ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолднаысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 маусымда № 32759 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген ерекше тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
2 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"2. "Түпкілікті пайдаланушысының сертификатын және халықаралық импорттық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
7 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"7. Лицензия шартқа (келісімшартқа) енгізілген тауарлар атауларының санына қарамастан, бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (бұдан әрі – СЭҚ ТН) сәйкес әрбір тауар түріне бір он таңбалы кодты және Бақылау тізіміне сәйкес бір тауар кодын көрсете отырып, бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде беріледі.";
13 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"13. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушыда бар рұқсат беру құжаттары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін көрсетілетін қызметті алушыға қолданылған әкімшілік жазалар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
16,17,18,19,20 тармақтарын келесі редакцияда баяндалсын:
"16. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өзіндік ерекшелігі бар тауарлар тауарлардың экспортына лицензия, қос мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия алуға өтінішті қарау кезінде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы, ұсынған құжаттарды "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға жібереді (бұдан әрі – тиісті мемлекеттік органдар), лицензия беру мәселесін келісу үшін.
Көрсетілетін қызметті берушінің сұранысы негізінде тиісті мемлекеттік органдар он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы жауап жібереді.
Тиісті мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда, лицензия беру автоматты түрде келісілген деп есептеледі.
17. Көрсетілетін қызметті алушы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия, қос мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды қарау кезінде жауапты орындаушы сұрау салумен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 283 қаулысымен бекітілген уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарына сұрау салуды жібереді
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан жауап алғаннан кейін жауапты орындаушы алынған ақпарат негізінде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді.
Тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салумен бір мезгілде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін (бұдан әрі-растау) оның түпнұсқалығына тексеру жүргізу үшін мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі оның түпнұсқалығын тексеру кезеңінде көрсетілетін қызмет алушының өтінішін қарау мерзімі тиісті растау алынғанға дейін көрсетілетін қызмет берушімен тоқтатылады.
18. Бақылау тізімінде көрсетілген 1С350 немесе 10С905 бақылау кодтарына сәйкес келетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия немесе қос мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия алуға өтінішті қарау кезінде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін тексерілгенін растау үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне оның түпнұсқалығын тексеруді растауды алу үшін мынадай жағдайларда жібереді:
1) сыртқы сауда келісімшартына сәйкес контрагентке бастапқы экспорты болған жағдайда;
2) уәкілетті органның экспортты жүзеге асыру кезіндегі ықтимал тәуекелдер туралы мемлекеттік органдардан ақпарат алуы болған жағдайда.
Көрсетілетін қызметті алушы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия немесе қос мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия алуға құжаттар ұсынылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге салыстыру үшін алушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқасын ұсынады.
Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласына қатысты қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
19. Заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі-Заңдар) белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортына лицензияны, қосарланған мақсаттағы тауарлар немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар экспортына жалпы лицензияны, өзіндік ерекшелігі бар тауарлар импортына лицензияны алуға өтінішті қарау кезінде, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін жоғарда айтылған Заңдарда белгіленген және негізгі талаптар тізбесінде баяндалған негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе өтініште көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайы бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі Мемлекеттік қызмет көрсету. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензияны, қайта ресімделген лицензияны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төну қаупі туындаған жағдайда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің сақталмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған ақпарат жария етуге және (немесе) таратылуға жатпайды.
20. Жүргізілген тәуекелдерді бағалау, мемлекеттік органдардың жауабы және алушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқалығын тексеру нәтижелері негізінде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - лицензияны не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі "E-license" ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі және сақталады.
Берілген лицензиялар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың қозғалысын бақылау мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне жолданады және сақталады.";
Қағидаларының 1, 2 және 3-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
Экспортқа өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жүзеге асыру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары аталған бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптары жаңа редакцияда осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес баяндалсын;
Импортқа өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жүзеге асыру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары аталған бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптары жаңа редакцияда осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес баяндалсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына 1 қосымша Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларына 1-қосымша |
"Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына және импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына және импортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия беру кезінде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия беру; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
| "Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына немесе импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымша 1-нысан |
"Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия алу үшін өтініш
";
| 2-нысан |
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия алу үшін өтініш
| 3-нысан |
Қосарланған мақсаттағы тауарлар мен ұлттық қауіпсіздік пайымдаулары бойынша бақыланатын тауарлардың экспортына лицензия алуға арналған өтініш
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына 2 қосымша Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
|
Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан |
Астана қ. | г. Астана | |
Нөмірі: [құжат нөмірі] | Берілген күні: [берілген күні] жылы | |
[Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН/ЖСН] | ||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ | ||
"Өнеркәсіп комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Сіздің өтінішіңізді [жыл] № [кіріс құжатының нөмірі] қарағаннан кейін мынаны хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі] | ||
[Қол қоюшының лауазымы] | [Қол қоюшының Т. А. Ә. (бар болса)] | |
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспортына арналған лицензия
1. № лицензия | |
2. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН) | |
3. Дайындаушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН (Қазақстан Республикасының резиденті үшін)) | |
4. Сатып алушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) | |
5. Жөндеу / жаңғырту / қайта өңдеу / ауыстыру / қайтару үшін қабылдау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлға (толық атауы, елі, мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) | |
6. Соңғы пайдаланушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) | |
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы | 8. Лицензияның қолданылу мерзімі |
9. Лицензияны сұрату үшін негіздеме (шарт, келісімшарт, келісім немесе сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы өзге де иеліктен шығару құжаты) | |
10. Өнімнің атауы және олардың пайдалану мақсаты | |
11. Әкету мақсаты | |
12. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды | 13. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
14. ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі немесе қосымша) | 15. Жиынтық саны |
16. Келісімшарт валютасы | 17. Келісімшарт валютасындағы жалпы құны |
18. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банктің атауы | |
19. Келісілді | |
20. Өтініш берушіден тегі, аты, әкесінің аты (оның бар) _______________ лауазымы _______________ | 21. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы – лицензиар _______________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________ лауазымы _______________ күні _______________ |
22. Лицензияның ерекше шарттары | |
| 2-нысан |
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына арналған лицензия
1. № лицензия | |
2. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН) | |
3. Түпкілікті пайдаланушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН) | |
4. Сатушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы) | |
5. Шыққан елі | |
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы | 7. Лицензияның қолданылу мерзімі |
8. Лицензияны сұрату үшін негіздеме (шарт, келісімшарт, келісім немесе сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы өзге де иеліктен шығару құжаты) | |
9. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың атауы және олардың пайдалану мақсаты | |
10. әкелу мақсаты | |
11. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды | 12. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды |
13. ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі немесе қосымша) | 14. Жиынтық саны |
15. Келісімшарт валютасы | 16. Келісімшарт валютасындағы жалпы құны |
17. Есеп айырысу (валюталық) шоттарының нөмірлері, банктің атауы | |
18. Келісілді | |
19. Өтініш берушіден тегі, аты, әкесінің аты (оның бар) _______________ лауазымы _______________ | 20. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы – лицензиар _______________ тегі, аты, әкесінің аты (оның бар) _______________ лауазымы _______________ күні _______________ |
21. Лицензияның ерекше шарттары | |
| 3-нысан |
Ұлттық қауіпсіздік себептері бойынша бақыланатын және қосарланған мақсаттағы тауарлардың экспортына жалпы лицензия
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
№ п/п | Квалификационные требования | Документы | Примечание |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға ниетін растау | Барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен сыртқы сауда шарты (келісімшарты), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат |
Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) оған барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен қолданылу мерзімі болмаған жағдайда, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат ұсынылмаған кезде, мәмілеге қатысушылардың мөрімен және қолымен расталған жазбаша нысанда келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың (келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні немесе тараптардың ниетін растайтын өзге құжат көрсетіле отырып) жарамдылығын растауды ұсыну қажет. |
2 | Егер өтініш беруші ретінде делдал болса, тараптардың өнімді сатып алу жөніндегі ниетін растау | Барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен жасалған шарт (келісімшарт), ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат | Мәмілеге қатысушылар арасында Қазақстан Республикасындағы өндірушіден экспорттаушыға дейін шарт ұсынылады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің әскери мақсаттағы өнімі экспортталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінен немесе оның құрылымдық бөлімшелерінен бастап экспорттаушыға дейін мәмілеге қатысушылардың барлығы арасында шарт беріледі |
3 | Өнімнің айналысына (пайдаланылуына) байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы | "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті қызмет түрін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға лицензия | Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының осы құжатының мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады; Егер өтініш беруші делдал ретінде әрекет еткен жағдайда, Қазақстан Республикасындағы мәміленің барлық қатысушыларының лицензиялары да беріледі |
4 | Алушы елдің Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалану және оны Қазақстан тарапының келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу туралы міндеттемесінің болуы |
Мыналарды: тауардың атауы мен саны; |
Түпкі пайдаланушының сертификаты, халықаралық импорттық сертификат немесе алушы елдің құзыретті органы берген өзге кепілдік құжат мынадай жағдайларда ұсынылмайды: |
5 | Сыртқы сауда мәмілесіне шетелдік қатысушының делдалдық қызметті жүзеге асыруға рұқсатының болуы | Сыртқы сауда мәмілесіне шетелдік қатысушының әскери мақсаттағы өніммен делдалдық қызметті жүзеге асыруға шетелдік қатысушының шетелдік қатысушының уәкілетті мемлекеттік органы берген рұқсаты | Егер сыртқы сауда мәмілесінің шетелдік қатысушысы делдал ретінде әрекет еткен жағдайда. Бақылау тізіміне сәйкес "Әскери қолдану (тағайындау) тауарлары мен технологиялары" санатына жатқызылған өнімдер үшін ғана |
6 | Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесінің болуы | "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың Фирмаішілік жүйесін құру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес өтінім беруші бекіткен нақты тауарларды бақылаудың Фирмаішілік жүйесінің бағдарламасы |
Ұсынылмайды: |
7 | Әскери тауарларды экспорттаудың қажеттілігін растайтын құжат | Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарының қолымен расталған, әскери тауарларды экспорттаудың қажеттілігін куәландыратын хат | Тек бұрын импортталған өзіндік ерекшелігі бар әскери тауарларды жөндеу, жаңарту, қайта өңдеу немесе кепілдік бойынша ауыстыру мақсатында экспорттау жағдайында ғана ұсынылады. |
Қайта экспорттау жағдайында | |||
8 | Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды қайта экспорттауға рұқсаттың болуы | Қазақстан Республикасының аумағына импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды қайта экспорттауға шығу тегі елінің және/немесе экспорттаушы елдің құзыретті органы берген рұқсат | Тек қайта экспорттау жағдайында ғана ұсынылады. |
Жөндеуге шығарылған жағдайда | |||
9 | Мәлімделген өзіңдік ерекшелігі бар тауардың істен шыққанын растайтын құжаттың болуы | Мәлімделген өзіндік ерекшелігі бар тауардың істен шыққанын растайтын құжат | |
10 | Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға тараптардың ниетін растайтын құжат | Сыртқы сауда келісімшарты (келісімшарты), оған барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге, ал сыртқы сауда келісімшарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға тараптардың ниетін растайтын өзге де құжат | Лицензия берудің негізі сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болып табылған жағдайда, ал оның болмаған кезінде – Қазақстан Республикасына өнімді әкелуге тараптардың ниетін растайтын өзге құжат ұсынылса, аталған шартта (келісімшартта) не өзге құжатта жөндеу жүргізуді көздейтін тармақ көзделуге тиіс. |
