БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 98 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларында:
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұсқаулықты әзірлеуді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен оқу орталықтарының мамандары жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша шарттық негізде жүзеге асырады.".
2. "Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) жұмыс берушіде тиісті салалардың мамандарын, кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаты бар ұйымның еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері жөніндегі техникалық инспекторларын тарта отырып жүргізіледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жауапты жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқу және білімін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мамандарды (келісу бойынша), бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандарын тарта отырып жүргізіледі. Оқу процесіне еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның маманын (келісу бойынша) тартылуы мүмкін.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқау жұмысқа қабылдаған кезде жұмыскерлердің (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы бойынша оқытуға жататын басшы айқындаған қызметкерлердің санаттарын қоспағанда) біліміне, осы кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жүргізіледі.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Қайталама нұсқау беруден жұмыскерлер біліктілігі, білімі, өтілі, орындайтын жұмысының сипатына қарамастан кемінде жартыжылдықта бір рет (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау курсы бойынша оқытуға жататын басшы айқындаған қызметкерлердің санаттарын қоспағанда) жұмыс уақытында өтеді.".
3. "Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе жоғалтқан жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:
12-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:
12-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:
12-тармақ алып тасталсын.
4. "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында:
15-тармақтың 4 тармақшасы алып тасталсын.
5. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 275 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.