"Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 маусымда № 34513 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32868 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Комиссияның мүшелері төраға және комиссияның басқа да мүшелері болып табылады. Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.

      Комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуға тиіс. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін кезде, комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуға тиіс. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс берушінің атынан өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі әрекет ететін болса, комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесі басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуға тиіс.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Атына хабарлама жіберілген (ұсынылған) әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұйымдастырушы мыналарды ескере отырып қалыптастырады:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары белгіленген тәртіппен беретін мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстарға рұқсат. Рұқсаттың көшірмесі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтініштерді қабылдау күні аяқталғанға дейін қағаз тасығышта қолма-қол ұсынылады.

      Бұл ретте мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс істеуге рұқсаттың болуы мемлекеттік құпияларға қатысты мәліметтер пайдаланылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ғана міндетті;

      2) Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болмаған кезде;

      3) веб-порталда тиісті тіркеудің болуы;

      4) ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысының 8-қосымшасына сәйкес таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттеме.

      Қол қойылған міндеттеме әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішпен бірге веб-портал арқылы ұсынылады;

      5) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуын талап ететін жағдайларда, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсатты (хабарламаны) қамтиды. Рұқсаттың (хабарламалардың) көшірмесі, егер олар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаса, әлеуетті өнім берушілердің тізіміне енгізу туралы өтінішхатпен бірге веб-портал арқылы ұсынылады;

      6) тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің тізімі "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде тұратын әлеуетті өнім берушілер қатарынан қалыптастырылады;

      7) азық-түлік тауарлары мен тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілердің тізімі отандық тауар өндірушілер және/немесе отандық кәсіпкерлер қатарынан қалыптастырылады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Сарапшы не сараптау комиссиясы конкурстық комиссиясының төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда конкурс нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі мол әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия әрбір жылын ескере отырып, осы конкурста сатып алынатын тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарастырады, бұл ретте:

      егер конкурстың нысанасы жаңа объектілердің құрылысы болып табылса, тек жаңа объектілердің құрылысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

      егер күрделі жөндеу конкурстың нысанасы болып табылса, онда жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі;

      егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаты басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын веб-порталда берілген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіз бойынша Тапсырыс беруші атына хабарламалар жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізімін толықтырған сатып алу бойынша бағасы тең бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында бұрын тіркелген конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.";

      131-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары турала хаттамаға ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша тапсырыс беруші есепті кезеңнен кейінгі бесі күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы тоқсан сайынғы есепті орналастырады, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда.";

      осы Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 12-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 15-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 366 бұйрығына
1-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша

Әлеуетті өнім берушілердің өтінішхаттарын қарау хаттамасы

      Мемлекеттік сатып алудың атауы___________________________________________

      (конкурстың атауы)

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы_________________________

      Тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік сатып алу _____________________________

      1. Өтінішхат берген әлеуетті өнім берушілердің тізім

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН/ЖСН

Өтінішхат берілген күн мен уақыт

      2. Өтініштерхаттары қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің тізімі

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН/ЖСН

Қабылдамау себептері

Қабылдамау себептеріне негіздеме

      3. Өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімдері

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН/ЖСН

Мекенжайы, байланыс телефон нөмірі

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 366 бұйрығына
2-қосымша
  Үлгілік конкурстық
құжаттамаға
10-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

      Конкурстың № _____________________________________________________________

      Конкурстың атауы __________________________________________________________

      Лоттың № _________________________________________________________________

      Лоттың атауы ______________________________________________________________

      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:

      Атауы ____________________________________________________________________

      БСН/ЖСН/ССН/ТЕН _______________________________________________________

      2. Растаушы құжаттардың (бар болған жағдайда толтырылады) көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы 10 (он) жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.

Көрсетілген қызметтің атауы

Қызмет көрсету орны

Тапсырыс берушінің атауы

Қызмет көрсету жылы мен айы (__ бастап __дейін)

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

Шарттың құны, теңге

      3. Әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажетті растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.

р/с

Материалдық ресурстардың атауы

Қолда бар бірліктердің саны (дана)

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін)

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

      4. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы конкурс (лот) бойынша қызметтерді көрсету мақсатында қажетті өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсетеді.

р/с

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілсін)

Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі

Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсетсін, олардың көшірмелері қоса берілсін)

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы

      егер қызметкерлерге және осындай қызметкерлердің болуы жөнінде қойылатын талаптар осы конкурс (лот) бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген болса толтырылады.



 

Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      1. Көрсетілген қызметтер актілерінің (орындалған жұмыстар актілерінің) және шот-фактуралардың көшірмелері мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.

      Техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.

      Салық кодексінің 397-бабынла көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты қызметтерді көрсету кезінде, сондай-ақ есепке алу сертификатталған есепке алу жүйелері (құрылғылары), оның ішінде коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтері арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураның көшірмесі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.

      2. Растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілуі көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген кезде растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.

      3. Материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат жалдау шартының көшірмесі немесе алдын ала жалдау шартының көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету мерзімінен кем емес болып табылады.