11 | Жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаның өзіндік ерекшелігі бар тауарды жөндеуге қабылдауға дайын екендігін растайтын құжат | Жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаның жөндеу үшін өзіндік ерекшелігі бар тауарды қабылдауға дайындығын растайтын құжат | Лицензия берудің негізі сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болып табылған жағдайда, ал оның болмаған кезінде – жөндеуді жүзеге асыруға тараптардың ниетін растайтын өзге құжат болған кезде, бұл құжатты ұсыну талап етілмейді. |
0 санатына жатқызылған өнімдер | |||
12 | Алынатын өнімді бейбіт мақсатта пайдалануды және оны кері экспорттауға немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз үшінші елдерге беруге жол бермеуді растау | Алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген алынатын өнімді бейбіт мақсатта пайдалану туралы * * ресми куәландыру | 1968 жылғы 12 маусымдағы ядролық қаруды таратпау туралы шартқа сәйкес өнімді ядролық қаруы бар елдерге экспорттау кезінде; өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, өнімді өндірушіге қайтару кезінде ұсынылмайды. |
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 санаттарға жатқызылған өнімдер (тек ядролық жеткізушілер тобы үшін) | |||
13 | Алынатын өнімді бейбіт мақсатта пайдалануды және оны кері экспорттауға немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз үшінші елдерге беруге жол бермеуді растау | Импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы тарапынан алынатын өнімді бейбіт пайдалану туралы * * * ресми растау | 1968 жылғы 12 маусымдағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа сәйкес ядролық қаруы бар мемлекеттерге өнімді экспорттау кезінде, сондай-ақ өнімді өндірушіге қайтару барысында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, бұл талап қолданылмайды. |
Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттарды қоспағанда) заттар мен оларды қолданатын бұйымдар | |||
14 | Халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілген көлік құралының болуы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 тіркелген) |
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен тасымалданған жағдайда |
15 | 1, 6 және 7-сыныптардағы қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаттың болуы | "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7-сыныптардағы қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 тіркелген) | Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен тасымалданған жағдайда |
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
р/с № | Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға ниетін растау | Барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен сыртқы сауда шарты (келісімшарты), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат | Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) оған барлық қосымшалармен және (немесе) толықтырулармен, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттын қолданылу мерзімі болмаған жағдайда, жазбаша нысанда көрсетілген келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын мәмілеге қатысушылардың мөрімен және қолымен расталған (келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күнін немесе тараптардың ниетін растайтын өзге де құжатты көрсете отырып) жарамдылығын растауды ұсыну қажет; |
2 | Егер өтініш беруші ретінде делдал болса, тараптардың өнімді сатып алу жөніндегі ниетін растау | Барлық қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен жасалған шарт (келісімшарт), ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат | Мәмілеге қатысушылар арасында импорттаушыдан бастап соңғы тұтынушыға дейін шарттар ұсынылады; Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) оған барлық қосымшалармен және (немесе) толықтырулармен, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттын қолданылу мерзімі болмаған жағдайда, жазбаша нысанда көрсетілген келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын мәмілеге қатысушылардың мөрімен және қолымен расталған (келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күнін немесе тараптардың ниетін растайтын өзге де құжатты көрсете отырып) жарамдылығын растауды ұсыну қажет; |
3 | Ішкі нарықта рұқсат беру тәртібі енгізілген өнімнің айналымына, пайдаланылуына байланысты қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуы | Өтініш берушінің "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті қызмет түрін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) | Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының осы құжатының мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады; Егер өтініш беруші делдал ретінде әрекет еткен жағдайда, Қазақстан Республикасындағы мәміленің барлық қатысушыларының лицензиялары (рұқсаттары) да беріледі |
4 | Түпкі пайдаланушының импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды мақсатты пайдалану және импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттаушы елдің құзыретті органының рұқсатынсыз және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттауға лицензиясыз үшінші елдерге бермеуі туралы міндеттемесі | Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды мақсатты пайдалану және импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттаушы елдің құзыретті органының рұқсатынсыз және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттауға лицензиясыз үшінші елдерге бермеу туралы түпкілікті пайдаланушының ресми куәландыруы | |
