"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы |
М.Таткеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № А-2/90 қаулысына 1-қосымша |
Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшем бірлігі | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 23 000 | 230 000 |
1.2 | ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 150 000 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 320 | 32 000 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 600 | 90 000 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
4.1 | отандық | сатып алынған бас | 1 300 | 195 000 |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | сатып алынған бас | 390 | 87 750 |
4.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | сатып алынған бас | 760 | 228 000 |
5. | Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу | сатып алынған бас | 11 | 1 650 |
6. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тірідей салмағы, килограмм | 675 000 | 135 000 |
Барлығы | 1 149 400 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | |||
1.1 | бір жынысты | сатып алынған доза | 1 320 | 13 200 |
1.2 | қос жынысты | сатып алынған доза | 1 820 | 9 100 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
2.1 | отандық | сатып алынған бас | 130 | 26 000 |
2.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | сатып алынған бас | 70 | 15 750 |
2.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | сатып алынған бас | 560 | 224 000 |
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 420 | 2 100 |
4. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
4.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 13 800 000 | 621 000 |
4.2 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 2 100 000 | 63 000 |
4.3 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 5 500 000 | 110 000 |
4.4 | ауыл шаруашылығы кооперативі | өткізілген немесе өңделген килограмм | 1 300 000 | 26 000 |
Барлығы | 1 110 150 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 1 100 | 4 400 |
1.2 | қойлардың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 2 500 | 6 250 |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 190 | 2 850 |
3. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | өткізілген бас | 120 | 360 |
Барлығы | 13 860 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 48 200 | 28 920 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
2.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 27 738 787,5 | 2 219 103 |
2.2 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 1 200 000 | 60 000 |
Барлығы | 2 308 023 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 1 200 000 | 72 000 |
Барлығы | 72 000 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 10 | 1 000 |
Барлығы | 1 000 | |||
Жиыны | 4 654 433 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № А-2/90 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақмола облысы әкімдігінің "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8351 болып тіркелген) қаулысы;
2. Ақмола облысы әкімдігінің "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 25 тамыздағы № А-8/426 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24119 болып тіркелген) қаулысы;
3. Ақмола облысы әкімдігінің "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № А-12/639 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25763 болып тіркелген) қаулысы;
4. Ақмола облысы әкімдігінің "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/666 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25975 болып тіркелген) қаулысы.