"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 қаңтарда № 37812 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсіміне:

      1) "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) сәйкес аудандық немесе қалалық деңгейде заңдық дербес дәрігерлік амбулатория ұйымдастыру үшін айқындалған санынан кем емес халқы бар МСАК субъектілері;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте (ауыл, кент) МСАК қызметтерін көрсететін жалғыз денсаулық сақтау субъектісі болып табылатын МСАК субъектілерін қоспағанда, "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы №49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) сәйкес ТМККК шеңберінде МСАК қызметтерін көрсету тәжірибесі бір жылдан асатын жалпы практика дәрігерінің/отбасылық дәрігердің кемінде екі учаскесі (жиынтығында кемінде 3000 адам) тіркелген халқы бар МСАК субъектілері;

      3) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі жоқ МСАК субъектілері;

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) сәйкес балансында МСАК көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық бұйымдары бар МСАК субъектілері жіберіледі.";

      62-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

      "62-1. Көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жасалған шарттары бойынша халық саны 20 000-нан (жиырма мың) 30 000-ға (отыз мың) дейінгі МСАК субъектілеріне орналастырылған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық жағдайларда (бекітілген бір тұрғынға шаққандағы КДҚ кешені) консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге (бұдан әрі – КДҚ) қаражат көлемін:

      аудандық деңгейде – сатып алу шарты бойынша КДҚ (бекітілген бір тұрғынға КДҚ кешені) көрсетуге арналған сомасының 60 %-ынан;

      қалалық деңгейде – сатып алу шарты бойынша КДҚ (бекітілген бір тұрғынға КДҚ кешені) көрсетуге арналған сомасының 50 %-ынан аспайтын мөлшерде бірлесіп орындауға рұқсат етіледі.

      Көрсетілген қызметтерді сатып алудың жасалған шарттары бойынша халық саны 30 000 (отыз мың) және одан жоғары МСАК субъектілеріне орналастырылған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық жағдайларда (бекітілген бір тұрғынға КДҚ кешені) КДҚ көрсетуге қаражат көлемін:

      аудандық деңгейде – сатып алу шарты бойынша КДҚ (бекітілген бір тұрғынға КДҚ кешені) көрсетуге арналған сомасының 50 %-ынан;

      қалалық деңгейде – сатып алу шарты бойынша КДҚ (бекітілген бір тұрғынға КДҚ кешені) көрсетуге арналған сомасының 40 %-ынан аспайтын мөлшерде бірлесіп орындауға жол беріледі.

      Бұл ретте бірлесіп орындауға қаражат көлеміндерін беру шегінің сақталуын бағалау қызметтерді сатып алу шартына сәйкес ҚДҚ (бекітілген бір тұрғынға ҚДҚ кешені) көрсетуге арналған жылдық сома бойынша есепті қаржы жылының қорытындылары бойынша жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі"