"Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 450 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 желтоқсанда № 37747 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-31) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-31) тармақшасына және (бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Халықаралық коммерциялық тасымалдау құқығын беретін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған авиакомпания Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркеледі.

      Тіркеу мүшелік жарнаны төлей отырып, өтініш берушінің (пайдаланушының) ИКАО-ға жіберген сұрау салуы арқылы жүзеге асырылады. Одан кейін уәкілетті ұйым ИКАО интернет-ресурсында өтініш берушінің пайдаланушы сертификатын нақты алғанын растайды. Расталғаннан кейін ИКАО үш әріптік кодты және пайдаланушының шақыру атауын тіркейді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, көрсету нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын берудің жалпы мерзімі – өтінім берілген сәттен бастап алпыс төрт жұмыс күні.

      Бұл мерзім өтініш берушіге 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес белгіленетін 2-деңгейді анықталған сәйкессіздіктерін жою үшін қажетті мерзімге ұзартылады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді уәкілетті ұйым өтініш беруші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге бір реттен артық емес мерзімге ұзартады, бұл туралы өтініш берушіге 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.

      Өзгерістер енгізу мерзімдері:

      1) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы өзгерген кезде сертификатқа және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне – 10 жұмыс күнін;

      2) пайдаланылатын бір типтегі әуе кемесін (лерін) пайдаланушының сертификатын пайдалану ерекшеліктеріне енгізген кезде – 20 жұмыс күнін;

      3) бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемесін (лерін) пайдаланушының сертификатын пайдалану ерекшеліктеріне енгізген кезде – 30 жұмыс күнін;

      4) ұшудың басқа түрлерін пайдаланушы сертификатын пайдалану ерекшеліктеріне енгізген кезде, оның ішінде арнайы бекітулер – 30 жұмыс күнін;

      5) әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшеліктерінен алып тастаған кезде – 3 жұмыс күнін құрайды.

      Пайдаланушы сертификатын уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін беру – 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.";

      8-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) сәйкестік туралы декларация – ұсынылатын қызмет түрлеріне қолданылатын сертификаттау талаптарын қолдауға және сақтауға міндеті, сәйкестік жөніндегі барлық нормалары мен қағидалардың толық тізбесін қамтитын пайдаланушының құжаты. Әрбір сертификаттау талабына нұсқаулыққа немесе басқа құжатқа қысқаша сипаттама немесе сілтеме берілуі қажет. Сипаттама немесе сілтеме сәйкестікті бағалау әдісін сипаттайды;";

      5)-тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) іс-шаралар жоспары – сертификаттауға дейін тексеру үшін уәкілетті ұйымға ұсынылуға тиіс іс-шаралар, қызмет түрлері, бағдарламалар, ӘК сатып алу және өндіріс құралдары тізбеленген пайдаланушының негізгі құжаты.";

      9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтiнiмдi алғашқы рет беру алдындағы кезең өтініш берушінің уәкілетті ұйымға пайдаланушының сертификатын алу ниеті туралы алдын ала жүгінуін көздейді, онда оған ұшулардың рұқсат етілген түріне, өтініш беруші ұсынатын мәліметтерге және өтінішті, сертификаттау мерзімін қарау кезінде қолданылатын рәсімдерге қатысты, ресми өтініш берген кезде ұсынылатын құжаттардың нысаны мен мазмұны туралы толыққанды ақпарат беріледі.

      Өз кезегінде, өтiнiш беруші алдын ала бағалау үшін пайдалануға жоспарланатын әуе кемелерінің түріне, оның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаржы-экономикалық жағдайына, құқықтық жағдайы және қызмет түрлері және ұсынылатын тасымалдауларға сәйкес келетін маршруттардың құрылымына, ұшу географиясы мен аудандарын және ұсынылатын тасымалдар үшін жарамды әуе кемелерінің уақытша орналасу орындарын, тасымалдаулардың жоспарланатын рентабельдiгiне, бiлiктi персоналдың бар болуына, қажеттiлiктерге немесе сұранысқа ие және қоғам мүдделеріне жауап беретін қызмет көрсетудің деңгейіне қатысты ақпаратты ұсынады.

      10. Уәкілетті ұйым жүгінген күннен бастап он жұмыс күні мерзімінде өтініш берушіге ИКАО құжаттарының және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып дайындалған алдын ала бағалау нәтижелері бойынша оң немесе теріс қорытынды туралы хабарлайды. Оң қорытынды пайдаланушыны ресми өтінім беруге дайындауды бастау үшін негіз болып табылады. Қорытынды теріс болған жағдайда және кемшіліктерді жою мүмкін болған жағдайда, өтініш берушіге кемшіліктерді жойғаннан кейін қайта өтініш беруге мүмкіндік беріледі. Қайтадан жүгінген жағдайда уәкілетті ұйым өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оң немесе теріс қорытынды туралы хабарлайды (байланыс құралдарын пайдалана отырып).

