере алады.
      Өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда дипломдар мен аттестаттар жаңасына ауыстырылмайды, мұндай жағдайда дубликаттар толығымен бұрын табысталған дипломдар мен аттестаттарға сәйкес берiледi.
      Дипломдар мен аттестаттарды, сондай-ақ олардың дубликаттарын ресiмдеу мен табыстау тәртiбiн өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының МАК-ы белгiлейдi.
 
          Х. Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардан айыру
                     (оларды қалпына келтiру)
 
      54. Ғылыми дәрежелер немесе ғылыми атақтар жаңсақтықпен жұмыстарының ғылым мен практика үшiн құндылығы жоқ адамдарға берiлген, сондай-ақ олардың көшiрiп алғаны немесе ғылыми қиянат жасағаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының МАК-ы өз құзыретiне сәйкес, әдетте, диссертациялар қорғалған диссертациялық кеңестердiң немесе ғылыми атақтар беру туралы өтiнiш жасаған ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестердiң өтiнiштерiнiң негiзiнде оларды бұл дәрежелерi мен атақтарынан айыра алады.
      55. Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарынан айырылған адамдардан осы дәрежелерi мен атақтарын Қазақстан Республикасының МАК-ы өз құзыретiне сәйкес, әдетте, бұрын осы ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардан айыру туралы өтiнiш жасаған диссертациялық немесе ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестердiң өтiнiштерiнiң негiзiнде, егер бұл үшiн жеткiлiктi негiздер болған жағдайда, қалпына келтiруi мүмкiн.
      Айрықша жағдайларды ескеру талап етiлетiн, соның iшiнде аталған кеңестер қызметiн доғарған ретте ғылыми дәрежеден немесе ғылыми атақтан айыру (қалпына келтiру) туралы өтiнiштер берiлген мәселелер, әдетте, Қазақстан Республикасы МАК-ының тапсыруымен басқа кеңестерде қаралады.
      Кеңестiң отырысы, егер оның жұмысына тiзiмдегi құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда, құқықты болып саналады. Ғылыми дәрежеден немесе ғылыми атақтан айыру (қалпына келтiру) туралы кеңестiң шешiмi, егер жасырын дауыс берудiң нәтижесiнде кеңес құрамының тiзiмдегi мүшелерiнiң жартысынан астамы оны жақтап шықса, қабылданған болып саналады.
      Аттестациялау органдары он жылдан астам уақыт бұрын шешiм қабылданған ғылыми дәрежелер беру мен ғылыми атақтар берудiң негiздiлiгi туралы мәселелердi қарамайды.
      56. Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардан айыру (қалпына келтiру) туралы материалдарды Қазақстан Республикасы МАК-ының Төралқасы қарайды.
      Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардан айыру және оларды қалпына келтiру туралы мәселелердi қарау рәсiмiн өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының МАК-ы белгiлейдi.
 
                  ХI. Аппеляцияларды қарау
 
      57. Диссертациялық кеңестердiң ғылыми дәрежелер беру (қалпына келтiру немесе айыру) мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне мекемелер, ұйымдар, iзденушiлер және басқа тұлғалар диссертация қорғалған жердегi диссертациялық кеңестерге және Қазақстан Республикасының МАК-ына шешiмдер шығарылған күннен бастап, екi ай мерзiмнен кешiктiрмей аппеляциялар (шешiмдерге шағым) бере алады.
      Диссертациялық кеңестiң қорытындысы мен аппеляцияны қарау жөнiндегi басқа да материалдар диссертациялық кеңестiң отырысынан кейiн 10 күн мерзiмде Қазақстан Республикасының МАК-ына жiберiледi.
      58. Диссертациялық кеңестердiң ғылыми дәрежелер беру (қалпына келтiру немесе айыру) мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне берiлген аппеляциялар бойынша шешiмдi диссертациялық кеңестердiң аппеляцияларды қараған материалдары мен Қазақстан Республикасының МАК-ы сарапшы кеңестердiң қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының МАК-ы қабылдайды.
      59. Қазақстан Республикасының МАК-ы Төралқасының ғылыми дәрежелер беру (қалпына келтiру немесе айыру) және ғылыми атақтар беру (қалпына келтiру немесе айыру) мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне Қазақстан Республикасының МАК-ына шешiмдер шығарылған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей аппеляция беруге болады.
      Қазақстан Республикасының МАК-ы Төралқасының осы аталған шешiмдерiне, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-педагог кадрлары қайта аттестациялау мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне берiлген аппеляцияларды Қазақстан Республикасының МАК-ы Төрағасының бұйрығы бойынша құрылған аппеяциялық

 

комиссия екi ай мерзiмде қарайды.

     Аппеляциялық комиссияның қорытындысын Қазақстан Республикасы МАК-ының

Төрағасы қарап, бекiтедi және ол түпкiлiктi шешiм болып табылады.

     60. Осы Ережеде көзделмеген айрықша жағдайларды ескеру талап етiлетiн

мәселелердi Қазақстан Республикасы МАК-ының Төралқасы мен басшылығы шешедi.


     Ереже мыналармен келiсiлдi:


     1. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы

     2. Бiлiм министрлiгi

     3. Денсаулық сақтау министрлiгi

     4. Қаржы министрлiгi

     5. Экономика министрлiгi

     6. Әдiлет министрлiгi