ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстарының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу құнын айқындау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 163 Бұйрыққа 1 қосымша |
Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар келесі жұмыстардың құнын айқындау үшін арналған:
1) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын;
2) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын.
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және мемлекеттік монополияға жатқызылған, жобаларға сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) сараптама ұйымы – Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) сараптама жұмыстары – жобалау құжаттамасын сараптау, ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық қадағалау мен техникалық зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі жұмыстар.
4. Қаржыландыру көзіне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын сараптама жұмыстарының құны осы Қағидаларға сәйкес белгіленеді.
5. Сараптама ұйымдары орындайтын сараптама жұмыстарының құны осы Қағидаларға сәйкес және (немесе) тапсырыс беруші мен сараптама ұйымы арасындағы шартта белгіленеді.
2 тарау. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау
6. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама және қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу құны келесі формула бойынша айқындалады:
![]()
мұндағы:
СЭ – құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама немесе қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасының құны;
СП – құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжатқа сәйкес айқындалатын құрылыс жобаларын немесе қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жобалау-іздестіру жұмыстарының (бұдан әрі – ЖІЖ) нормативтік құны;
МРПЭ – "бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыру үшін порталда құрылыс жобасын немесе қала құрылысы жобасын тіркеу күніне арналған айлық есептік көрсеткіштің мәні;
МРПП – ЖІЖ құнын айқындау күніне айлық есептік көрсеткіштің мәні;
kЭВ – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын сараптамалық жұмыстар құнының ЖІЖ құнына арақатынасын айқындайтын сараптамалық верификация коэффициенті.
7. Егер жобаларды сараптау шарты бойынша құрылыс жобалары немесе қала құрылысы жобалары бөлімдерінің бір бөлігі ғана қаралуға жататын болса, оны осы Қағидалардың 6-тармағының формуласына ауыстырған кезде ЖІЖ құнынан жобалар сараптамасына жатпайтын бөлімдердің құны алынып тасталады.
Құрылыс жобаларының немесе қала құрылысы жобаларының жекелеген бөлімдерінің нормативтік құны құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжатта келтірілген жобалардың құнын олардың бөлімдері бойынша бөлудің салыстырмалы көрсеткіштеріне сәйкес айқындалады.
8. Мемлекеттік нормативтік құжаттарда құрылыс жобаларының немесе қала құрылысы жобаларының нормативтік құнының көрсеткіштері болмаған жағдайда, жобаларды сараптау құны жобалау саласындағы сарапшылардың жоспарланған еңбек шығындары бойынша сметаны (калькуляцияны) жасаумен, жеке есеппен айқындалады.
9. Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы және қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы бойынша сараптама жұмыстары мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда орындалған сараптама жұмыстарының құны сараптама жұмыстарының жалпы құнын шартта белгіленген сараптама жүргізудің нормативтік ұзақтығының жұмыс күндерінің санына бөлу (сарапшылардың ескертулерін жоюға арналған нормативтік мерзімді есепке алмағанда) және сараптама жұмыстары басталған күннен бастап сараптама жұмыстары тоқтатылған күнге дейінгі жұмыс күндерінің санына көбейту (сарапшылардың ескертулерін жоюға арналған нормативтік мерзімді есепке алмағанда) жолымен айқындалады.
| Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына қосымша |
Сараптамалық верификация коэффициентінің мәндері кестесі
ЖІЖ құны мың АЕК, ҚҚС-сыз | СВК коэффициенті | ЖІЖ құны мың АЕК, ҚҚС-сыз | СВК коэффициенті |
1 | 2 | 1 | 2 |
до 0,93 | 0,1728 | 185,81 | 0,0152 |
1,86 | 0,1727 | 278,71 | 0,0128 |
2,79 | 0,1354 | 418,06 | 0,0108 |
4,65 | 0,0996 | 557,42 | 0,0096 |
7,43 | 0,0751 | 706,06 | 0,0087 |
8,36 | 0,0700 | 836,13 | 0,0082 |
12,08 | 0,0561 | 1021,94 | 0,0077 |
15,79 | 0,0478 | 1207,74 | 0,0073 |
19,51 | 0,0421 | 1393,55 | 0,0070 |
23,23 | 0,0379 | 1579,35 | 0,0068 |
26,94 | 0,0346 | 1765,16 | 0,0066 |
38,09 | 0,0281 | 1950,97 | 0,0064 |
46,45 | 0,0250 | 2136,77 | 0,0063 |
69,68 | 0,0230 | 2322,58 | 0,0061 |
92,90 | 0,0211 | от 2573,55 | 0,0058 |
139,35 | 0,0174 |
Ескертулер:
1. Осы кестені пайдаланған кезде (1-бағанмен салыстырған кезде) ЖІЖ құны және ол көрсетілген айлық есептік көрсеткіштің мәні ЖІЖ құнын айқындау күніне ағымдағы бағаларда қабылданады.
2. Аралық мәндер интерполяция арқылы анықталады.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 163 Бұйрыққа 2 қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтар тізбесі
1. "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген).
2. "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 369 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15373 болып тіркелген).
3. "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 840 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17848 болып тіркелген).