"Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 246/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 сәуірде № 34287 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (оның ішінде шақыру сигналын беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін кемелер үшін);

      2) сұратылған радиожиілік белдеуінің (номиналының) негіздемесі келтірілген түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) топологиясы мен архитектурасы, оның басқару орталығы Қазақстан Республикасының аумағына қатысты орналасу мекенжайы (аумағында немесе аумақтан тыс) пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, қолдануға жоспарланған РЭҚ техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер егжей-тегжейлі баяндалады. Оның ішінде түсіндірме жазбаға қоса беріледі:

      спутниктік байланысты ұйымдастыру үшін бөлінетін радиожиілік номиналдарын (жолағын), тиімді изотропты сәулелену қуаты, сәуле шығару класы, VSAT-станциялар үлгісін көрсете отырып, спутниктік байланыс операторы хатының көшірмесі;

      3) радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), сымсыз радиобайланыс жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL – wireless local loop), ультра-қысқа толқындар (бұдан әрі – УҚТ), қысқа толқындар (бұдан әрі – ҚТ), транкингтік радиобайланыс және деректерді беру желілеріне) және теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама) толтырылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кеме станциясы үшін РЖС-ға рұқсат немесе РЖС-ға рұқсат берілгеннен кейін аумақтық бөлімше "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлем төлеуге хабарлама жібереді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Техникалық параметрлер, оның ішінде РЭҚ орнату орны өзгерген жағдайда (географиялық координаттар өзгерген, антеннаның іліну биіктігі өзгерген, антеннаның бағыты өзгерген) электромагниттік үйлесімділік (бұдан әрі – ЭМҮ) қорытындысын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік радиожиілік қызметіне мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсына отырып, осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес өтінім береді:

      1) сұратылған радиожиілік белдеуінің (номиналының) негіздемесі келтірілген түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) топологиясы мен архитектурасы, оның басқару орталығы Қазақстан Республикасының аумағына қатысты орналасу мекенжайы (аумағында немесе аумақтан тыс), пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, қолдануға жоспарланып отырған РЭҚ техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер, байланысты ұйымдастыру сұлбасы, жиіліктер торы (радиоарналар) егжей-тегжейлі баяндалады;

      2) радиобайланыс түріне байланысты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), сымсыз радиобайланыс жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL – wireless local loop), УҚТ, ҚТ, транкингтік радиобайланыс және деректер беру стационарлық радиоэлектрондық құралдарына) және теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және т. б.) сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелелік желіге сауалнама, 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын тарату таратқышына сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама толтырылады.

      3) радиожиілік спектрін бірлесіп пайдалану туралы шарттан алынған мәліметтер (осы шарт бойынша жиіліктерді пайдалану құқығын алған пайдаланушы, радиожиілік спектрінің негізгі пайдаланушысы, бірлесіп пайдалану үшін белгіленген радиожиілік жолағы, шарттың мерзімі, нөмірі және қол қойылған күні).";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Қатысушыларға қойылатын талаптар:

      1) тарату немесе банкроттық сатысында болмауға тиіс;

      2) байланыс саласындағы қызмет тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем болмауы тиіс;

      3) Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарнаны төлеу (түбіртек).";

      1-қосымшада:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22.

LPWAN технологиясының РЭҚ

863-868
МГц

≤25 мВт э.и.с.қ.

≤500 кГц

Аэропорт (аэродром)
аумақтарында қолдануға жол берілмейді

      ";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24.

SRD (деректерді таратудың кең жолақты жүйелері) WAS/RLAN Деректерді тарату жүйелері\ жергілікті радиожүйелер

2400.0–2483.5 МГц

100 мВт э.и.с.қ.


Модуляцияның кең жолақты түрлері үшін, ЖЖПҚ (FHSS)–дан басқа, ЭИСҚ максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/1 МГц

5150–5350 МГц

200 мВт, э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц


Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін.

5470–5725 МГц

100 мВт э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц


Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін.

5725-5850
МГц

100 мВт э.и.с.қ. максималды спектралды тығыздығы 10 мВт/МГц


Тек қана ғимараттың ішінде қолдану үшін.

17.1–17.3 ГГц

100 мВт э.и.с.қ.



57–66 ГГц

40 дБм э.и.с.қ.


Тек ғимараттың ішінде қолдануға арналған.
э.и.с.қ. максималды орташа тығызыдығы 13
дБм/МГц–ке
дейін шектелуі
тиіс.

      ";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26.

SRD (жол қозғалыстарын басқару және автомобиль көлігіне арналған (RTTT) ақпаратты өңдеудің және таратудың интеграцияланған құрылғылары)

76–77 ГГц

55 dBm шыңдық э.и.с.қ.


Қуат деңгейі: 55 дБм – шыңдық қуаты, 50 дБм – орташа қуаты, 23,5 дБм – орташа қуат тек импульстік радар үшін. Өндірістік және көліктік радиолокациялық жүйелер.

24.050–24.075 ГГц

100 мВт э.и.с.қ.


Автомобиль радарлары үшін

24.075–24.150 ГГц

0.1мВт э.и.с.қ.


Автомобиль радарлары үшін


100 мВт э.и.с.қ.


Автомобиль радарлары үшін (тек көлік құралы). Спектрге қолжетімділік және кедергілерді азайтуға талаптар бампердің артында құрастырылған құрылғылар үшін – кідірудің максималды уақыты әр 3 миллисекунд сайын 4µc/40кГц. Егер олар бамперден тыс құрастырылса, талап келесідей болуы қажет: кідірудің максималды уақыты әр 3 миллисекунд сайын 3µc/40кГц. Бампердің артында немесе бамперсіз құрастылырған құрылығыларға талап - кідірудің максималды уақыты әр 40 миллисекунд сайын 1мс/40кГц. Модуляцияның минималды жиіліктер диапазонына (FMCW немесе жиілік адымы бар сигналдарға қолданылады) немесе 250 кГц лездік жолақ еніне (импульсті сигналдарға қолданылады) талаптар кідірудің максималды уақыты бойынша талапқа қосымша қолданылады.

24.150–24.250 ГГц

100 мВт э.и.с.қ.


Автомобиль радарлары үшін (тек көлік құралы)

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: тізбеде көрсетілген негізгі қысқартулар:

      * Пайдалануға рұқсат беру құжаттары талап етілмейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар.

      * Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10375 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі;

      Пайдалану кезінде Тізбеде көрсетілген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар ұлттық кестеге сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде жұмыс істейтін РЭК және ЖЖҚ-ға радио кедергілер тудырмауға, ал оларды пайдаланушылар кедергілерден қорғауды талап етуі тиіс.

      SRD – Short Range Devices, радиусы аз құрылғылар;

      дБм – децибел-милливатт;

      WLL – wireless local loop (сымсыз радиоқолжетімділік жүйесі);

      DECT – Digital Enhanced Cordless Telecommunication;

      ГГц – гигагерц;

      МГЦ – мегагерц;

      GBSAR – Ground-based Syntkhetic Aperture Radar (синтезделген апертурасы бар жерүсті радары);

      мВт – милливат;

      э.с.қ. – тиімді сәуле шығару қуаты;

      э.и.и.м. – тиімді изотропты-сәуле шығару қуаты;

      кГц – килогерц;

      ГЛОНАСС – Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе;

      GPS – Global Position System (жаһандық позициялау жүйесі).";

      2-қосымшада:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Стационарлық қабылдау-тарату РЭҚ, мыналарға арналған: УҚТ радиобайланысы, транкингтік радиобайланыс жүйесі, УҚТ
радиобайланысың жылжымалы РЭҚ**

33–48,5 МГц; 57–57,5 МГц; 117,975-137 МГц, 146–174 МГц, 380–385 МГц, 390–470 МГц (Қуаты 2 Вт дейін шағын қуатты алып жүруге болатын РЭҚ-тан басқа 151,625; 159,775; 433.075-434.775; 462,5625; 462,5875; 462,6125; 462,6375; 467,5625; 467,5875; 467,6125; 467,6375; 467,6625; 467,6875; 467,7125 МГц)

