БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, "Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, "Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларың және Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы";
осы бұйрықпен бекітілген Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерің және "Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Осы жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары мен мерзімдерің және "Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" (бұдан әрі - Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды, жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің сәйкессіздіктерін белгілеу және "Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытындыны беру" және "Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру".";
4, 5, 5-1, 6 және 7-тармақтар мындай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес "Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытындыны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде (бұдан әрі - № 1 Тізбе) келтірілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу жөнінде өтініш береді, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы № 1 Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды беру: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсыну кезінде:
көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" нәтижені алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталады не ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынады.
Көрсетілетін қызметті алушы № 1 Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық зерттеп-қарау бөлімі мұрағатының қызметкері түгендеу істерін іздестіруді және жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық зерттеп-қарау бөлімінің қызметкері мынадай әрекеттерді жасайды:
жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін дерекқорға енгізу бойынша:
жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізеді;
көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу туралы хабарлама жіберіледі;
жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны дайындау бойынша әзірленген кадастрлық паспортты және қорытындыны басшылыққа келісуге және қол қоюға жібереді.
Жеке кабинетке жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша орындалған жұмыс үшін қосымша ақы төлеу қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.
Жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық паспортты беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру тәртібі мен процесі осы Қағиданың 3-тарауымен регламенттелген.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы ЭЦҚ арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу - бір жұмыс күні;
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру:
пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер үшінші жұмыс күніне беріледі;
жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бесінші жұмыс күніне беріледі;
жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері жетінші жұмыс күні беріледі;
жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын объектілер оныншы жұмыс күніне беріледі;
бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері бесінші жұмыс күні беріледі.
Жылжымайтын мүлік объектісінің бірінші күрделілік санатына Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32746 болып тіркелген) Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес төрт үй-жайдан аспайтын тік бұрышты нысандағы құрылыстар жатады.
Мерзімді одан әрі ұзарту көрсетілетін қызметті алушымен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына байланысты жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап екі айдан аспайды.
5-1. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші:
үш күннен кем мерзім белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады;
үш күндік мерзімнен асатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны жөнінде хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастырады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама;
жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама;
кадастрлық паспортты қоса бере отырып жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің сәйкессіздігін белгілеу туралы қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің жүргізілген техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Бұл ретте Жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын бергені үшін қосымша ақы төленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі, ал заңды тұлғалармен қызметтерді көрсетуге шарт жасалған кезде қосымша қол қойылған орындалған жұмыстар актісі ұсынылады.
7. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау барысында жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын жүргізу үшін қажетті ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамалары айқындалады.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері жылжымайтын мүлік объектісін техникалық зерттеп-қарау үшін шығуды жүзеге асырады;
2) маман берілген өтініш шеңберінде жаңадан салынған және жапсарлас салынған құрылыстар мен ғимараттарды қайта жаңарту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау фактілерін анықтау мақсатында жылжымайтын мүлік объектісін тексеріп, өлшеу жүргізеді;
3) жер учаскесінің сыртқы шекараларының анықталған өзгеруі немесе құрылыстар мен құрылысжайларды тұрғызуға немесе бұзуға, не объектіні жүргізілген қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға байланысты өзгертуге байланысты жер учаскесінің ішкі жағдайларының өзгеруі ескеріле отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Абрис жасайды;
Бұрын жасалған абрис сақталады, оған түзетулер енгізуге жол берілмейді. Абрис, онда бейнеленетін құрылыстар мен құрылысжайлар өзінің кескіні бойынша шындыққа жақын және салыстырмалы масштабта орналасуы үшін электронды түрде немесе қарапайым қарындашпен жасалады.
4) жер учаскесінің қолданыстағы жоспарына жапсарлас салынған құрылыстар мен құрылысжайларды, сондай-ақ қайта жаңартылған, жаңадан салынған объектілерді олардың конфигурациясы өзгерген жағдайда енгізеді және анықталған өзгерістерді ескере отырып, экспликацияны толтырады;
5) өзгерістерді ескере отырып, әр қабаттық жоспарды сызады және оған экспликация толтырады;
6) мемлекеттік қызмет құнын есептеуді жүргізеді;
7) жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық паспортты дайындайды;
8) дайындалған кадастрлық паспорт басшымен келісіледі және қол қойылады;
9) барлық жаңа және өтелген материалдар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес бірыңғай түгендеу ісіне қалыптастырылады, өтелген материалдар жойылмайды, ал хронологиялық тәртіппен түгендеу ісіне тігіледі.
Алшақтықтарды анықтау жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау негізінде жүзеге асырылады. Анықталған сәйкессіздіктер туралы мәліметтер жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізіледі және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер фактілері көрсетіле отырып қорытынды дайындалады.
Кадастрлық паспортта жылжымайтын мүліктің негізгі объектісінің техникалық сипаттамалары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік (шаруашылық) құрылыстар мен құрылысжайлардың техникалық сипаттамалары толтырылады.
Жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі ауысқан кезде кадастрлық паспорт заңды күшін сақтайды, өйткені бастапқы немесе кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат болып табылады.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі бойынша болып жатқан жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің атауы, сондай-ақ ғимараттардың, өзге де құрылыстардың (мекенжайлардың) реттік нөмірі немесе кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде Мемлекеттік корпорация 1 жұмыс күні ішінде сол орынға бармай, өтеусіз негізде кадастрлық паспортқа түзетулер енгізеді.
Құқық белгілейтін құжатта қамтылған жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің нақты деректерімен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші көрсетілетін қызметті берушіге осындай алшақтықтарды анықтау үшін өтініш беруге құқылы.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау барысында көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын жүргізу үшін қажетті ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын айқындайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің": www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының № 2 Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасымен көрсетілетін қызметті берушіге өтініші негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы № 2 Тізбеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық зерттеп-қарау бөлімі мұрағатының қызметкері түгендеу істерін іздестіруді және жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы телнұсқа беруден бас тарту үшін негіз болмаған жағдайда, жылжымайтын мүлік объектісің кадастрлық паспортын түгендеу ісінен көшірмесін шығарады, басшылыққа қол қою үшін жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы одан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды."
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - "Телнұсқа" электрондық белгісі бар жылжымайтын мүлік кадастрлық паспортының телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалардың оң жақ жоғарғы бұрышы қазақ тілінде мынадай редакцияларда жазылсын, орыс тілінде мәтін өзгермейді:
11-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытынды беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы. |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 21/НҚ бұйрығымен бекітілген Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне енгізу және ғимараттарды, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларына (бұдан әрі – тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы) сәйкес айқындалады. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік корпорация филиалдарында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiс сағат 13.00-тен 14.00-ге дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің - www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
"Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне "Телнұсқа" электрондық белгісі бар жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда ЭЦҚ болған немесе бір реттік құпия сөз пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алады. Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде рүқсат етілген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет. |