Қосшы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 85/17-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28981 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Шешімнің тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 23.11.2022 № 116/23-7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосшы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы Б.Ибраев


  Қосшы қаласы мәслихатының
2022 жылғы 1 тамыздағы
№ 85/17-7 шешіміне
қосымша

Қосшы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

532,66

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

575,27

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 текше метр (м3)

2840,85