ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24277 болып тіркелген) 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. "Жер кадастры" кіші жүйесі жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері негізінде қалыптастырылады.
Деректерді беру Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес ақпараттық жүйелерді интеграциялау құралдары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастры" кіші жүйесі Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрының деректері есебінен қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26894 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес деректерді қамтиды.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі