Ақтөбе облысында 2022 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 120 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 сәуірде № 27794 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысында 2022 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 22 сәуірдегі
№ 120 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысында 2022 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері


Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

Бірінші сортты бидай ұны

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

Рожки (өлшеніп салынатын)

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

2022 жылдың I тоқсаны

Ақтөбе облысы

342

139

525

151

322

1909

924

2022 жылдың II тоқсаны

Ақтөбе облысы

356

149

563

152

332

1954

959

2022 жылдың III тоқсаны

Ақтөбе облысы

389

148

609

155

343

1996

1000

2022 жылдың IV тоқсаны

Ақтөбе облысы

366

154

735

157

354

2005

1017

      кестенің жалғасы


Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

Сүзбе: майлылығы 5 -9%

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

Күн бағыс майы

2022 жылдың I тоқсаны

Ақтөбе облысы

245

276

1408

34,1

2476

751

2022 жылдың II тоқсаны

Ақтөбе облысы

245

275

1406

26,2

2465

746

2022 жылдың III тоқсаны

Ақтөбе облысы

245

280

1403

30,5

2471

789

2022 жылдың IV тоқсаны

Ақтөбе облысы

249

279

1402

37,3

2513

876

      кестенің жалғасы


Ақ қауданды қырыққабат

Басты пияз

Асханалық сәбіз

Картоп

Ақ қант - құмшекер

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

2022 жылдың I тоқсаны

Ақтөбе облысы

191

107

115

108

296

43

2022 жылдың II тоқсаны

Ақтөбе облысы

143

139

218

191

301

44

2022 жылдың III тоқсаны

Ақтөбе облысы

175

108

137

132

308

44

2022 жылдың IV тоқсаны

Ақтөбе облысы

193

100

111

117

328

44