"Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 маусымда № 38859 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қағидаларға қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 495 бұйрығына
қосымша
Сот сараптамасы органдарында
сот сараптамасын жүргізу құнын
айқындау қағидаларына
қосымша
Нұсқа

Сот – сараптамалық зерттеу жүргізу құны

      Тапсырыс беруші :____________________________________________________

      (сараптама тағайындаушы ұйым аты, оның заңды мекенжайы)

      ___________________________________________________________________

      Орындаушы:_________________________________________________________

      (сараптама жүргізуші ұйым аты, оның заңды мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

Сараптама түрі

Сараптама нөмірі

Сараптаманың аяқталу күні

Жүргізілген сараптаманың бағасы, теңге





      Сомасы: ______________________________________________________теңге.

      (жазбаша)

      Сарапшы толтырды: __________________________________________________

      (қолтаңба) (Ф.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      "Келісілді"

      Директор:_______________ ____________________________

      (қолтаңба) (Ф.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      "___"___________20___ ж.