"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 мамырда № 34325 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20821 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 205 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
қосымша

"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.

      3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен is.ncste.kz ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – ақпараттандыру объектісі) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын; мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін; мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін; мемлекеттік қызмет көрсету нысанын; мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін; мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін; көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін; мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде мазмұндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады, ал Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      5. Ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін жолданған өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың келіп түскен күні оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсетуді ақпараттандыру объектісіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) құжаттарды тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 489 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33478 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сараптама қағидалары) 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы пысықталған өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті беруші өтінімді пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Пысықталған өтінімдерді алған кезде көрсетілетін қызметті беруші бұрын көрсетілген ескертулерді жоюға тексеру жүргізеді, ескертулер жойылмаған кезде пысықталған өтінімдерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады

      Көрсетілетін қызметті алушы Сараптама қағидаларының 9-тармағына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Сараптама қағидаларының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер тізімін ұсыну арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жасайды. Дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде баяндалған, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары Сараптама қағидаларының 9-тармағына сәйкес болған жағдайда Сараптама кағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сарапшыларды іріктеуді жүзеге асырады, олармен келісімшарттар жасасады және оларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға (бұдан әрі – МҒТС) құжаттарды жолдауды жүзеге асырады.

      11. Гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру; іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру шеңберінде ұсынылған өтінімдердің; Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының; гранттық және бағдарламалық-нысаналы, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептердің МҒТС-ын жүргізу кезеңдері және мерзімдері Сараптама қағидаларының 14, 15, 16 және 17-тармақтарында айқындалған.

      12. МҒТС шекті балдан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша МҒТС аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушының (ғылыми жетекшінің) МҒТС нәтижелерін (МҒТС балын көрсете отырып) ақпараттандыру объектісі арқылы қайтарады.

      Сараптама қағидаларына сәйкес МҒТС шекті балл және одан жоғары балл алған өтінімдерді сұралған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін МҒТС нәтижелерімен (МҒТС балын көрсетпей) бірге, ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті беруші белгілеген сарапшыға МҒТС аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      13. Сарапшының сұралған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалауы МҒТС аяқталғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Сараптама қағидаларына сәйкес сұралған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау нәтижелері өтінімдер МҒТС нәтижелерімен бірге (МҒТС балын көрсетпей) бағыттар бойынша тиісті ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі – ҰҒК) көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, ақпараттандыру объектісі арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС қорытындысын және гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер бойынша МҒТС қорытындысын, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мемлекет жүз пайыз қатысатын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен ғылыми ұйымдардың есептерін Сараптама қағидаларына сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті ҰҒК-ге көрсетілетін қызметті алушыға ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, жолдайды.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелген) 5-қосымшасына сәйкес конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде берілген конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдердің тізімін ұсыну арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жасайды. Көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары сәйкес болған кезде Сараптама кағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші сарапшыларды іріктеуді жүзеге асырады, олармен шарттар жасасады және оларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын сараптамаға (бұдан әрі – ҒҒТҚНКЖС) құжаттарды жолдауды жүзеге асырады.

      16. ҒҒТҚНКЖС ұйымдастыру және жүргізу мерзімі технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптамадан тұрады және келесі кезеңді қамтиды:

      ҒҒТҚНКЖС өткізу – 40 (қырық) жұмыс күнінен аспайды.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші жобаларға жүргізілген сараптаманың жиынтық қорытындыларын алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде сараптаманың жиынтық қорытындыларын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін ҰҒК-ге ұсынады.

      18. Өтінімдер МҒТС және ҒҒТҚНКЖС нәтижелерін (балын көрсетпей) алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығымен бекітілген ҰҒК туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33466 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҰҒК туралы ереже) сәйкес, барлық қаралатын мәселелер бойынша ҰҒК отырыстары 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі.

      19. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, орны мен тәсілі туралы хабарлайды. Хабарлама (Хабарлама) ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжайы бойынша не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып мәтіндік хабарламамен жіберіледі.

      Тыңдау туралы хабарлама дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды әзірлейді.

