ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 дейін қолданыста болады
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19947 болып тіркелген) келесі толықтырулар:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
"21) "Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес;
22) "Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес.";
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 21 және 22-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы 2024 жылғы 11 шілдедегі № 19 Бұйрыққа 1-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы | ||||||||||||
Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы
Қызметінің негізгі түрі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің кодтарына сәйкес (ЭҚЖЖ 01.1-01.64, 05-33, 35-39, 41-43, 45.11, 45.19, 45.3, 45.4, 46, 47.1 - 47.9, 49-51, 53, 61) болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері ұсынады Представляют юридические лица и (или) их структурные подразделения с основным видом деятельности согласно кодам Общего классификатора видов экономической деятельности (ОКЭД 01.1-01.64, 05-33, 35-39, 41-43, 45.11, 45.19, 45.3, 45.4, 46, 47.1 - 47.9, 49-51, 53, 61)
| |||||||||||||
Құрметті басшы! Сізден сауалнамада өз кәсіпорыныңыздың қаржы-шаруашылық қызметіндегі ағымдағы және күтілетін өзгерістерге баға қоюыңызды сұраймыз.
Уважаемый руководитель! В анкете просим проставить Вашу оценку текущих и ожидаемых изменений финансово-хозяйственной деятельности Вашего предприятия.
Өз жауабыңызды тиісті торда "√" белгісімен көрсетіңіз
Пожалуйста, укажите Ваш ответ в соответствующей клетке знаком "√"
1. Сіз өз кәсіпорныңыздың қызметінің келесі көрсеткіштерінің өзгерісін қалай бағалайсыз?
Как Вы оцениваете изменения следующих показателей деятельности Вашего предприятия?
Жол коды |
Көрсеткіштер атауы |
Өткен тоқсанмен салыстырғанда ағымдағы тоқсанда |
Ағымдағы тоқсанмен салыстырғанда келесі тоқсанда | ||||
өсуі |
өзгеріс-сіз |
кемуі |
өсуі |
өзгеріс-сіз |
кемуі | ||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1.1 |
Өндірістік қуаттарды жүктеу (ӨҚЖ) | ||||||
1.2 |
Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі | ||||||
1.3 |
Сатылатын және өндірілген өнімнің ассортименті | ||||||
1.4 |
Тауарлық-материалдық қорлардың нақты көлемі | ||||||
1.5 |
Шикізат пен материалдарды жеткізушілер саны | ||||||
1.6 |
Шикізат пен материалдарды жеткізудің мерзімі | ||||||
1.7 |
Шикізат пен материалдарды сатып алу бағасы | ||||||
1.8 |
Кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер саны | ||||||
1.9 |
Сіздің кәсіпорныңыздағы орташа жалақы | ||||||
1.10 |
Ақшалай қаражат айналымы | ||||||
1.11 |
Мемлекеттік қолдау көлемі | ||||||
1.12 |
Мерзімі өткен кредиторлық берешек | ||||||
1.13 |
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | ||||||
1.14 |
Өнімді өндіру кезіндегі жергілікті қамту тауарлары мен қызметтерінің үлесі | ||||||
1.15 |
Импорт |
1.16 Өндірістік қуаттарды жүктеу (ӨҚЖ) деңгейін көрсетіңіз
Укажите уровень загрузки производственных мощностей (ЗПМ)
ӨҚЖ<30% |
30%<ӨҚЖ <50% |
50%< ӨҚЖ <100% |
ӨҚЖ ≥100% | |
Өндірістік қуаттарды жүктеу |
1.17 Шикізат пен материалдарды жеткізудің орташа мерзімін көрсетіңіз
Укажите средние сроки поставок сырья и материалов
1 айға дейін |
3 айға дейін |
6 айға дейін |
12 айдан астам | |
Шикізат пен материалдарды жеткізудің мерзімі |
1.18 Импорттың бөлінуін пайыздық қатынаста көрсетіңіз
Укажите распределение импорта в процентном соотношении
Ресей Федерациясы |
Қытай |
Еуропа Одағы елдері |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері (Ресей Федерациясын қоспағанда) |
Басқа елдер |
Барлығы | |
Импорт | 100% |
2. Сіз өз кәсіпорныңыздың тауарды өткізудегі, жұмыстарды орындаудағы, қызметтерді көрсетудегі қызметінің келесі көрсеткіштерінің өзгерісін қалай бағалайсыз?
Как Вы оцениваете изменения следующих показателей деятельности Вашего предприятия при реализации товаров, выполнении работ и оказании услуг?
