Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Катонқарағай ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 шілдеде № 28793 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 1 шілдедегі № 137 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Катонқарағай ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай ауылдық округінің әкімі К. Нурканов