"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының корғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 маусымда № 38938 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24835 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жолдама беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 9 маусымдағы
№ 109 бұйрығына
1-қосымша
  "Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығы мекемесінің қорғау
аймағында тұратын жергілікті
халықтың мұқтажы үшін рұқсат
етілетін әуесқойлық (спорттық)
балық аулауды жүргізуге
жолдама беру" мемлекеттік
қызмет көрсету Қағидасына
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(көрсетілетін қызмет берушінің
толық атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызмет алушының
толық атауы) мекенжайы
___________________________
(ауыл, көше, № үй, № пәтер
(егер бар болса), телефон)
қызмет алушының
деректемелері

Өтінім Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруді сұраймын

Өтінім бойынша деректер

Өтініш нөмірі


Құрылған күні


Адамның негізгі ақпараты

Жеке сәйкестендіру нөмірі


Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болса)


Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі


Номеры


Сериясы


Берілген күні


Аяқталу күні


Берген орган


Мекенжайы

Пошта индексі


Ел/Облыс/Аудан / Елді мекен


Көше атауы


Үй/ғимарат нөмірі


Үй индексі


Пәтер/кеңсе нөмірі


Телефон нөмірлері


Факс нөмірлері


Енгізілген деректерді тексеру

Елді мекен


Жоспарланған аулау

Балық түрі


Саны (қорытынды, килограммда)


Бағасы (тенге)


Балық аулау түрі


Транспорт түрі


Транспорт маркасы


Мемлекеттік нөмірлік белгі


Өтініш түрі коды


Қолданылу мерзімі дейін


Лицензиялық алымды төлеу

Мемлекеттік баж сомасы, айлық есептік көрсеткіші


Мемлекеттік баж сомасы, тенге


Төлем түрі

Төлем мәртебесі

Төленген сома

Құжат нөмірі

Құжаттың күні

Төлем Банкі

Салық органы

Бюджеттік сыныптама коды)

Төлем мақсатының коды

Жеке сәйкестендіру коды

Төлем тапсырмасының сканерленген көшірмесі












      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
____________________________________________________________________
Өтінім берілген күн "___" ______________ 20 ___ жыл.
___________________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 9 маусымдағы
№ 109 бұйрығына
2-қосымша
  "Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының қорғау аймағында
тұратын жергілікті халықтың
мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық) балық
аулауды жүргізуге жолдама
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі

2

Мемлекеттік қызмет көрсету кіші түрінің атауы (бар болғанда)

Талап етілмейді

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"цифрлық үкіметтің" www. egov. kz, (бұдан әрі - Портал)

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

(Цифрлық (ішінара цифрландырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге арналған жолдамалар немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсету қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: цифрлық.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсету қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы

8

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.00-ға дейін.
2) Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсету қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжат нысанындағы өтінім. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету көрсетуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсету қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.