"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 наурызда № 32076 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру Қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін ұйымның сертификатын алуға/тануға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген құжаттар топтамасымен бірге жібереді.

      Тізбе мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.";

      9-2 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2. Өтініш беруші Тізбенің 8-тармағымен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      10. Өтініш беруші Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, ұсынылған құжаттар Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне тексеріледі, оның нәтижелері бойынша порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сертификаттық тексерудің кезеңі мен тексеру үшін тағайындалған авиациялық инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, сертификаттық тексеру жүргізу туралы хабарлама жіберіледі. Сертификаттау рәсімінде өзгерістер болған жағдайда тексеру басталғанға дейін өтініш берушіге "жеке кабинет" қосымша ақпарат жіберіледі.";

      14, 15, 16, 17 ,17-1 және 18 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша авиациялық инспекторлар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық тексеру актісін өтініш берушінің объектілерінің нақты жай-күйін, қорытындыларды, ұсынымдарды және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкінеместігі) туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасайды, оған аяқталғаннан кейін авиациялық инспекторлар қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.

      Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді:

      1) 1-деңгей – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) 2-деңгей – уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) 3-деңгей-қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік.

      15. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өтініш берушінің адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмауымен сипатталады.

      1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген кезде Уәкілетті ұйым сертификат беруден бас тартады не өтініш беруші анықтаған сәйкессіздіктер жойылған сәтке дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың қолданылуын шектейді.

      16. 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзімге келіседі. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық тексеру нәтижелерімен танысқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға келісуге ұсынады;

      2) анықталғандарды жою бойынша өтініш беруші ұсынған шараларды бағалау негізінде сәйкессіздіктер, түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі немесе оны негіздемемен пысықтауға қайтарады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді Уәкілетті ұйым өтінім беруші оны өзгерту қажеттігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда ұзартады.

      Өтініш беруші осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзімде түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаған жағдайда, Уәкілетті ұйым сертификат беруден бас тартады.

      Қолайлы түзету жоспары себептерді жою және сәйкессіздіктердің қайталануын болдырмау әрекеттерін қамтиды.";

      17. Уәкілетті ұйым қайта тексеру жүргізу арқылы ұсынылған түзету іс-қимылдарының жоспарына сәйкес өтініш берушінің сәйкессіздіктерді жоюына бақылауды жүзеге асырады.

      Егер өтініш беруші түзету әрекеттерін келісілген мерзімде орындамаса, 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмейді және Уәкілетті ұйым бұрын берілген сертификатты кері қайтарып алады не шектейді.

      3-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді. Осы сәйкессіздіктер келесі жоспарлы инспекцияға немесе сертификаттауға дейін жойылады.

      17-1. Сертификаттық зерттеп-қарау актісі негізінде және қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болмаған жағдайларда уәкілетті ұйым авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын не Тізбенің 9-тармағымен көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты рәсімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      18. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Сертификаттың қолданылу саласын кеңейту кезінде өтініш беруші уәкілетті ұйымға азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін осы Тізбенің 8-тармағымен көзделген құжаттарды жібереді.

      30. Шет мемлекеттердің авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдары (бұдан әрі – шетелдік ұйымдар) олардың сертификаттарын уәкілетті ұйым толық/ішінара танығаннан кейін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарға жіберіледі.";

      3-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 153 Бұйрыққа
қосымша
  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
жөніндегі ұйымды
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
3-1-қосымша

"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-портал

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру мерзімі - 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
Авиациялық инспекторлардың қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу жағдайларында қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
2. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мерзімі:
1) ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайда - 5 (бес) жұмыс күні;
2) сертификаттың қолданылу саласы өзгерген жағдайда - 22 (жиырма екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 7-тармағының 5) тармақшасымен айқындалатын тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 346 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 400 айлық көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 455 айлық көрсеткіш;
әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні 418 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 436 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 454 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 472 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 491 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 509 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 527 айлық есептік көрсеткіш;
жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, бөлшектелген компоненттерге техникалық қызмет көрсету кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жиынтықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұзбай бақылау әдісін қолдану кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жиынтықтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары кезінде (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 47 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 69 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 272 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 290 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 327 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 345 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемесінің интерьерін жаңарту кезінде (қайта жабдықтау) - алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жиынтықтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 528 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 546 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 564 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 582 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 601 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 619 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 637 айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Уәкілетті ұйымның жұмыс кестесі

1) Уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті ұйымға қызмет көрсету шарттары 1) уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында 2) порталда орналастырылған www.egov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін:
1) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға/тануға өтінім: авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі; авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
2) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін: еркін нысандағы өтінім; ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның бұрын берілген сертификатының электрондық көшірмесі

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің заң талаптарына және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www.caakz.com
Көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.