      ";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Радиорелелік станциялар, оның ішінде "нүкте-нүкте" топологиясы бар
радиокөпір режиміндегі қолданылатын сымсыз радиоқолжеткізу жүйесінің абоненттік терминалдары

Ұлттық кестеге* сәйкес тіркелген қызметке арналған жиіліктер

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: РЭҚ және ЖЖҚ есебін жүргізу, РЖС рұқсаты және РЭҚ және

      ЖЖҚ қорытынды алу талап етілетін РЭҚ тізбесінде көрсетілген негізгі қысқартулар:

      * Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10375 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі;

      ** УҚТ-радиобайланысы үшін жылжымалы РЭҚ-қа есептеуді жүргізу және ЭМҮ РЭҚ сарапатамалық қорытындыны рәсімдеу қажет етілмейті.

      *** VSAT (HUB) желісінің жердегі Орталық спутниктік станциясына арналған радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған жағдайда HUB-технология бойынша жұмыс істейтін VSAT-станциялар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.

      VSAT-станциялары үшін иелікке берілген радиожиіліктерді пайдалану түрлі мақсаттағы РЭҚ-дан туындайтын бөгеуілдерге наразылықсыз қамтамасыз етілуі тиіс, сондай-ақ иелікке берілген жиіліктер белгіленген тәртіппен берілген (тағайындалған) басқа мақсаттағы қолданыстағы РЭҚ жұмысын шектемеуге тиіс.

      Пайдалануға енгізілген VSAT-станциясы жағында жол берілмейтін бөгеуілдердің орын алу фактісі айқындалған жағдайда, оның иеленушісі бөгеуілдерді жою және өз станциясының олар бірге пайдаланылатын аудандағы басқа мақсаттағы РЭҚ-мен ЭМҮ қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға қажет.

      Жердегі басқару кешені Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында орналасқан ғарыш объектілерімен HUB-технологиясы бойынша жұмыс істейтін, таратқыш қуаты 2 Вт және одан төмен, ЭИСҚ 50 дБВт және одан төмен, антенна диаметрі 2,4 метр және одан кем VSAT-станцияларын қоспағанда, VSAT-станциялар үшін ЭМҮ есептеуді жүргізу мен ЭМҮ сараптама қорытындысын ресімдеу сақталады.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағының 5-тармақшасымен басқару орталығы одан тысқары орналасқан Қазақстан Республиксының аумағында байланыс желілерін құруға және пайдалануға тыйым салынады.

      ЖЖҚ – жоғарыжиілікті құрылғылар;

      ҰТ – ұзын толқындар;

      ҚТ – қысқа толқындар;

      ОТ – орта толқындар;

      РЖС – радиожиілік спектрі;

      РЭС – радиоэлектрондық құрал;

      УҚТ – ультра-қысқа толқындар;

      ЭИСҚ – эффективті изотропты сәулелену қуаты;

      ЭМҮ – электромагниттік үйлесімділік;

      HUB – орталық станция;

      VSAT – Very Small Aperture Terminal (кіші антенна апертурасы бар серіктік байланыстың жердегі станциясы);

      WLL – wireless local loop (сымсыз абоненттік қолжетімділік).

      Өлшем бірліктері:

      ГГц – гигагерц;

      кГц – килогерц;

      МГц – мегагерц;

      дБВт – децибел-ватт.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      14-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      15-қосымшада:

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруді талап ететін РЭҚ пен ЖЖҚ тізбесінде көрсетілген негізгі қысқартулар:

      * Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10375 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі;

      ** фемтосоттарға РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.

      ***VSAT (HUB) желісінің жердегі Орталық спутниктік станциясына арналған радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған жағдайда HUB-технологиясы бойынша жұмыс істейтін VSAT-станциялары үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.

      ЖЖҚ – жоғарыжиілікті құрылғылар;

      ГГц – гигагерц;

      ҰТ – ұзын толқындар;

      ҚТ – қысқа толқындар;

      кГц – килогерц;

      МГц – мегагерц;

      РЭҚ – радиоэлектрондық құрал;

      ОТ – орта толқындар;

      УҚТ – ультра-қысқа толқындар;

      HUB – орталық станция;

      DECT – Digital Enhanced Cordless Telecommunication (цифрлық сымсыз байланыстың жақсартылған технологиясы);

      SCPC – Single Channel per Carrier (тасымалдаушыға бір арна).

      VSAT – Very Small Aperture Terminal (кіші антенна апертурасы бар серіктік байланыстың жердегі станциясы);

      WLL – wireless local loop (сымсыз қолжетімділік жүйесі).".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 246/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
  Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді
(радиожиілік арналарын) иелікке
беру, радиоэлектрондық
құралдар мен жоғары жиілікті
құрылғыларды пайдалану,
сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондақ
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, күшін жою, ұзарту және қайта ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауын

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін

Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру түрде "электронды үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін

1) Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалануға рұқсат беру – 20 (жиырма) жұмыс күні, оның ішінде кеме станциясының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаты – 5 (бес) жұмыс күні. Халықаралық үйлестіру жүргізілген жағдайда мерзім алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылдың 25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі мен 25 желтоқсанына дейін РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.
3) Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күн;
4) РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою – 10 (он) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін

Осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат; Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою, ұзарту, қайта ресімдеу; Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшада телевизиялық және радиохабар тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым ставкалары, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес радиобайланыс түрлері үшін жылдық төлем ставкалары көрсетілген.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Төлем сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы ОМО және (немесе) ЖАО-ға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.egov.kz/memleket/entities/mdai "Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) "электрондық үкімет" веб-порталында www.egov.kz ескерту.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

1) РЖС пайдалануға рұқсат беру: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; сұралып отырған радиожиіліктер белдеуінің (номиналының) негіздемесі келтірілген түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар, қолданылуы жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдардың (бұдан әрі – РЭҚ) техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер егжей-тегжейлі баяндалады; HUB-станциясымен спутниктік байланысты ұйымдастыру үшін бөлінетін радиожиілік номиналдарын (жолағын), ЭИСҚ, сәуле шығару класы, VSAT-станциялар үлгісін көрсете отырып, спутниктік байланыс операторы хатының көшірмесін; Қазақстан Республикасының аумағында геостационарлық емес спутниктерді пайдалану үшін Халықаралық электр байланыс одағының Радио байланыс регламентіне сәйкес геостационарлық емес спутниктік желісін тіркеуге Халықаралық электр байланыс одағының оң қорытындысының көшірмесі; телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілікті арналарды) бөлу бойынша өткізілген конкурстың оң нәтижесі; Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері үшін Қазақстан Республикасының аумағында РЖС рұқсатын алуға келісім туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хатының көшірмесі қоса беріледі; радиобайланыс түріне байланысты құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), сымсыз радиобайланыс жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL), УҚТ, КВ, Транкингтік Радиобайланыс және деректерді беру желілеріне) және теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелейлік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама толтырылады (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама);
2) РЖС пайдалануға рұқсатты ұзарту: РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылдың 25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі мен 25 желтоқсанына дейін РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады
3). РЖС-ға рұқсатты қайта ресімдеу: осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; түсіндірме жазба. Кеме станциясының рұқсаты үшін теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлігін ұсыну қажет; РЖС рұқсатының көшірмесі (қағаз тасығышта алған жағдайда); РЖС рұқсаты электрондық түрде алынған жағдайда (портал арқылы) РЖС-ға рұқсат көшірмесі талап етілмейді. заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мұрагерлікті растайтын құжат; радиобайланыс түріне байланысты құрлықтағы жылжымалы стационарлық радиоэлектрондық құралға (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), сымсыз радиобайланыс жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL), УҚТ, КВ, Транкингтік Радиобайланыс және деректерді беру желілеріне) және теңіз қызметтеріне (жағалау, радиолокациялық станциялар, радиомаяктар және басқалар) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сауалнама, немесе 6-қосымшаға сәйкес радиорелейлік желіге сауалнама, немесе 7-қосымшаға сәйкес телерадио хабарларын таратушыға сауалнама, немесе 8-қосымшаға сәйкес жер станциясына сауалнама толтырылады (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық деректермен толтырылған сауалнама); РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төленгенін растайтын құжат. РЖС-ға электрондық түрде (портал арқылы) алынған рұқсаттарды қайта ресімдеген жағдайда РЭҚ-қа сауалнама талап етілмейді;
4) РЖС күшін жою: РЖС рұқсатын алуға бас тарту себептерін және жою күнін көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш; РЖС-не рұқсат (егер РЖС рұқсат электрондық түрде Портал арқылы алынған болса, аталған құжат талап етілмейді); ұсынылған хабарлама бойынша өтінім берілген мерзімге дейінгі РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке аумақ бойынша төлемақы төленгенін растайтын құжат.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

1) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) Жиіліктер белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес келмесе;
2) мәлімделген радиоэлектрондық құралдардың сәулелену және қабылдау параметрлері радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға, нормаларға сәйкес келмесе;
3) қолданыстағы және пайдалану үшін жоспарланып отырған радиоэлектрондық құралдармен электромагниттік үйлесімділік сараптамасының оң қорытындысы болмаса;
4) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұрын иелікке берілген, мәлімделген жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арнасы) азаматтық пайдаланушылардың қарамағында болса;
5) радиожиілік пайдаланылатын, байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріне лицензиар Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіппен беретін тиісті лицензия болмаса;
6) жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасы) Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органымен келісу жүргізудің оң нәтижелері болмаса, бас тартылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді

1) Көрсетілетін қызметті алушының, ОМО және (немесе) ЖАО мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда қызмет алу мүмкіндігі бар.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің:
www.gov.egov.kz/memleket/entities/mdai интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қазақстан Республикасының
радиожиілілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру, жою,
ұзарту және қайта ресімдеу"
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
қосымша

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергені үшін алым мөлшерлемелері

      1) радиожиіліктің метрлік диапазонды телевизия үшін:

Р/с №

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

10-ды қоса алғанға дейін

100-ді қоса алғанға дейін

20

2.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ді қоса алғанға дейін

41

3.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ден жоғары

83

4.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

124

5.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

249

6.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

290

7.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

435

8.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-ды қоса алғанға дейін

828

9.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-нан жоғары

1243

10.

500-ден жоғары

5000-ды қоса алғанға дейін

2367

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

3550

      2) радиожиіліктің дециметрлік диапазонды телевизия үшін:

Р/с №

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

10-ды қоса алғанға дейін

100-ді қоса алғанға дейін

13

2.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ді қоса алғанға дейін

26

3.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ден жоғары

52

4.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

78

5.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

155

6.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

181

7.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

272

8.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-ды қоса алғанға дейін

518

9.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-нан жоғары

777

10.

500-ден жоғары

5000-ды қоса алғанға дейін

1479

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

2219

      3) Радиожиіліктің УҚT ЖМ (FМ) диапазонды радио хабарларын тарату:

Р/с №

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

10-ды қоса алғанға дейін

100-ге дейін

5

2.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ді қоса алғанға дейін

9

3.

10-нан 50-ді қоса алғанға дейін

500-ден жоғары

18

4.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

27

5.

50-ден 100-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

53

6.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-ды қоса алғанға дейін

62

7.

100-ден 200-ді қоса алғанға дейін

1000-нан жоғары

93

8.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-ды қоса алғанға дейін

178

9.

200-ден 500-ді қоса алғанға дейін

2000-нан жоғары

266

10.

500-ден жоғары

5000-ды қоса алғанға дейін

488

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

732

      4) радиожиіліктің ҚТ, ОТ, ҰТ диапазонды радио хабарларын тарату үшін:

Р/с №

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

500-ден жоғары

100-ді қоса алғанға дейін

5

2.

100-ден 1000-ды қоса алғанға дейін

15

3.

1000-нан 10000-ды қоса алғанға дейін

30

4.

10000-нан 100000-ды қоса алғанға дейін

45

5.

100000-нан бастап

89

      Радиобайланыстың түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері:

Р/с №

Радиобайланыс түрлерi

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк берілгені үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

10

2.

Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн)



2.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

140

2.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

80

2.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

10

3.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



3.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

80

3.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

60

3.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

15

4.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн)



4.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

30

4.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

20

4.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

10

5.

Таратқыштың шығу қуаты:- 50 Вт-қа дейiн; - 50 Вт-тан жоғары болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк берілгені үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

1020

6.

Радиоұзартқыштар (арна үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

2

7.

Ұялы байланыс* (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

2 300**

8.

Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

20

9.

HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуi 100 кГц/беруге 100 кГц болатын енi үшiн)

Қазақстан Республикасы

30

10.

HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн)

Қазақстан Республикасы

100

11.

Радиореле желiлері (бiр аралықтағы дуплекстi ұңғыма үшiн):



11.1.

жергiлiктi

аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ

40

11.2.

аймақтық және магистральдық

Қазақстан Республикасы

10

12.

Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



12.1.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

25

12.2.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

2

13.

КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн)



13.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

140

13.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

70

13.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

5

14.

Эфирлiк-кәбілдік телевизия (8 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)



14.1.


халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен

300

14.2.


халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен

135

14.3.


халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала; аудан

45

14.4.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ)

5

15.

Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн

облыс

10
Жүктеу

      Ескертпе:

      * - GSM/DCS, CDMA, 3G/UMTS, 4G/LTE, 5 G/IMT ұялы/ұялы стандарттары үшін қолданылады.

      ** - ұялы байланыс үшін есептелген жылдық төлемақы ставкасының сомасы тоқсан пайызға азайтылады, өзіне бағыт бойынша міндеттемелерді өз бетінше немесе шоғырландырылған қабылдаған байланыс операторлары үшін қалалық және ауылдық жерлердегі кең жолақты Интернет жобаларын қаржыландыруға тиісті төлемақы ставкаларының төмендеуінен босатылған қаражат кем емес.

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер диапазоны

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

Телевизия/жиіліктердің метрлік диапазоны



1.1.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

81



облыс

15

1.2.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

361



облыс

65

1.3.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

957



облыс

174

1.4.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

1 353



облыс

245

1.5.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары

республикалық маңызы бар қала және астана

2 344



облыс

425

2.

Телевизия/ жиіліктердің дециметрлік диапазоны



2.1.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

51



облыс

9

2.2.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

228



облыс

41

2.3.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

605



облыс

110

2.4.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

855



облыс

155

2.5.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары

республикалық маңызы бар қала және астана

1 481



облыс

269

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 246/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
  Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді (радиожиілік
арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар
мен жоғары жиілікті
құрылғыларды пайдалану,
сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондық
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

Құрлықтағы жылжымалы (ұялы байланыстың базалық станциясына (2G, 3G, 4G, 5G), сымсыз радиобайланыс жүйесінің радиоэлектрондық құралына (WLL), УҚТ, ҚТ, транкингтік радиобайланыс пен деректерді тарату желілерінің стационарлы радиоэлектронды құралына) және теңіз қызметтерінің (жағалау, радиолокация станциялары, радиомаяктар және т.б.) стационарлы радиоэлектрондық құралына сауалнама

1 Бөлім – Жалпы деректер

1-a, 1-b, 1-c. Қызмет аумағы:*




1-d. Көше:*




1-e. Үй\Құрылыс:






1-f. Жалпы секторлар саны:*






1-g. Байланыс стандарты:*




1-h. Қызмет көрсету аймағының жоспарланған радиусы, км:*






1-i Деректерді тарату жылдамдығы, Мбит/с:*




1-j. Дуплекстік алшақтау, МГц:




 

 
2 Бөлім – Техникалық деректер

2-a. Қабылдап-таратқышты өндіруші:*




2-b. Қабылдап-таратқыштың моделі:*




2-c. Құрылғының сериялық нөмірі::




2-d. Сезімталдылығы, мкВ:*




2-e. Модуляция түрі:*




2-f. Сәуле шығару классы




Қажетті жолақ ені:*




Өлш. бірл.:*




Негізгі тасымалдаушының модуляция типі:*




Негізгі тасымалдаушыны модуляциялайтын сигнал (дар) дың сипаты:*




Жіберілетін ақпарат типі:*




Сигнал (дар) туралы толық мәліметтер:




Тығыздалу сипаты:




2-g. Көрші арна бойынша таңдау, дБ:*




2-h. Интермодуляциялық таңдау, дБ:*


 

2-i. Поляризация:*


 

2-j. Антенна типі:*


 

2-j. Антеннаның бағыттылығы:*


 

2-j. Сектор нөмірі*

2-k. Антеннаны
өндіруші *

2-l. Антеннаның
моделі *

2-m. Indoor
антенналар саны*

2-n. Күшейту
коэффициенті, дБи*












1-o. Географиялық координаттар С.Е.:*

1-o. Географиялық координаттар Ш.Б.:*

2-p. Максималды
сәуле шығару
азимуты, град*

2-q. Жер
деңгейінен
жоғары
антеннаның
іліну биіктігі, м*

2-r. Бұрыш орны, град*












2-s. АФҚ шығындары, дБ*

2-t. Таратқыштың
қуаты (секторға), Вт*

2-u. Қабылдау жиілігі (
мин.шекарасы), МГц*

2-u. Қабылдау жиілігі (макс.шекарасы), МГц*

2-v. Тарату жиілігі (
мин.шекарасы), МГц*











2-v. Тарату жиілігі (макс.шекарасы), МГц*

2-w. Қабылдаудың
тасымалдаушы
жиілігі, МГц* (жиілік жоспарына
сәйкес арналар **)

2-w. Таратудың
тасымалдаушы
жиілігі, МГц* (жиілік жоспарына
сәйкес арналар **)

2-x. Базалық станция сотасының сәйкестендіргіші*(Cell ID/CI)/Қызмет
көрсету аймағының коды (SAC)***

2-y. Поляризация:*











 

 
3 Бөлім – Сәйкестендіру деректері***

3-a. Базалық станцияның сәйкестендіру нөмірі (BSIC)**




Желінің түстік коды (NCC):*




Базалық станцияның түстік коды (BCC):*






3-b. Орналасу мекенін сәйкестендіргіш (LAI)




Мемлекет коды (MCC):*




Мобильді желі коды (MNC):*




Елді мекен коды (LAC)/ Бақылау аймағының коды (TAC):*








 

 
4 Бөлім – Қосымша ақпарат

РЖС пайдалануға берілген рұқсаттың нөмірі:




Рұқсат берілген күн:




Рұқсаттың жарамдылық мерзімі:






 

      Қосымша: Planet форматында антенналарды көлденең/тігінен жазықтықтағы бағыттылығының нормаланған диаграммасы, қабылдап-таратқыштың нормаланған АЖС, жиіліктер торы.

      Мен осы сауалнамадағы мәліметтер толық және шындыққа сәйкес екенін куәландырамын.


Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)


Қолы




Лауазымы


Күні




      Ескертпе: жылжымалы радиобайланыс жүйесінің радиоэлектрондық құралына арналған сауалнамада көрсетілген негізгі қысқартулар:

      * – толтырылуы міндетті жолдар;

      ** – жиілік жоспарына сәйкес арналар - GSM 900, GSM 1800, UMTS, CDMA 450, CDMA 800, LTE, Wi-Fi;

      *** – ұялы байланыстың базалық станцияларына ғана арналған жолдар мен бөлімдер;

      АФҚ – антендік-фидерлік құрылғы;

      АЖС – амплитудалық-жиіліктік сипаттама;

      Вт – ватт;

      С.Е. және Ш.Б. – солтүстік ендік және шығыс бойлық;

      град. – градус;

      дБ – децибел;

      дБи – изотропты децибел;

      м – метр;

      км – километр;

      мкВ – микровольт;

      РЭҚ – радиоэлектрондық құрал;

      BCC- Base station Colour Code (Базалық станцияның түстік коды);

      BSIC – Base Station Identity Code (Базалық станцияның сәйкестендіру нөмірі);

      CDMA – Code Division Multiple Access (Кодтық бөлінуі бар көптік қолжетімділік);

      Cell ID - Cell Identifier (Сота сәйкестендіргіші. GSM және LTE стандарттары үшін көрсетіледі);

      GSM – Global System for Mobile Communications (Мобильді байланыстың жаһандық жүйесі);

      LAC - Location Area Code (Елді мекен коды. GSM және UMTS стандарттары үшін көрсетіледі);

      LAI- Location Area Identification (Орналасу сәйкестендіргіші);

      LTE - Long Term Evolution (Ұзақ мерзімді даму);

      MCC - Mobile Country Code (Мемлекет коды);

      MNC - Mobile Network Code (Мобильді желі коды. Барлық стандарттар үшін көрсетіледі);

      NCC- Network Colour Code (Желінің түстік коды);

      SAC - Service Area Code (Қызмет көрсету аймағының коды. UMTS стандарты үшін көрсетіледі);

      TAC - Tracking Area Code (Бақылау аймағының коды. LTE стандарты үшін көрсетіледі);

      UMTS – Universal Mobile Telecommunications System (Әмбебап мобильді телекоммуникациялық жүйе);

      Wi-Fi – Wireless Fidelity (сымсыз дәлдік).

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 246/НҚ Бұйрыққа
3-қосымша
  Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді (радиожиілік
арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондық
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді
жүргізу қағидаларына
14-қосымша

Радиоэлектрондық құралдың электромагниттік үйлесімділігін сараптау қорытындысы №

      Берілді:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      радиоэлектрондық құралға (РЭҚ)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орнату пункті:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                        (толық мекенжайы)

      Байланыс түрі:                         Байланыс стандарты:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Сезімталдығы, дБм/мкВ:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Секторлар саны: Антенна диаметрі, метрлер:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

Бойлық: (градус, мин., сек.)

Ендік: (градус, мин., сек.)

Антенна (Өндіруші/ Моделі)

Indoor антенналар саны

Поляризация (қабылдау/тарату)

Антеннаның жер деңгейінен іліну биіктігі

Максималды сәуле шығару азимуты

Орын бұрышы

Антеннаның күшейту коэффициенті

Таратқыш қуаты

Қабылдау/Тарату
жиіліктері

Сәуле шығару классы

Модуляция түрі


Географиялық координаттар


д.


м

градус

градус

дБи

Вт

МГц



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1.














2.














      Қосымша ақпарат:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (байланыс түріне байланысты толтырылады)

      Жердің жасанды серігі бойынша деректер (спутниктік байланыстың жер станциясы үшін):

      жердің жасанды серігі, тұру нүктесі, градус

      Сәуле атауы

      __________________________________________________________________________

      Телерадио хабарын тарату қызметі бойынша мәліметтер:

      __________________________________________________________________________

      Хабар тарату бағдарламасы ___________________________ Арна нөмірі

      Бағдарламаны таратқышқа тарату тәсілі

      __________________________________________________________________________

      Бағдарламаны қабылдау тәсілі

      __________________________________________________________________________

      Эфир бойынша қабылдау

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жоспарланған радиоэлектрондық құралдардықтың (РЭҚ) пайдалану өлшемдерінің

      есептік деректеріне сәйкес келуі жағдайында, ол __ км радиуста жұмыс істейтін

      радиоэлектрондық құралдармен үйлесімді.

      ___________ ______________________________________ ______________

      (Басшы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (берілген күні)