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтінім беруші уәкілетті ұйымға "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуларды орындау басталатын жоспарланған күнге дейін 64 (алпыс төрт) жұмыс күні мерзімінде өтінім жібереді.

      12. Өтінімге осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді және өтініш берушіге "жеке кабинетке" мемлекеттік қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері портал арқылы жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде уәкілетті ұйым екі жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым өтінім мен құжаттарды қабылдайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, ұшуға жарамдылық сертификаты, шу бойынша әуе кемесі туралы мәліметтерді, радиохабар беру аппаратурасын пайдалануға рұқсатты уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге өтінім береді.

      14. Порталға жүгінген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жолданады.

      Уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттарды қарайды, сондай-ақ ұсынылған құжаттарды нұсқаулық материалды пайдалана отырып бағалайды, олар бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Пайдаланушы сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім" нысан бойынша тиісті шешім қабылдайды.

      Құжаттарды бағалау кезеңінде құжаттарды қараудың ең ұзақ мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды. Өтінім мен қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге анықталған сәйкессіздіктерді жою мүмкіндігі беріледі, бұл ретте жою мерзімі он жұмыс күніне белгіленеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Өтінім мен құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім жібереді және оны өткізу үшін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде 3 (үш) адам.

      Комиссия төрағасы комиссияның мүшесі болып табылатын уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары қатарынан тағайындалады.";

      18, 19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сертификаттық тексеру мыналарды қамтиды: база және филиалдар, өкілдіктер объектілерін, ұшуды басқару жүйесі мен бақылау құралдарын, сондай-ақ дайындық және оқу құралдары бағдарламаларын, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді бақылау және жоспарлау жүйелерін тексеру және оқу бағдарламаларын орындау, техникалық қызмет көрсету, ұшу өндірісі және құжаттаманы жүргізу рәсімдерін талдау. Тексеру сонымен қатар ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің құрылымын, процестерін, қызмет түрлерін және интерфейстерін енгізуді бағалауы керек.

      Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиісінше жабдықталғаны және олардың тікелей мақсаты бойынша пайдаланылуы тексеріліп, расталады.

      19. Пайдаланушы сертификатын алғаш алған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген жағдайларда өтініш берушіні сертификаттық тексеру қосымша өтініш берушінің ұшуларға басшылық ету жүйесін көрсетуін, суға мәжбүрлі қонуды көрсетуге еліктеуді, авариялық эвакуацияны көрсетуді, мәлімделген арнайы бекітулерге көрсету мақсатындағы ұшуларды қоса алғанда көрсету мақсатындағы ұшуларды орындауды қамтиды.

      Өтініш беруші төрт көрсету мақсатындағы ұшуларды орындайды. Пайдаланушы жауапты авиация инспекторларының бақылауымен "С" немесе "D" деңгейінен төмен емес ұшу тренажерларында әуе кемелерін қауіпсіз пайдалану мүмкіндігін көрсеткен жағдайда, көрсету мақсатындағы ұшулардың бұл саны екі ұшуға дейін қысқартылуы мүмкін.

      20. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, пайдаланушының сертификатын беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыларды көрсете отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі – Акт) жасалады.

      Актінің жобасы комиссия мүшелеріне талқылауға ұсынылады.

      Мазмұнымен келіскен кезде актіге комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      Келiспеушiлiктер туындаған жағдайда комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда шешiм қабылданады. Актінің мазмұнымен келіспеген комиссия мүшесі жазбаша түрде ерекше пікір білдіреді.

      Ерекше пікірде келіспеушіліктің нақты себептері және олардың негіздемесі, сондай-ақ ұсынылған тұжырымдар көрсетіледі. Комиссия мүшелері ерекше пікірді міндетті түрде хаттаманы ресімдей отырып қарайды.

      Егер қарау нәтижесінде актіде ерекше пікір ескерілмесе, оны ұсынған комиссия мүшесі "Ерекше пікірмен" деген белгісі бар актіге қол қояды.

      Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қойған акт пайдаланушыға танысу үшін ұсынылады.

      21. Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді:

      1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей.

      1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер жатады.

      2-деңгейге қызметті уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде оны жою немесе шектеулер енгізу шартымен оны жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер жатады.

      3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер жатады.

      1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өтініш берушінің адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетсіздігімен сипатталады.

      1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады не Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен пайдаланушы сертификатының қолданылуын өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін шектейді.

      2-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті ұйым:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға ұсынады;

      2) анықталған сәйкессіздікті жою бойынша өтініш беруші ұсынған шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемемен пысықтауға қайтарады.

      Уәкілетті ұйым түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өтініш беруші оны өзгерту қажеттігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда бір реттен аса емес үш айдан аспайтын мерзімге ұзартады.

      3-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      Пайдаланушы сертификатын алғаш рет беру кезінде, сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер сертификат берілгенге дейін жойылады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Пайдаланушы сертификаты тоқтатылған немесе қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы сертификаттың түпнұсқасын уәкілетті ұйымға дереу қайтарады.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      6 және 7-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 450 Бұйрыққа 1-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына 1-қосымша

"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Пайдаланушы сертификатын беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері:
1) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификат және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін беру;
2) пайдаланылатындары бар бір үлгідегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру;
3) бұрын пайдаланылма ған басқа типтегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру;
4) ұшудың басқа түрлерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру, оның ішінде арнайы бекітулер;
5) әуе кемелерін алып тастау кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру;
6) пайдаланушы сертификатының уәкілетті ұйымының мөрімен расталған көшірмесін беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Уәкілетті ұйымның құжаттар топтамасымен өтінім берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі – сертификат) беру – 64 (алпыс төрт) жұмыс күні;
Бұл мерзім өтініш берушіге 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес белгіленетін 2-деңгейді анықталған сәйкессіздіктерін жою үшін қажетті мерзімге ұзартылады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді уәкілетті ұйым өтініш беруші оны өзгерту қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге бір реттен артық емес мерзімге ұзартады, бұл туралы өтініш берушіге 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
Сертификатқа және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу:
1) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификатқа және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне – 10 (он) жұмыс күні;
2) пайдаланылатын әуе кемелерінің бір үлгідегі пайдалану ерекшеліктеріне енгізу – 20 (жиырма) жұмыс күні;
3) бұрын пайдаланылмаған басқа үлгідегі әуе кемелерін пайдалану ерекшеліктеріне енгізу – 30 (отыз) жұмыс күні;
4) ұшудың басқа түрлерін пайдалану ерекшеліктеріне, оның ішінде арнайы бекітулерге енгізу – 30 (отыз) жұмыс күні;
5) әуе кемелерін пайдалану ерекшеліктерінен алып тастау – 3 (үш) жұмыс күні.
уәкілетті ұйымның мөрімен куәландырылған сертификаттың көшірмесін беру – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Пайдаланушы сертификатын беру.
Пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификат және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін беру. Пайдаланылатындары бар бір үлгідегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру.
Бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру. Ұшудың басқа түрлерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру, оның ішінде арнайы бекітулер. Әуе кемелерін алып тастау кезінде пайдалану ерекшеліктерін беру.
Пайдаланушы сертификатының уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Пайдаланушы сертификатын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі заңды және жеке тұлғаларға 1 (бір) әуе кемесі үшін ақылы негізде көрсетіледі:
1) бір моторлы ұшақтар – 25 АЕК;
2) салмағы 5700 кг аспайтын ұшақтар – 36 АЕК;
3) салмағы 5700 кг-нан 40 000 кг-ға дейінгі ұшақтар – 348 АЕК;
4) салмағы 40 000 кг-нан асатын ұшақтар – 468 АЕК;
5) құрлықта жұмыс істейтін көп моторлы тікұшақтар – 92 АЕК;
6) ашық теңізде жұмыс істейтін көп моторлы тікұшақтар – 104 АЕК.
Мыналарды беру:
1) пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификат және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктерін – ақысыз;
2) пайдаланылатын бір үлгідегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін – ақысыз;
3) бұрын пайдаланылмаған басқа типтегі әуе кемелерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін – ақысыз;
4) ұшудың басқа түрлерін енгізу кезінде пайдалану ерекшеліктерін, оның ішінде арнайы бекітулер – ақысыз;
5) әуе кемелерін алып тастау кезінде пайдалану ерекшеліктерін – ақысыз;
6) пайдаланушы сертификатының уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін – ақысыз.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) уәкілетті ұйымның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:00-ден 17:00-ға дейін.
2) порталдың – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Кодекске сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Уәкілетті ұйымның қызмет көрсету шарттары:
1) уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында;
2) www.egov. kz порталында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Сертификат алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған өтінім мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың қағаз жеткізгіштегі көшірмесі немесе құжаттың pdf форматындағы электрондық көшірмесі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиацияны қамтамасыз етуге үздіксіз қадағалауды жүзеге асыруы үшін Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында белгіленген тәртіппен (қайта сертификаттау үшін) міндетті аударымдарды төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі;
4) іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі;
5) өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының (болған жағдайда) электрондық көшірмесі;
6) лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген ұйымдық құрылымның, басқару құрылымының және жауапты тұлғалардың электрондық көшірмесі;
7) өтініш берушінің басшыларды және/немесе ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызметтер; ұшу қызметі; ұшуға жарамдылықты қолдау қызметтері; жермен қамтамасыз ету бойынша; персоналды даярлау бойынша; авиациялық қауіпсіздік бойынша; бортсерік қызметтері (бар болса); сапаны бақылау бойынша жауапты тұлғаларды тағайындағанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы Заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сақтандыру полистерінің электрондық көшірмесі;
9) әуе кемелерін бояу және мәтіндік сипаттау үлгілерінің электрондық көшірмесі;
10), бөгде ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі шарттардың (егер қолданылса) электрондық көшірмесі;
11) ұшуды жүргізу туралы нұсқаудың электрондық көшірмесі;
12) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
13) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы басшылығының электрондық көшірмесі;
14) әрбір пайдаланылатын әуе кемесіне бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының электрондық көшірмесі;
15) бекітілген сенімділік бағдарламасының электрондық көшірмесі болған жағдайда;
16) әрбір пайдаланылатын әуе кемесіне арналған ең аз жабдық тізбесінің электрондық көшірмесі;
17) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
18) өтініш берушінің электрондық түрдегі басқару әдістері және ұшу өндірісін бақылау, түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі; ұшуды жердегі қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарының 8-тармағында көзделген шарттар тізімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген);
20) әрбір әуе кемесіне азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы қолданыстағы куәліктің электрондық көшірмесі;
21) әрбір әуе кемесіне азаматтық әуе кемесінің қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификатының электрондық көшірмесі;
22) әуе кемелерінің әрбір түріне авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның жеке сертификаты болмаған жағдайда әуе кемесінің әрбір түріне техникалық қызмет көрсету шарттарының электрондық көшірмесі;
23) әрбір әуе кемесін сатып алуға немесе жалға алуға арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
24) ұшу, техникалық және жердегі персоналды даярлау бағдарламасының электрондық көшірмесі;
25) авариялық эвакуациялау және демонстрациялық ұшуларды көрсету жоспарының электрондық көшірмесі;
26) кеңсе және өндірістік үй-жайларды сатып алуға немесе жалға алуға арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
27) көрсетілетін қызметті берушіде өтінім тіркелген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзіммен техникалық қызмет көрсетуді орындау мәртебесінің, ұшуға жарамдылық директиваларының, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, әрбір әуе кемесінің орындалған модификациялары мен жөндеулерінің электрондық көшірмелері;
28) төтенше жағдайда не істеу керектігі туралы ақпараты бар жолаушыларға арналған карталар.
Пайдаланушының сертификатына және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу үшін пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде өтініш беруші ЭЦҚ қойылған 2-қосымшаға сәйкес өтінімді мынадай құжаттармен қоса береді:
1) өзгерістері бар пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
2) өзгерістермен ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
3) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы басшылығының электрондық көшірмесі;
4) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасының электрондық көшірмесі. Пайдаланылатын бір үлгідегі әуе кемелерінің пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып ЭЦҚ қол қойылған 2-қосымшаға сәйкес өтінімді береді:
1) өзгерістері бар пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
2) өзгерістермен ұшу өндірісі жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы басшылығының электрондық көшірмесі;
4) әрбір енгізілетін әуе кемесіне әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің бекітілген бағдарламасының электрондық көшірмесі;
5) ең аз жабдықтар тізбесінің электрондық көшірмесі.
6) әрбір енгізілетін әуе кемесіне азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы қолданыстағы куәліктің электрондық көшірмесі;
7) әрбір енгізілетін әуе кемесіне азаматтық әуе кемесінің қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификатының электрондық көшірмесі;
8) әрбір енгізілетін әуе кемесіне авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның жеке сертификаты болмаған жағдайда әрбір енгізілетін әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету шарттарының электрондық көшірмесі;
9) әрбір енгізілетін әуе кемесін сатып алуға немесе жалға алуға арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
10) көрсетілетін қызметті берушіде өтінім тіркелген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзіммен техникалық қызмет көрсетуді орындау мәртебесінің, ұшуға жарамдылық директиваларының, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, әрбір енгізілетін әуе кемесінің орындалған модификациялары мен жөндеулерінің электрондық көшірмелері.
Бұрын пайдаланылмаған басқа үлгідегі әуе кемелерінің пайдалану ерекшеліктеріне енгізу үшін өтініш беруші ЭЦҚ қойылған 2-қосымшаға сәйкес өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып береді:
1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы Заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің электрондық көшірмесі;
2) әуе кемелерін бояу және мәтіндік сипаттау үлгілерінің электрондық көшірмесі;
3) егер қажет болса, бөгде ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі шарттардың электрондық көшірмесі;
4) ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
5) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы басшылығының электрондық көшірмесі;
6) әрбір енгізілетін әуе кемесіне бекітілген әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасының электрондық көшірмесі және қажет болған жағдайда сенімділік бағдарламасы;
7) әрбір енгізілетін әуе кемесі ең аз жабдық тізбесінің электрондық көшірмесі;
8) әрбір енгізілетін әуе кемесіне азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы қолданыстағы куәліктің электрондық көшірмесі;
9) әрбір енгізілетін әуе кемесіне азаматтық әуе кемесінің қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификатының электрондық көшірмесі;
10) әрбір енгізілетін әуе кемелеріне авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның жеке сертификаты болмаған жағдайда әрбір енгізілетін әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету шарттарының электрондық көшірмесі;
11) әрбір енгізілетін әуе кемесін сатып алуға немесе жалға алуға арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
12) әуе кемесінің енгізілетін түріне ұшу, техникалық және жерүсті персоналын даярлау бағдарламасының электрондық көшірмесі;
13) авариялық эвакуациялау және демонстрациялық ұшуларды көрсету жоспарының электрондық көшірмесі;
14) кеңсе және өндірістік үй-жайларды сатып алуға немесе жалға алуға арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
15) техникалық қызмет көрсетуді орындау мәртебелерінің, ұшуға жарамдылық директиваларының, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялар мен жөндеулердің электрондық көшірмелері көрсетілетін қызметті берушіде өтінім тіркелген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзіммен әрбір енгізілетін әуе кемесі.
Ұшудың басқа түрлерін, оның ішінде арнайы бекітулерді пайдалану ерекшеліктеріне енгізу үшін өтініш беруші ЭЦҚ қол қойылған 2-қосымшаға сәйкес өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып береді:
1) егер қажет болса, бөгде ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі шарттардың электрондық көшірмесі;
2) ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы басшылығының электрондық көшірмесі;
4) әрбір енгізілетін әуе кемесіне бекітілген әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасының электрондық көшірмесі және қажет болған жағдайда сенімділік бағдарламасы;
5) әрбір енгізілетін әуе кемесі ең аз жабдық тізбесінің электрондық көшірмесі;
6) ұшу жұмысын ұйымдастыру; ұшу және техникалық персоналдың дайындығы; техникалық қызмет көрсету объектілерінің дайындығы;
7) әуе кемелерінің дайындығы;
8) жұмыс түрлерін көрсете отырып, бөгде ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттардың тізбесі.
Әуе кемелерінің пайдалану ерекшеліктерінен шығару үшін өтініш беруші ЭЦҚ қол қойылған 2-қосымшаға сәйкес өтінімді мынадай құжаттармен қоса береді:
1) өзгерістері бар пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
2) өзгерістермен ұшуды жүргізу жөніндегі басшылық;
Пайдаланушы сертификатының уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін алу үшін ЭЦҚ қол қойылған 2-қосымшаға сәйкес өтінімді береді.
Жеке басты куәләндыратын құжаттар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады;
5) өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін келісімі болмауы.

10

мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы https://caa.gov.kz
Өтініш берушінің:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777

  Бұйрыққа 2- қосымша
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына 2-қосымша

Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға өтінім

      Кандидат толтырады

      Алғашқы беру

      ☐

      Кезекті беру

      ☐


Жалпы ақпарат

1. Компанияның ресми атауы және коммерциялық атауы (егер басқаша болса):


2. Заңды және нақты мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық пошта мекенжайы:


3. Өтініш берушінің негізгі қызмет орнының, негізгі пайдалану базасының және техникалық қызмет көрсету базасының орналасқан жері мен мекенжайы немесе авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі ұйымдардың орналасқан жері мен атауы:


4. Жұмыстың болжамды басталу күні:


Басшылар және негізгі қызметкерлер

Тегі, Аты, Әкесінің Аты:

Лауазымы:

Телефон, электрондық пошта:


1) Пайдаланушының басшысы



2) Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



3) Ұшу қызметінің басшысы



4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі басшысы



5) Жер үсті қызмет көрсету жөніндегі басшы немесе тағайындалған жауапты тұлға



6) Персоналды даярлау жөніндегі қызметтің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



7) Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



8) Бортсеріктер қызметінің басшысы (жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшін)



9) Сапаны бақылау қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға


Өтініш берушінің техникалық қызмет көрсету және тасымалдар түрлері


Пайдаланушы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді дербес жүзеге асыруды немесе шарттар негізінде орындауды жоспарлайды:


Ұсынылған рейстердің сипаты: жолаушылар/жүк/ / почта, күндізгі немесе түнгі көзбен шолып ұшу қағидалары (ҚҰҚ) немесе аспаптар бойынша ұшу қағидалары (АҰҚ) бойынша, сондай-ақ қауіпті жүктерді жоспарланып отырған тасымалдау туралы ақпарат:


Әуе кемелері және болжамды ұшу аудандары туралы ақпарат


Әуе кемелері туралы мәліметтер (меншікті, жалға алынған):


1) әуе кемелерінің типі, моделі және нұсқасы бойынша саны, ӘК ұлттық тану және тіркеу белгілері:


2) Жолаушылар сыйымдылығы(орындар) және/немесе пайдалы жүктеме: (кг., тонна), ӘК максималды рұқсат етілген ұшу салмағы (MTOW):


Болжалды рейстердің географиялық аймағы (- тары):

☐ EUR
☐ AFI
☐ NAT
☐ NAM
☐ CAR
☐ SAM
☐ MID ASIA
☐ PAC

Әуе кемелері иесінің атауы:
Заңды мекен-жайы:


Ұшу түрлері, арнайы шектеулер және рұқсаттар туралы ақпарат

Ұшу түрлері:

тұрақты ішкі,
тұрақты халықаралық,
тұрақты емес ішкі,
тұрақты емес халықаралық




Авиациялық персоналды даярлау туралы ақпарат

Ұсынылатын персоналды даярлау (ұшу персоналына арналған пилотаждық тренажерлер және / немесе кабиналық персоналға арналған тренажер қондырғылары):


Арнайы рұқсаттар

Иә

Жоқ


Қауіпті жүктер;


Шектеулі көріністі жағдайларда ұшу:


- Қонуға бет алу және қону

CAT: __________
RVR:________ m;
DH__________ ft

- Ұшып көтерілу

RVR:________ m;

- Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктері


RVSM
☐ Қолданылмайды


EDTO
☐ Қолданылмайды

шекті уақыт: _______ мин Қосалқы әуеайлаққа дейін ұшудың ең ұзақ уақыты: _____ мин

PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер


Ұшу жарамдылығын сақтау



EFB


Өзгелер



Электрондық цифрлық қолтаңба

Күні

Тегі, Аты, Әкесінің аты және лауазымы


      Нысан

      Уәкілетті ұйымның бірінші басшысына

      _______________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Пайдаланушының атауы, заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, өзгерген кезде сертификатқа және/немесе онымен байланысты пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізуге өтінім

      Өзгерістірге байланысты, 20__жылғы_________ №___ пайдаланушы сертификатына және/немесе пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізуді сұраймын:

Өзгерістердің атауы

Тандау "✓"

пайдаланушының атауы


ұйымдық-құқықтық нысаны


заңды мекен-жайы


ведомстволық тиесілігі


      Ұсынылған мәліметтердің толықтығын мен дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба) (Тегі, аты, әкесінің аты)

      Нысан

      Уәкілетті ұйымның бірінші басшысына

      _______________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

20__жылғы_________ №___ пайдаланушы сертификатынің пайдалану ерекшеліктеріне пайдаланылатындары бар бір үлгідегі әуе кемелерін енгізуге өтінім

      Өзгерістірге байланысты, пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізуді сұраймын:

Өзгерістердің атауы

Тандау "✓"

әуе кемесін меншікке сатып алу


әуе кемесін жалға алу


      Әуе кемесі туралы мәліметтер;

Дайындаушы

Әуе кемесінің типі

Модификациялары мен және әуе кемесінің зауыттық нөмір

Тіркеу мемлекеті

Мемлекеттік және тіркеу тану белгілері






      Ұсынылған мәліметтердің толықтығын мен дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба) (Тегі, аты, әкесінің аты)

      Нысан

  Уәкілетті ұйымның бірінші
басшысына
__________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

20__жылғы_________ №___ пайдаланушы сертификатынің пайдалану ерекшеліктеріне на бұрын пайдаланбаған әуе кемелерін енгізуге өтінім

      Өзгерістірге байланысты, пайдалану ерекшеліктеріне өзгерістер енгізуді сұраймын:

Өзгерістердің атауы

Тандау "✓"

әуе кемесін меншікке сатып алу


әуе кемесін жалға алу


      Әуе кемесі туралы мәліметтер;

Дайындаушы

Әуе кемесінің типі

Модификациялары мен және әуе кемесінің зауыттық нөмір

Тіркеу мемлекеті

Мемлекеттік және тіркеу тану белгілері






      Ұсынылған мәліметтердің толықтығын мен дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба) (Тегі, аты, әкесінің аты)

      Нысан

      Уәкілетті ұйымның бірінші басшысына

      _______________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

20__жылғы_________ №___ пайдаланушы сертификатынің пайдалану ерекшеліктеріне ұшудың басқа түрлері оның ішінде арнайы бекітулер еңгізуге өтінім

      Пайдалану ерекшеліктеріне ұшудың басқа түрлері оның ішінде арнайы бекітулер еңгізуге сұраймын:


Тандау ""

1

Жолаушылар


2

Жүктер


3

LVO


4

PBN AR


5

EDTO/ETOPS


6

RVSM


7

EFB


8

NAT HLA


9

Қауіпті жүктер


10

Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктері


Өтініш беруші толтырады

11

Өзгелер


      Әуе кемесі туралы мәліметтер

Әуе кемесінің типі

Тіркеу, әуе кемесінің зауыттық нөмірі



      Ұсынылған мәліметтердің толықтығын мен дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба) (Тегі, аты, әкесінің аты)

      Нысан

      Уәкілетті ұйымның бірінші басшысына

      _______________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

20__жылғы_________ №___ пайдаланушы сертификатынің пайдалану ерекшеліктерінен әуе кемелерін шығаруға өтінім

      Пайдалану ерекшеліктерінің бөліктерінен әуе кемелерің шығаруды сұраймын:

Әуе кемесінің типі

Мемлекеттік және тіркеу тану белгісі



      Ұсынылған мәліметтердің толықтығын мен дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба) (Тегі, аты, әкесінің аты)

      Нысан

      Уәкілетті ұйымның бірінші басшысына

      _______________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Пайдаланушы сертификатының уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін алу өтінімі

      20__жылғы_________ №___ пайдаланушы сертификатын уәкілетті ұйымның мөрімен расталған көшірмесін беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба) (Тегі, аты, әкесінің аты)

  Бұйрыққа 3-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыны сертификаттау
және оған сертификат беру
қағидаларына 5-қосымша

Пайдаланушы сертификаты және пайдалану ерекшеліктері

Пайдаланушы Сертификаты


Қазақстан Республикасы


Уәкілетті ұйымның атауы


ПС
KZ-01/001
Қолданылу мерзімінің аяқталу күні:

Пайдаланушының атауы ТЖА (коммерциялық атауы)
Пайдаланушының мекенжайы:
Телефон:
Факс:
E-mail:

Пайдаланудағы жедел байланыс:
Жедел басшылықпен дереу байланысуға мүмкіндік беретін байланыс ақпараты ______________ көрсетілген.

Осы сертификат ___________________ қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде айқындалғандай, Ұшуды орындау жөніндегі нұсқауға және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына сәйкес коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру құқығы берілгенін куәландырады.

Берілген күні:

Лауазымы: (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) қызметі және қолы:
Мөрдің орны

      Уәкілетті ұйымның атауы

ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта бекітілген шарттарды сақтай отырып)

УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМНЫҢ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Телефон: ________________;
Эл. пошта:______________

ПС №: _______
Пайдаланушының атауы:__________ Күні:_________ Қолы:_________
Коммерциялық атауы: ___________________

Әуе кемесінің моделі:
Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалы:
☐ Жолаушылар; ☐ Жүктер; ☐ Өзгелер

Ұшу аймағы-(тары):

Арнайы шектеулер:

АРНАЙЫ БЕКІТУ:

Иә

Жоқ

Сипаттама

Ескертпелер

Қауіпті жүктер;





Шектеулі көріністі жағдайларда ұшу:



- Қонуға бет алу және қону

КАТ: _____
RVR: ____ м;
DH___ ft


- Ұшып көтерілу

RVR:___ м


- Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктері



RVSM
☐ Қолданылмайды



EDTO
☐ Қолданылмайды

Шекті уақыт: _______ мин
Қосалқы әуеайлаққа дейін ұшудың ең ұзақ уақыты: _____ мин


PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер



Ұшу жарамдылығын сақтау





EFB



Өзгелер



      Уәкілетті ұйымның атауы

ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Тікұашақ)
(ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта бекітілген шарттарды сақтай отырып)

УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМНЫҢ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Телефон: ________________;
Эл. пошта:______________

ПС №: _______
Пайдаланушының атауы:__________ Күні:_________ Қолы:_________
Коммерциялық атауы: ___________________

Әуе кемесінің моделі:
Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалы:
☐ Жолаушылар; ☐ Жүктер; ☐ Өзгелер

Ұшу аймағы-(тары):

Арнайы шектеулер:

АРНАЙЫ БЕКІТУ:

Иә

Жоқ

Сипаттама

Ескертпелер

Қауіпті жүктер;



Шектеулі көріністі жағдайларда ұшу:





- Қонуға бет алу және қону

КАТ: _____
RVR: ____ м;
DH___фут


- Ұшып көтерілу

RVR:___ м


- Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктері



PBN жағдайында ұшуға арналған кешенді навигациялық спецификациялар (AR)



Ұшу жарамдылығын сақтау





EFB



Өзгелер



      Ескерту:

      Пайдалану ерекшеліктерін толтыру бойынша ақпарат

      1. Ел кодын қоса алғанда, уәкілетті органның телефон нөмірлері. Егер бар болса, электрондық пошта және факс.

      2. ПС тиісті нөмірін көрсетіңіз.

      3. Пайдаланушының тіркелген атауын және егер ол басқаша болса, пайдаланушының коммерциялық атауын көрсетіңіз. Коммерциялық атауы бұрын "ТҚЖА" енгізіңіз ("тасымалдауды қалай жүзеге асырады" дегенді білдіреді).

      4. Пайдалану ерекшеліктерін беру күні (кк – мм – жж) және уәкілетті орган өкілінің қолы.

      5. Коммерциялық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі тобы (CAST)/ИКАО қабылдаған әуе кемесінің дайындаушының, моделі, серияны немесе эталондық серияны көрсету, егер серия белгіленсе (мысалы, "Boeing-737-3K2" немесе "Boeing-777-232"). Таксономия CAST/ИКАО веб-сайтта берілген: http://www.intlaviationstandards.org/.

      6. Көрсетілуге жататын тасымалдаудың өзге де түрлері (мысалы, жедел медициналық көмек көрсету).

      7. Рұқсат етілген ұшулардың географиялық аудандарының тізбесі (географиялық координаттар немесе нақты маршруттар көрсетіледі, ұшу ақпараты аудандарының шекаралары, мемлекеттік шекаралар немесе өңірлердің шекаралары) орган.

      8. Қолданылатын арнайы шектеулердің тізбесі (мысалы, тек КҰҚ, тек күндізгі уақытта).

      9. Кестенің осы бағанда әрбір арнайы бекіту үшін ең үлкен еркіндікке мүмкіндік беретін критерийлерді (сәйкесінше критерийлер бойынша) тізімдеңіз.

      10. Қонуға нақты кірудің тиісті санатын көрсетіңіз (КАТ II немесе III санат). Минималды RVR мәнін метрмен және шешімнің салыстырмалы биіктігі футпен. Қонуға кірудің көрсетілген санатына бір жол бойынша.

      11. Ұшу үшін метрмен бекітілген минималды RVR мәнін немесе егер RVR болмаса, баламалы көлденең көрінуді көрсетіңіз қолданылады. Егер әр түрлі мәлімдемелер берілсе, бір бекіту жолында қолданылады.

      12. Борттық жабдықтың мүмкіндіктерін көрсетіңіз (мысалы, автоматты қону жүйелері, коллиматорлық индикатор, жүйелер EVS, SVS, CVS) және тиісті кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктері.

      13. Тор "қолданылмайды" әуе кемесінің максималды төбесі ҰЭ 290 жетпеген жағдайда ғана белгіленеді.

      14. Егер қосалқы әуеайлаққа күтім жасау ұзартылған уақыты (EDTO) ұшу өндірісін арнайы бекіту 4-тараудың 4.7-бөлімінің ережелері қолданылмаса, "Қолданылмайды" торды белгілеу керек. Әйтпесе, қосалқы әуеайлаққа дейінгі шекті уақыт және ұшудың максималды уақыты көрсетіледі.

      15. Қосалқы әуеайлаққа дейінгі шекті уақыт пен максималды ұшу уақыты да қашықтық бірліктерімен (Теңіз миль) көрсетіледі. Шекті уақыт белгіленген әрбір нақты ұшақ/қозғалтқыш комбинациясы туралы толық ақпарат қосалқы әуеайлаққа дейін ұшудың максималды уақыты анықталды, "Ескертпелер" бөлімінде көрсетіледі. Берілген жағдайда әр түрлі мәлімдемелер әр мәлімдеме үшін кестенің бір жолды қолдануға болады.

      16. Сипаттамаға негізделген Навигация (PBN): навигациялық спецификацияның әрбір мәлімдемесі үшін бір жол қолданылады PBN AR (мысалы, RNP AR APCH) және тиісті шектеулер Сипаттама бағанында келтірілген.

      17. Ұшуға жарамдылығын сақтауға жауапты тұлғаның тегі/ұйымның атауы, сондай-ақ нормалар мен қағидалар көрсетілсін, жұмыстарды жүргізуді талап ететін, яғни се нормалары немесе арнайы бекіту шеңберінде.

      18. Әуе кемелерін қауіпсіз пайдалану үшін қолданылатын EFB функцияларын және қолданылатын шектеулерді көрсетіңіз.

      19. Мұнда кестенің бір жолды (немесе бірнеше жолдан тұратын топты) қолдана отырып, рұқсат беру үшін (мысалы, қонуға кіруді орындауға арналған арнайы рұқсат, бекітілген навигациялық сипаттамалар) басқа рұқсаттар немесе деректер көрсетілуі мүмкін.