"Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 16 шілдедегі № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 шілдеде № 34749 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларында:

      1 тараудың атауы мынандай редакцияда жазылсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      2 тараудың атауы мынандай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Мемлекеттік кадастрды жүргізу тәртібі";

      7 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік кадастр ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалана отырып, электрондық жеткізгіштерде жүргізіледі.";

      9 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес уәкілетті органның аумақтық органдары және облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар уәкілетті органға жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылған ЕҚТА-ға қатысты осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді электрондық жеткізгіштерде ұсынады.";

      10 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "10. Кадастрлық іс ресімделетін құжаттарға немесе мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда, мұндай өзгерістер туралы уәкілетті органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар электрондық жеткізгіштердегі тиісті құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органды дереу хабардар етеді.".

      3 тараудың атауы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
Министрінің міндетін атқарушы
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы