Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 23 тамыздағы № 16-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 қыркүйекте № 33394 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мынадай нормативтік қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 3-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22717 болып тіркелген) нормативтік қаулысы;

      2) "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 24 ақпандағы № 8-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік қаулыларының тізбесінің 9-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31979 болып тіркелген).

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Жоспарлау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Н. Годунова