Жол коды |
Көрсеткіштер атауы |
Өткен тоқсанмен салыстырғанда ағымдағы тоқсанда |
Ағымдағы тоқсанмен салыстырғанда келесі тоқсанда | ||||
өсуі |
өзгеріс-сіз |
кемуі |
өсуі |
өзгеріс-сіз |
кемуі | ||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2.1 |
Дайын өнімнің (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) негізгі түріне сұраныс | ||||||
2.2 |
Жаңа тапсырыстардың көлемі | ||||||
2.3 |
Дайын өнімнің (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) негізгі түріне бағалар | ||||||
2.4 |
Таза пайда | ||||||
2.5 |
Сіздің кәсіпорныңыздың нарықтағы үлесі | ||||||
2.6 |
Экспорт |
2.7 Экспорттың бөлінуін пайыздық қатынаста көрсетіңіз
Укажите распределение экспорта в процентном соотношении
Ресей Федерациясы |
Қытай |
Еуропа Одағы елдері |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері (Ресей Федерациясын қоспағанда) |
Басқа елдер |
Барлығы | |
Экспорт | 100% |
2.8 Сату көлемін сату түрлері бойынша пайыздық қатынаста көрсетіңіз
Укажите объем продаж в процентном соотношении по видам реализации
Көтерме сауда |
Электронды сауда алаңы арқылы | |||
Бөлшек сауда |
Электронды сауда алаңынан тыс | |||
Барлығы | 100% |
Барлығы | 100% |
3. Өндірістік әрекетті шектейтін факторларды маңыздылығы бойынша 1-ден 5-ке дейін көрсетіңіз? (1 – маңыздылығы төмен, 5 – маңыздылығы жоғары)
Укажите факторы, ограничивающие производственную деятельность по степени важности от 1 до 5? (1 - наименее важный, 5 - наиболее важный)
Жол коды |
Факторлар атауы |
Маңыздылық дәрежесі |
А | Б | 1 |
3.1 |
Қаржылық | |
(ақшалай қаражат тапшылығы, кредит бойынша жоғары пайыздық мөлшерлеме) | ||
3.2 |
Жоғары өзіндік құн | |
(шикізат пен материалдардың жеткіліксіздігі, жоғары жалдау төлемі және көлік шығыстары) | ||
3.3 |
Төмен өнімділік | |
(жабдықтардың тозуы немесе болмауы, білікті қызметкерлердің жетіспеушілігі) | ||
3.4 |
Реттеушілік | |
(бизнесті заңнамалық реттеу, бағалар мен тарифтерді бақылау, монополияланған нарық, ресурстар мен сыртқы нарыққа қолжетімділік, салық салудың жоғары деңгейі | ||
3.5 |
Экономикалық ахуал | |
(өнімге сұраныстың жеткіліксіздігі, инфрақұрылымның дамуы, кәсіпорындар тарапынан жоғары бәсекелестік, геосаясат, пандемия, валюта бағамының өзгеруі) |
4. Сіздің кәсіпорныңыз үшін ESG критерийлерінің (экологиялық, әлеуметтік, корпоративтік басқару) өзектілігін көрсетіңіз?
Укажите актуальность критериев ESG (экологические, социальные, корпоративное управление) для Вашего предприятия?
Жол коды |
Сұрақтар атауы |
Иә |
Жоқ |
А | Б | 1 | 2 |
4.1 |
Сіз көміртегі бейтараптығы бастамасымен және Қазақстан Республикасының декарбонизация бойынша міндеттемелерімен таныссыз ба? | ||
4.2 |
Сіздің кәсіпорыныңызда декарбонизацияға әзірленген тәсіл бар ма? | ||
4.3 |
Экологиялық критерийлердің қолданылуына қатысты жауап беріңіз | ||
4.3.1 |
Сіздің кәсіпорныңызда компанияның қоршаған ортаға әсерін азайту жөніндегі нақты міндеттемелер мен мақсаттарды белгілейтін экологиялық саясат немесе басқа құжат бар ма? | ||
4.3.2 |
Энергия тиімділігі бойынша бағдарлама бар ма? | ||
4.3.3 |
Сіздің компанияңыз ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің көздеріне экологиялық бақылауды жүзеге асырады ма? | ||
4.3.3.1 |
Ағымдағы тоқсанда шығарындылардың төмендеуі байқала ма? | ||
4.4 |
Әлеуметтік критерийлердің қолданылуына қатысты жауап беріңіз | ||
4.4.1 |
Сіздің кәсіпорыныңызда қызметкерлерге ерікті медициналық сақтандыру, материалдық көмек түріндегі қосымша әлеуметтік қолдау пакеті бар ма? | ||
4.4.2 |
Сіздің кәсіпорыныңыз қызметкерлерді кәсіби дамытуды жүзеге асыра ма? | ||
4.4.3 |
Сіздің кәсіпорыныңыз орналасқан өңірде әлеуметтік инвестициялар және/немесе қайырымдылық шараларын жүзеге асыра ма? | ||
4.5 |
Корпоративтік басқару критерийлерінің қолданылуына қатысты жауап беріңіз | ||
4.5.1 |
Компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясы бар ма? | ||
4.5.2 |
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі бар ма? | ||
4.5.3 |
Сіздің компанияңыз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпорын туралы таратуға міндетті емес қосымша ақпаратты ашып көрсете ме? |
5. Сіз өз кәсіпорныңыздағы қаржы-экономикалық ахуалды қалай бағалайсыз?
Как Вы оцениваете экономическую ситуацию на Вашем предприятии?
Өткен тоқсанмен салыстырғанда ағымдағы тоқсанда |
Ағымдағы тоқсанмен салыстырғанда келесі тоқсанда | ||||
жақсару |
өзгеріссіз |
нашарлау |
жақсару |
өзгеріссіз |
нашарлау |
6. Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз)
Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейiн | 1-2 | 2-4 | 4-8 | 8-40 | 40 сағаттан артық |
до 1 часа | более 40 часов |
Атауы Мекенжайы (респонденттің)
Наименование _____________________ Адрес (респондента) ______________________
Телефоны (респонденттің)
Телефон (респондента) _________________________ ___________________________
стационарлық ұялы
стационарный мобильный
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)
Адрес электронной почты (респондента) _______________________________________
Орындаушы
Исполнитель _______________________________________ _______________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны (орындаушының)
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон (исполнителя)
Бас бухгалтер немесе оның
міндетін атқарушы тұлға
Главный бухгалтер или лицо,
исполняющее его обязанности ____________________________________ ___________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Басшы немесе оның
міндетін атқарушы тұлға
Руководитель или лицо,
исполняющее его обязанности __________________________________ ___________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Ескертпе:
Примечание:
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".
"Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы "Кәсіпорындардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" (индексі КО-6, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды (бұдан әрі - статистикалық нысан).
2. Кәсіпорындардың (ұйымдардың) қаржы-шаруашылық қызметін қадағалау қоғамдық пікірді зерделеуге негізделеді. Жиналған ақпарат өзінің сипаты бойынша сапалы болып табылады және іс жүзінде қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ таяу перспективаға арналған болжамды көрсетеді.
Осы статистикалық нысан бойынша есепті кәсіпорындардың (ұйымдардың) басшылары ұсынады.
Басшы "ұлғайту-азайту", "өзгеріссіз" баламалары шеңберінде шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің нақты және күтілетін өзгерісін (өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемі, дайын өнімге сұраныс, қызметтің қаржылық нәтижесі) және ESG (экологиялық, әлеуметтік, корпоративтік басқару) өлшемдерінің өзектілігін бағалайды.
1-бөлімдегі 1.3-жолда ассортименттің өзгеруі деп өндірістік немесе сауда кәсіпорнында маркетингтік көрсеткіштері (түрі, сорты) бойынша ажыратылатын тауарлардың түрлері мен түрлерінің номенклатуралық тізбесінің ұлғаюы немесе қысқаруы түсініледі.
2-бөлімде 2.1-жолда сұранысты бағалау есепті кезеңде клиенттер тарапынан тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге келіп түскен жаңа тапсырыстар санын ұлғайту немесе қысқарту негізінде айқындалады.
"Сіздің кәсіпорныңыздың нарықтағы үлесі" деген 2.5-жолда нарықтағы өз кәсіпорнының үлес салмағын бағалау үшін респондент өз кәсіпорнының өндіру немесе сату көлемінің көрсеткішін ұқсас қызмет түрін жүзеге асыратын кәсіпорындардың жалпы көлеміне жатқызады.
Сұраққа жауап бере отырып, жауап тиісті ұяшықта "√" белгісімен көрсетіледі. Жауап әр сұраққа беріледі.
3. Осы статистикалық нысанды ұсыну электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық түрде толтыру Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған "Респонденттің кабинеті" арқылы он-лайн режимде жүзеге асырылады.