0 санатына жатқызылған | |||
5 | Алынатын өнімді бейбіт мақсаттарда пайдалануды растау | Қазақстан Республикасында түпкілікті пайдаланушы тарапынан алынатын өнімді бейбіт мақсатта пайдалану туралы ресми куәландыру * * | Сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасында сыртқы экономикалық сатып алу-сату келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының мәтінінде куәліктердің болуына жол беріледі. |
6 | Өнімнің шығарылған елін растайтын құжаттың болуы | Шығарылған елдің құзыретті органдары берген өнімнің шығу сертификаты | |
1-санатқа жатқызылған өнімдер (тек химикаттар үшін) | |||
7 | Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортының болуы | "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты | |
8 | Өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы | Үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу туралы өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты, Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жасалған | |
9 | Жаңа сақтау қоймаларын салу немесе реконструкциялау кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы | Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі | |
10 | Экологиялық талаптарды сақтау | Кәсіпорынмен қалдықтарды, оның ішінде пайдаланылған өнімнің ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге арналған шарттың көшірмесі | Егер өтініш беруші ретінде делдал болған жағдайда |
11 | Сыртқы сауда келісімшартында (келісімшартта) экспорттаушыға ақаулы өнімді қайтару тәртібі көрсетілген тармақтың болуы. | Экспорттаушыға ақаулы өнімді қайтару міндеттемесі көрсетілген сыртқы сауда келісімшарты (келісімшарты). | |
12 | Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі | Сақтау қоймасына санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі | |
13 | Халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген көлік құралының болуы | "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік | Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда Халықаралық тасымалдауда қауіпті жүктің тасымалдануына көлік құралын жарамдылық сертификатын тасымал бақылау саласындағы уәкілетті орган шетелдік мемлекеттер тарапынан берілген жағдайда ұсынуға рұқсат етіледі. |
14 | 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаттың болуы | "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат | Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда |
Санаттарға жатқызылған өнімдер 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 (тек ядролық жеткізушілер тобы үшін) | |||
15 | Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының келісімінсіз алынатын өнімді бейбіт мақсаттарда пайдалануды растау және оны кері экспорттауға немесе үшінші елдерге беруге жол бермеу | Қазақстан Республикасында түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын өнімді бейбіт мақсатта пайдалану туралы ресми куәландыру* * * | Сатып алу-сату сыртқы экономикалық келісімшартының (шартының) немесе сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы өзге де иеліктен шығару құжатының мәтінінде растаулардың болуына жол беріледі. |
Ұлттық қауіпсіздік себептері бойынша бақыланатын өнім (атом энергиясын пайдалану саласында) | |||
16 | Өнімді Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат | Медициналық бұйымға тіркеу куәлігі | Тек медициналық жабдықтар үшін |
Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар | |||
17 | Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсаттың болуы | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органы берген жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат | |
18 | Халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген көлік құралының болуы | "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік | Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда Халықаралық қатынаста қауіпті жүктің тасымалдануына көлік құралын жарамды деп тану туралы куәлікті тасымал бақылау саласындағы уәкілетті органның шетелдік мемлекеттер берген құжатын ұсынуға рұқсат етіледі. |
19 | 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаттың болуы | "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) сәйкес көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат | Автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда |
Азаматтық пиротехникалық заттар және олар қолданылып жасалған бұйымдар | |||
20 | Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға рұқсаттың болуы | Аумақтық ішкі істер органы берген азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияның көшірмесі | Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының осы құжатының мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. |
21 | Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған 1-4-сыныпты бұйымдарды сақтауға рұқсаттың болуы | Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы салаларындағы рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығына сәйкес аумақтық ішкі істер органы заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының осы құжатының мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады; Өнеркәсіптік жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сақтауға лицензиясы бар ұйымның азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды оларды қолдана отырып сақтау шартын ұсынуына жол беріледі |