      4. Еңбек өтілі бойынша талап болған кезде қызметкердің еңбек өтілін растайтын құжат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірменің немесе жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған мәліметтердің көшірмесі және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларда көзделген құжаттардың бірі болып табылады.

      Бұл ретте қызметкердің соңғы 10 (он) жылдағы өтілі ескеріледі.

      5. Материалдық ресурстардың қосалқы жалдау шарттарының көшірмелерін ұсынуға жол берілмейді.

      6. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде қызметтердің аяқталу жылы танылады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 366 бұйрығына
3-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
12-қосымша

Тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерді таңдау өлшемшарттары

р Р/с

Өлшемшарттар

Баллдар

Растайтын құжат

1

2

3

4

5

1

Қызмет көрсету орны бойынша ет тағамдарын (1 санаттағы сиыр еті, 1 санаттағы құс еті (тауық, күркетауық), жоғары сортты жартылай ысталған шұжық) өндірудің және/немесе өңдеудің болуы*

жоқ
(0 балл)

Меншікті:
- бір өнім – 1 балл
- өнімнің екі түрі – 2 балл
- өнімнің үш түрі – 3 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT – KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілді.

Жалға алынған:
- бір өнім – 0,5 балл.
- өнімнің екі түрі – 1 балл
- өнімнің үш түрі – 1,5 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT – KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарлар (өнімдер) партиясына берілді.

2

Сүт өнімдерін өндірудің және/немесе өңдеудің болуы (сиыр сүті, майлылығы 2,5% - дан кем емес, айран, майлылығы 2,5% - дан кем емес, қаймақ, майлылығы 15% - дан кем емес, сүзбе, майлылығы 9% - дан кем емес, сарыша ірімшігі, сиыр майы, жануарлар майының үлесі 72,5% - дан кем емес) қызмет көрсету*

жоқ
(0 балл)

Меншікті:
- бір өнім – 0,5 балл.
- өнімнің екі түрі – 1 балл
- өнімнің үш түрі – 1,5 балл
- өнімнің төрт түрі – 2 балл
- өнімнің бес түрі – 2,5 балл
- өнімнің алты түрі – 3 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT – KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілді.

Жалға алынған:
- бір өнім – 0,25 балл
- өнімнің екі түрі – 0,5 балл
- өнімнің үш түрі – 0,75 балл
- өнімнің төрт түрі – 1 балл
- өнімнің бес түрі – 1,25 балл
- өнімнің алты түрі – 1,5 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT – KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарлар (өнімдер) партиясына берілді.

3

Қызмет көрсету орны бойынша нан-тоқаш өнімдерін (2-сұрыпты ұннан бидай наны, 1-сұрыпты байытылған ұннан бидай наны) өндірудің болуы*

жоқ
(0 балл)

Меншікті:
- бір өнім – 1 балл
- өнімнің екі түрі – 2 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT – KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарларды (өнімдерді) сериялық өндіруге берілді.

Жалға алынған:
- бір өнім-0,5 балл
- өнімнің екі түрі-1 балл

Қолданыстағы "Тауардың шығу тегі туралы сертификат CT – KZ нысаны". Негізгі нормада қолданылатын тауарлар (өнімдер) партиясына берілді.

4

Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша әлеуетті өнім берушінің аумақтық әділет органында тіркелуінің болуы

жоқ
(0 балл)

бар (3 балл)

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте, жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.​kgd.​gov.​kz сайтындағы "Электрондық сервистер/Салық төлеушілерді іздеу" бөлімінен алады.

5

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі соңғы 10 (он) жыл ішінде

жоқ (0 балл)

бар (әр жұмыс жылы үшін 1 балл, бірақ 5 баллдан аспайды)

1. Көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі (әрбір жыл үшін осы шартты орындаудың соңғы айы үшін).
2. Шот-фактураның көшірмесі (әрбір жыл үшін осы шартты орындаудың соңғы айы үшін)

      Ескертпе:

      *Қызметтер көрсетілетін жер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағы шегінде айқындалады).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 366 бұйрығына
4-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
15-қосымша

Конкурсқа қатысушы өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша баллдар кестесі

      _________________________________________________________________________

      (конкурстың атауы)

Лот№

Әлеуетті өнім берушілердің атауы

12-қосымшаның критерийлері бойынша баллдар

Қызмет көрсету орны бойынша ет тағамдарын (1 санаттағы сиыр еті, 1 санаттағы құс еті (тауық, күркетауық), жоғары сортты жартылай ысталған шұжық) өндірудің және/немесе өңдеудің болуы

Сүт өнімдерін өндірудің және/немесе өңдеудің болуы (сиыр сүті, майлылығы 2,5% - дан кем емес, айран, майлылығы 2,5% - дан кем емес, қаймақ, майлылығы 15% - дан кем емес, сүзбе, майлылығы 9% - дан кем емес, сарыша ірімшігі, сиыр майы, жануарлар майының үлесі 72,5% - дан кем емес) қызмет көрсету

Қызмет көрсету орны бойынша нан-тоқаш өнімдерін (2-сұрыпты ұннан бидай наны, 1-сұрыпты байытылған ұннан бидай наны) өндірудің болуы

Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша әлеуетті өнім берушінің аумақтық әділет органында тіркелуінің болуы

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі соңғы 10 (он) жыл ішінде

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.