"Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 263-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 маусымда № 38892 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды".;

      3, 4 және 5-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      4. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.

      5. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық Үкіметтің", "Е-лицензиялау" "мемлекеттік деректер базасы" веб-порталы (бұдан әрі – Портал), осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алты ай ішінде таратылатын және ретрансляцияланатын теле -, радиобағдарламаларды жазу және сақтау туралы, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын жібереді.";

      13-тармақтың үшінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.".

      "Отандық теле -, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Отандық теле -, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Отандық теле -, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4 және 5-қосымша осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.";

      3, 4 және 5-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері

      4. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.

      5. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет", "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер базасы" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.";

      13-тармақтың үшінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.".

      "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле -, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мерзімді баспа басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      3, 4 және 5-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері

      4. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.

      5. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет", "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер базасы" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.";

      13-тармақтың үшінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.".

      "Мерзімді баспа басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Мерзімді баспа басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он бесінші, он жетінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық екінші, сондай-ақ қырық үшінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интелект және цифрлық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
1 қосымша
"Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке
қою, куәлігін беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
(отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның
толық атауы)

Өтініш

      Сізден отандық теле-, радиоарна _______________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы) есепке қоюды сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы _________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы _____________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН _____________________________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ____________________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ___________________

      Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: __________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы) атауы)

      Цифрлық жүйелерінде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы)

      Мөр орны (ол болған жағдайда) 20___ жылғы "____" ________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
2-қосымша
"Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысаны
(отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның толық
атауы)

Өтініш

      Сізден _________________________________себебі бойынша

      (себебін көрсету)

      отандық теле-, радиоарна__________________________________________

      (теле-, радиоарнаның атауы қайта есепке қоюды жүзеге асыруды сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта

      көрсетілсе))_______________________________________________________

      (меншік иесінің (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы__________________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      БСН/ЖСН____________________________________

      Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты:__________________

      Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі:___________

      Ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәуліктік көлемі: __________________

      Меншік иесінің ауысуын/меншік құқықтарды беруді растайтын құжаттардың деректері:

      (меншік құқығы өтетін адамның құжатының деректері, құжатының нөмірі мен күні, ЖСН/БСН және тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық- құқықтық нысаны (меншік иесі ауысқан жағдайда толтырылады))

      Р/с № құжаттың деректері

      1.______________

      2.______________

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      __________ 20 __ жылғы "____" __________ (қолы)

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы))

      Мөр орны 20 __ жылғы "_ " _________ (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
3-қосымша
"Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою қайта есепке
қою, куәлігін беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысаны
(отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның толық
атауы)
________________________
_______________________

Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы

      ______________________________

      (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес теле-, радиоарналар өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеп қоюға және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға міндетті) (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны) қолы.

      Қол қойылды және __:__ сағатта жіберілді "__" ______ 20__ жыл

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
4 қосымша
"Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке
қою, куәлігін беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 4-қосымша

Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің
атауы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Ақпарат комитеті

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www. egov. kz, www. elicense. kz. "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

5

мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он)
жұмыс күні.

6

мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара
цифрландырылған)

7

мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету
нәтижесі – отандық теле-,
радиоарнаны есепке қою, қайта
есепке қою туралы куәлік (бұдан
әрі – куәлік), куәліктің осы
Қағидаларда көзделген
жағдайларда және негіздер
бойынша мемлекеттік қызмет
көрсетуден бас тарту туралы
уәжді жауап. Порталда
мемлекеттік қызмет көрсету
нәтижесі не мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту туралы
уәжді жауап көрсетілетін қызметті
берушінің уәкілетті адамының
ЭЦҚ-сымен қол қойылған
электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. Өтініштер қабылданып, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды), теле -, радиоарна меншік иесінің жеке кіреберісі бар үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұсынады;
2) отандық теле-, радиоарнаны қайта қою үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын ұсынады;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы; Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталдан алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) теле -, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
3) меншік иесінің ауысуына орай теле -, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтініште теле-, радиоарнаға меншік құқықтарын басқа адамға беру туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
4) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарнаны есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған теле-, радиоарналардың меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде өтініш берген жағдайда;
5) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екендігі анықталса;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы ол болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы цифрлық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Мәдениет және ақпарат
министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
5-қосымша
"Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке
қою, куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша

Теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны: (үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы көрсетіледі) (алаң шаршы метрде, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу шарттының деректері).

Р/с №

Үй-жайдың типі

Мекенжайы

Сипаттамасы

1

Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы)

2

Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін

3

Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) меншік иесінің атауы және ұйымдық-

      құқықтық нысаны) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-,

      радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға міндеттенеді.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін

      __________ 20__ жылғы "__" _________ (қолы)

      _________________________________________________ __________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы)

      Мөр орны 20__ жылғы "___" _____

      (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
6-қосымша
"Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке
қою, куәлігін беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
____________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның толық атауы)
____________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін орган басшысының
Т.А.Ә. (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта
көрсетілсе)

Өтініш

      Сізден шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қоюды жүзеге асыруды) сұраймын.________________________________________ (қайта есепке қоюды жүзеге асырған жағдайда, себебі көрсетіледі)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, орналасқан жері, ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері) _____________________

      Теле-, радиоарнаның хабар тарату торы _________________________

      (кейінгі айға)

      Теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты ____________________

      Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы ______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))

      Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы ________________________

      (индексі, қала, аудан, көше, үй, телефоны, электрондық мекенжайы)

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау туралы

      ____________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1._________________________

      2._________________________

      __________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы)

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (қолы)

      Мөрдің орны "__" ______20 ___ жыл (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
7-қосымша
"Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке
қою, куәлігін беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің
атауы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Ақпарат комитеті

4

Мемлекеттік қызметтерді және олардың кіші түрлері (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www. egov. kz, www. elicense. kz. "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес)
жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара
цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) куәліктің осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. Өтініштер қабылданып, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының –ЭЦҚ-мен қол қойылған теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға) қоса бере отырып, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі – шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат;
2) Қайта есепке алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) өтініш уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейді;
2) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, экстремизмді немесе терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттауды немесе үгіттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнімдерді, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
3) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытындының болуы;
4) шетелдік теле-, радиоарнаның өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) Порталда есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер жоқ болуы;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
8) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы ол болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
8-қосымша
"Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет-
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
_________________________
(мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет-
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу туралы
куәлікті беретін органның толық
атауы)
_________________________
(Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет-
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу туралы
куәлікті беретін орган
басшысының тегі, аты және
әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта
көрсетілсе))

Өтініш

      Сізден _____________________________ (мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауы, түрі) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық- құқықтық нысаны)

      Шетелдік қатысу (шетелдік қатысу пайызын көрсету)________________

      БСН/ЖСН ____________

      Меншік иесінің мекенжайы_____________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның атауы

      _______________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың материалдары мен хабарларының тілі (тілдері)____________________________

      Болжамды шығару мерзімділігі___________________________

      Негізгі тақырыптық бағыты______________________________

      Таралу аумағы _____________________________________

      Редакцияның мекен жайы ___________________________________

      Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы___________________________________________________

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Мөр орны (ол болған жағдайда)______ (қолы) 20_ жылғы "___"_____

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
9-қосымша
"Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет-
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша
________________________
(мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет -
басылымдарды есепке
қою немесе қайта есепке алу
туралы куәлікті беретін
органның толық атауы)
________________________
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу туралы
куәлікті беретін орган
басшысының тегі, аты және
әкесінің аты (егер ол
жеке басты куәландыратын
құжатта көрсетілсе))

Өтініш

      Сізден ______________________________________өзгеруіне байланысты _____________________________________________________________ (мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауы, түрі) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымын қайта есепке алуды жүргізуді сұраймын.

      Меншік иесі_________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)

      Шетелдік қатысу (шетелдік қатысу пайызын көрсету)________________

      БСН/ЖСН____________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы______________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның атауы________

      Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдар материалдары мен хабарламаларының тілі ______

      Болжамды шығару мерзімділігі _____________

      Негізгі тақырыптық бағыты________________

      Таралу аумағы ______________

      Редакцияның мекенжайы____________________________________

      Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және

      азаматтығы___________________________________________________

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Мөр орны (ол болған жағдайда) ______ (қолы) 20_ жылғы "___"_____

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 263-НҚ бұйрығына
10-қосымша
"Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет-
басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу"

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің
атауы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінің Ақпарат комитеті

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www. egov. kz, www. elicense. kz. "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара
цифрландырылған)

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. Өтініштер қабылданып, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады;
2) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды қайта есепке алу үшін (меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдар атауының, негізгі тақырыптық бағыттылығы мен шығару мерзімділігінің, сондай-ақ тарату аумағының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымына, интернет- басылымдарды есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініштің мазмұны "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
3) меншік иесінің ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымын, интернет- басылымдарды қайта есепке алу туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына, интернет-басылымдарды меншік құқықтарын басқа адамға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
4) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
7) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәлеметтердің) дұрыс еместігін анықтағанда.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар