"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 қаңтарда № 37854 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурсты ұйымдастырушының бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде енгізіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал жекеше әріптесті айқындау бойынша қайталама конкурс өткізілетін жағдайда – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап конкурстық өтінімдерді беру мерзімінің өтуі өзгертілген конкурстық құжаттама орналастырылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында белгіленген тәртіппен сараптамаларға және келісуге жібереді.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Комиссия конкурстық құжаттамада белгіленген үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарын, оның ішінде мынадай өлшемшарттарды:

      1) конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемінен аспайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемін;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімін;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартуға жататын жекеше әріптес қаражатының көлемін;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану мерзімдерін (айлар, жылдар);

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты объектісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін;

      6) елішілік құндылық үлесі бойынша ақпаратты;

      7) іске асырылған жобалардың тәжірибесін (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының объектісіне ұқсас объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану тәжірибесінің болуы (дербес не қатысушы ретінде өзге тұлғалармен бірлесіп);

      8) білікті мамандардың болуын;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде өндірілетін тауарларға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған шекті бағаларды (тарифтерді), осындай бағаларға (тарифтерге) үстемеақыларды;

      10) жекеше әріптес өзіне қабылдайтын тәуекелдерді ескере отырып жүзеге асырады.";

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісуге, конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы хаттаманың көшірмелерін қоса бере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға, сондай-ақ табиғи ресурстар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша) жібереді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келісу, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, келісу не әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептері көрсетіле отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.";

      223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "223. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінің, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің 14-тарауына сәйкес жүзеге асырады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеу бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның (жергілікті жобалар бойынша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігі туралы растайтын хаты ұсынылған кезде тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.";

      Осы Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Осы Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жекеше әріптес МЖӘ шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімі басталған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына объектіні мемлекеттік меншікке беру туралы өтінішпен жүгінеді.

      Егер МЖӘ шартында өзгеше белгіленбесе, МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімінің басталған кезі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіту күні болып табылады.

      Жекеше әріптес МЖӘ объектілерін мемлекеттік меншікке беру үшін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына өтінішпен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Жекеше әріптес МЖӘ объектісін мемлекеттік әріптеске МЖӘ шартының талаптарына сәйкес келетін тиісті техникалық жағдайда беруді қамтамасыз етеді.";

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларына қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 16 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа 1-қосымша
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
  жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау және іске асыру
қағидаларына 6-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы техникалық-экономикалық негіздемесінің құрылымы

Атауы

Толтыру бойынша ұсынымдар

1. Жобаның паспорты

Жобаның атауы

жобаның толық атауы көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

мемлекеттік әріптестің толық атауы көрсетіледі

Конкурсты ұйымдастырушы

конкурсты ұйымдастырушының толық атауы көрсетіледі

Жобаның қысқаша сипаттамасы

жобаның мәні, оның ішінде жобаның ауқымы, жобаның қуаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар көрсетіледі

Жобаны іске асыру саласы (аясы)

экономиканың саласы (аясы) көрсетіледі

Іске асыру орны

жобаны іске асыру орны көрсетіледі (мекенжайы не талаптары не орналасқан жерінің сипаттамасы)

Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетіледі

Жобаның құны

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағы шеңберінде есеп айырысу үшін қабылданған ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы (қажет болған жағдайда) жобаның жоспарланған жалпы құны, оның ішінде: инвестициялық шығасылар; пайдалану шығындары; өзге де шығасылар;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландырудың болжамды көздері;
мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен мөлшерлері көрсетіледі.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері

жобаның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі

Жекеше әріптесті айқындаудың болжамды тәсілі

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау тәсілі көрсетіледі

Байланыс деректері

әзірлеуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс телефоны және электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

2. Кіріспе

Жобаны іске асыру қажеттігінің негіздемесі

мыналар:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру арқылы шешу жоспарланып отырған саладағы (өңірдегі) проблема;
3) әлеуетті жекеше әріптестер тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мүдделіліктің болуы туралы ақпарат көрсетіледі

Ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі

экономиканың осы саласында (аясында) ұқсас мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі көрсетіледі

мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлік туралы ақпарат

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамына кірмейтін (меншік, баланс ұстаушы, шектеулер мен ауыртпалықтар), бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында пайдаланылатын өзге де мүліктің құқықтық мәртебесі;
2) жобаны іске асыру барысындағы және оны іске асыру аяқталғаннан кейінгі жобаға қатысушылардың әрқайсысының мүліктік құқықтарының көлемі көрсетіледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу немесе дамыту кезінде оның ретроспективасы (объектінің пайдалануға берілген күні, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар және осы объектіге қатысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
Археологиялық және мемлекет ерекше қорғайтын өзге де объектілердің жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының оларға әсері туралы мәліметтер келтіріледі.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі

негізгі қаражатты қайта бағалау, соңғы күнтізбелік үш жылда іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру туралы ақпаратты және басқа да мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат көрсетіледі

3. Институционалдық бөлім

мыналар:
1) тараптардың өзара іс-қимыл жасау тетіктері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңде жауапкершілігі (тараптардың өзара іс-қимыл схемасын қоса) туралы ақпарат;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде қызметтің болжамды түрлері, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілуі жоспарланбайтын қызмет түрлері туралы ақпарат;
3) институционалдық шешімдер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың балама нұсқаларының салыстырмалы талдауы көрсетіледі

4. Маркетингтік бөлім

мыналар:
1) экономиканың (өңірдің) саласы (аясы) проблемасының сипаттамасы;
2) сұраныстың сандық параметрлерін, оның тенденцияларын талдау және негіздеу немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде өндіруге жоспарланған өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қажеттілікті бағалау;
3) саладағы (өңірдегі) ағымдағы ахуал ескеріле отырып және тұтынушылар санаттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде жүргізілетін өнімдердің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемдерін, түрлерін және бағаларын талдау;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өнімнің өндірушілері мен жеткізушілері, бағалары, сапасы және жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
5) жобаның инвестициялық та, инвестициядан кейінгі кезеңде де тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тартудың негіздемесі;
6) SWOT-талдау (Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities (мүмкіндіктер), Threats (қатерлер) - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін айқындау және бағалау) көрсетіледі. Пайдаланылған ақпарат көздері мен маркетингтік зерттеулерді жүргізу әдістемелері жүргізілген маркетингтік зерттеулер туралы есеппен бірге міндетті түрде көрсетіледі

5. Қаржылық бөлім

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде салынуы жоспарланған инвестициялар көлемі, оның ішінде: есептеулермен расталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салудың (құрудың) болжамды құны;
2) пайдалану шығасыларының (өндірістік шығасылардың, күтіп-ұстауға арналған ағымдағы шығыстардың) есебі;
3) жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
4) есептеулердің негіздемелері мен тарифтердің елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы мәліметтер қоса берілген көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) алдын-ала есептеулері;
5) егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жоспарланса, мыналарды:
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;
көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
реттелмей көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) болған жағдайда көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты; қаржылық есептілікті;
тарифте ескерілетін қолданыстағы амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламалардың нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқуы болған жағдайда оның себептерін түсіндіруді;
субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың, болған жағдайда, дебиторлық берешектерінің деңгейін және кредиторлық берешек төлемдерін төмендету жөніндегі кешенді іс-шараларды;
болған жағдайда, нормативтік шығындарды азайту және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтитын, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;
6) мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттігі мен мүмкіндігін және жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін талдаудың нәтижелері, оның ішінде түрлері, көлемі, мерзімдері мен оларды ұсынудың болжамды шарттары;
7) ақша қаражатының қозғалысын есептеу және кірістер мен шығыстар туралы есеп;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тиімді мерзімін айқындау;
9) дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде келтірілген таза құнды есептеу (Net Present Value – NPV), ішкі кірістілік нормасы (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайда мен шығындардың арақатынасы, дисконтталған өтелімділік мерзімі;
10) жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шектерін есептеу;
11) бюджеттің таза пайдасының, бюджеттің келтірілген таза кірісінің (мемлекеттік бюджеттің NPV), бюджеттің кірістілігінің ішкі нормасының (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерін есептеу;
12) есептеулерді келтіре отырып, жобаны іске асырудың балама нұсқаларын салыстырмалы талдау көрсетіледі.
Жобаны іске асырудың балама нұсқаларын есептеу бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың қаржылық-экономикалық модельдері (бұдан әрі – ҚЭМ) формулалар мен қабылданған болжамдар көрсетіле отырып жасалады.
Алдын ала есептеулер ашылатын формулалармен Microsoft Office Excel форматында жүргізіледі және қағаз және электрондық жеткізгіште ұсынылады.

6. Әлеуметтік-экономикалық бөлім

осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау көрсетіледі

7. Техникалық-технологиялық бөлім

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктерін ескере отырып бөлімде мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамалары;
2) жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
3) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистральдарына жақындығына қатысты жобаның іске асырылу орнының негіздемесі;
4) қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуатының есептік негіздемесі;
5) жобаны іске асыру болжанатын өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
6) таңдалған жобалық жабдықтың негіздемесі, оның ішінде бұрыннан пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі (егер бұл жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын болса), "баға-сапа" оңтайлы арақатынасы, жабдықты таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықты қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын пайдалану, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар;
7) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
8) қолда бар көлік кіреберістері мен құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй-жайлармен қамтамасыз етілуі;
9) жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке беруге ұсынылатын объектіні құру/реконструкциялау мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте);
10) қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы мәліметтер қамтылады

8. Тәуекелдерді бөлу

осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау талдауы көрсетіледі

9. Жоба бойынша тұжырымдар

мыналар:
1) жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
2) жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
3) жоба бойынша сыни тәуекелдер және оларды азайту шаралары көрсетіледі.

10. Қосымшалар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағында келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын құжаттарды, графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды, елді мекен карталарын, сондай-ақ барлық ашылатын формулаларымен Excel форматында электрондық нұсқада ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағында қаралған жобаны іске асырудың әрбір нұсқасы бойынша (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) ҚЭҚ-ты қамтитын қосымшалардан тұрады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 16 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа 2-қосымша
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
  жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау және іске асыру
қағидаларына 13-қосымша

      Нысан

"_________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы ХАТТАМА 20___ жылғы "___" _________ №__

      № (конкурстың нөмірі) күні мен уақыты

      Конкурсты ұйымдастырушы: _______________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

ТАӘ

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Лоттың № (болған жағдайда) __________________________________________

      Лоттың атауы (болған жағдайда) ________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат

      (хронология бойынша): (өтінімдер саны)

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН) / сәйкестендіру нөмірі

Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (бұл ақпарат конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау туралы хаттама болған жағдайда орналастырылады) (өтінімдер саны):

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН) / сәйкестендіру нөмірі

Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы, БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі


Комиссия мүшесінің ТАӘ**

Комиссия мүшесінің шешімі

Біліктілік талаптарына және/немесе конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеу себептерінің толық сипаттамасы

Қабылдамау себептерінің негіздемесі

      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдердің қорытынды тізілімі (өтінімдер саны):

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі

Ауытқудың себебі





      Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдердің қорытынды тізілімі (өтінімдер саны):

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі

Ескертпе





      Осы Қағидалардың __ тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін осы конкурсқа қатысуға ұсынылған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған барлық конкурстық өтінімдерге қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Р/с № (ең жақсы ұсыныстан бастап)

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/СТН/НП

Өлшемшарттар




Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартуға жататын қаражатының көлемі







      Кестенің жалғасы

Өлшемшарттар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану мерзімдері (айлар, жылдар)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану құны

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты объектісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде өндірілетін тауарларға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағалар (тарифтер), осындай бағаларға (тарифтерге) үстемелер

Жекеше әріптес өзіне қабылдайтын тәуекелдер

Елішілік құндылық үлесі бойынша ақпарат

Іске асырылған жобалардың тәжірибесі (Конкурстық құжаттамада көрсетілген объектіге ұқсас объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану тәжірибесінің болуы (дербес не қатысушы ретінде өзге тұлғалармен бірлесіп))

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындауға қатысу дәрежесі









      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасасу талаптары бойынша келіссөздер нәтижесінде қабылданбаған әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесі:

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі

Қабылданбау себебі





      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1. Жеңімпаз болып анықталсын: (жеңімпаздың әлеуетті жекеше әріптесінің

      БСН/ЖСН атауы).

      2. Мемлекеттік әріптес (атауы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шартты

      (БСН/ЖСН, жеңімпаздың әлеуетті жекеше әріптесінің атауы) жасассын.

      Немесе:

      Конкурс (жобаның атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп танылсын

      _____________________ *:

      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1. №___ лот бойынша жеңімпаз болып айқындалсын: (жеңімпаз әлеуетті жекеше

      әріптестің БСН/ЖСН, атауы).

      2. Мемлекеттік әріптес (атауы) (жеңімпаз әлеуетті жекеше әріптестің БСН/ЖСН

      атауы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасассын.

      Немесе:

      №___ лот бойынша конкурс (жобаның атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп

      танылсын: _____________________ *:

      Ескертпе:

      *Мына мағыналардың бірі: "ұсынылған өтінімдердің болмауы", "екіден аз өтінімнің

      берілуі", "бірде-бір әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілмеген", "бір

      әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілген".

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 16 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа 3-қосымша
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік объектілерін
мемлекеттік меншікке
қабылдау қағидаларына
қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесі

р/с

Құжаттың атауы

1.

МЖӘ шарты

2.

Объектіні пайдалануға қабылдау актісі

3.

Жекеше әріптестің бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қойған, мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын МЖӘ объектісінің баланстық құнын растайтын құжат

4.

МЖӘ объектісінің техникалық жай-күйі туралы есеп