Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 сәуірде № 38566 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 280 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12490 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жүйе тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шұғыл ден қою тәуекелдерінің бейіні (бұдан әрі – Бейін) мемлекеттік аудит объектілерімен автоматтандырылған цифрлық жүйені пайдалана отырып, уақытында бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау құралы болып табылады және оның нәтижелері ескерту – профилактикалық сипатта болады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бейінді әзірлеу дегеніміз мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы зерделеу, талдау және деректерді салыстыру, соның ішінде цифрлық жүйелерден деректер, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері.".

      2. "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      32-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Уәкілетті орган ІАҚ құрылған мемлекеттік органды бағалау басталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей жоспарлы тәртіппен бағалау жүргізілгені туралы лауазымды адамдарды, бағалаудың басталған және аяқталған күнін көрсете отырып, цифрлық электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы (бұдан әрі – ЭҚАЖ) хабарлама жолдайды.".

      3. "Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17690 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартында:

      11-тармағында:

      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ішкі бақылау мен аудит жүйесін және цифрлық жүйелерін қоса алғанда мемлекеттік аудит мәні бойынша немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметіде ішкі басқару жүйесін;";

      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ақпараттың сыртқы көздерін (ресми статистикалық деректер, бағдарламасының мәніне байланысты мәселелермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының материалдары, бұқаралық ақпарат құралдары, тексерілетін мемлекеттік аудит объектісінің цифрлық жүйесі).".