      20. ҰҒК туралы ережеге сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ҰҒК отырыстарының хаттамаларын ресімдеп, оған ҰҒК отырысына қатысқан барлық мүшелерінен отырысты өткізу аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қоюды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші МҒТС қорытындысы мен ҰҒК шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      21. Қазақстан Республикасының Ғылым саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторларына хабарлайды, оның ішінде бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар бекітілген немесе енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі –шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оның ісін шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      23. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметтерді көрсету жолдары

Көрсетілетін қызметті беруші is.ncste.kz ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

1) Жобалар мен бағдарламалардың МҒТС қорытындысы және ҰҒС шешімін берудің жалпы мерзімі – 74 (жетпіс төрт) жұмыс күні:
1-кезең:
1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – 7 (жеті) жұмыс күні;
3) МҒТС жүргізу – 20 (жиырма) жұмыс күні;
4) МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер сұралған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін сарапшыға жолдау – 3 (үш) жұмыс күні;
2-кезең: сұралған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау – 7 (жеті) жұмыс күні;
3-кезең: МҒТС қорытындысы және ҰҒК шешімдері – 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
2) Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерге МҒТС қорытындысы және ҰҒС шешімін берудің жалпы мерзімі – 45 (қырық бес) жұмыс күні:
1-кезең: 1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – 7 (жеті) жұмыс күні;
2) МҒТС жүргізу – 10 (он) жұмыс күні;
3) МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер сұралған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін сарапшыға жолдау – 3 (үш) жұмыс күні;
2-кезең: сұралған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау – 3 (үш) жұмыс күні;
3-кезең: МҒТС қорытындысы және ҰҒК шешімдері – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
3) Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының МҒТС қорытындысын берудің жалпы мерзімі – 27 (жиырма жеті) жұмыс күні:
1-кезең: сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – 7 (жеті) жұмыс күні;
2-кезең: МҒТС жүргізу – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
3-кезең: МҒТС қорытындысы – 2 (екі) жұмыс күні;
4) Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды (аралық) есептер бойынша МҒТС қорытындысы және ҰҒС шешімін берудің жалпы мерзімі – 42 (қырық екі) жұмыс күні:
1-кезең: 1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – 5 (бес) жұмыс күні;
2-кезең: МҒТС жүргізу – 15 (он бес) жұмыс күні;
3-кезең: МҒТС қорытындысы және ҰҒК шешімдері – 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
5) ҒҒТҚНКЖС қорытындысы және ҰҒС шешімін берудің жалпы мерзімі – 62 (алпыс екі) жұмыс күні:
1-кезең: конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру – 7 (жеті) жұмыс күні;
2-кезең: ҒҒТҚНКЖС жүргізу – 33 (отыз үш) жұмыс күні;
3-кезең: ҒҒТҚНКЖС қорытындысы және ҰҒК шешімдері – 22 (жиырма екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері

1-кезең – МҒТС (МҒТС балын көрсете отырып) қорытындылары – МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша немесе уәжді бас тарту, өтінімнің сұралған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін сарапашыға жіберілгені туралы хабарлама;
2-кезең – ҰҒК-ке жіберілгені туралы хабарлама; 3-кезең – МҒТС қорытындысы мен ҰҒК шешімі (МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер бойынша). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпараттандыру объектісінде жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін негізді көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сай, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Ақпараттандыру объектісі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (727) 378-05-67, 37-05-09.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелген) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер және құжаттар;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы уәкілетті органның бұйрығынан үзінді немесе куәлігінің көшірмесі;
3) биоәдеп мәселелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті комиссиялардың оң қорытындысы (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін);
4) гранттық қаржытандыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы;
5) іске асыру мерзімдері мен салым сомасы немесе қажетті ресурстар көрсетілген еркін нысандағы салым туралы келісім (қолданбалы зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы үшін);
6) Жеке басын куәландыратын құжаттар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы туралы ұсынылған мәліметтердің және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.
6) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін органикалық қолжетімділіктің дербес дерекетеріне қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

1) құжаттар пакетін тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
2) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде ақпараттандыру объектісі арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

  "Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 489 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 9-тармағында (бұдан әрі – Қағидалар) көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер тізімі

ЖТН

Атауы

Тапсырыс беруші

Көрсетілетін қызметті алушы

Ғылыми жетекші

Қағиданың талаптары

Конкурстық құжаттама талаптары

Кайтару негіздемесі

1









  "Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде берілген конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдердің тізімі

Жеке сәйкестендру
нөмері

Атауы

Тапсырыс беруші

Көрсетілетін қызметті алушы

Жоба жетекші

Конкурстық құжаттама талаптары

Кайтару негіздемесі









  "Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы филиалының № __ бөлімі ____________________________________ (мекенжайды көрсету) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты ___________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________________________________;

      2) ____________________________________________________;

      3) ____________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды.

      ______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) ___________________ (қолы)

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) _______________

      Қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) ______________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы) "___"____________ 20__ жыл