"Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі № 4/49-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 шілдеде № 6326-13 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5202 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н. Абишов