"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы |
М.Таткеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № А-2/90 қаулысына 1-қосымша |
Ақмола облысының 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 05.08.2022 № А-8/368 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыттары | Өлшем бірлігі | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 26 622 | 266 220 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 10 365 | 155 475 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | 600 | 60 000 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 902 | 135 300 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
4.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 1 374 | 206 100 |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | Сатып алынған бас | 300 | 67 500 |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 1 013 692 | 202 738,4 |
Барлығы | 1 093 333,4 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | |||
1.1 | Бір жынысты | сатып алынған доза | 1 200 | 12 000 |
1.2 | Қос жынысты | сатып алынған доза | 2 220 | 9 740 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
2.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 130 | 26 000 |
2.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | Сатып алынған бас | 33 | 7 425 |
2.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | Сатып алынған бас | 193 | 77 200 |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
3.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 22 600 462 | 1 017 020,79 |
3.2 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 1 517 207 | 45 516,21 |
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 8 163 260 | 163 265,2 |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 3 022 382,5 | 60 447,65 |
4. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 291 | 1 455 |
Барлығы | 1 420 069,85 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 162 840 | 97 704 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
2.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 29 897 907,5 | 2 391 832,6 |
2.2 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 1 200 000 | 60 000 |
Барлығы | 2 549 536,6 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 2 426 490 | 145 589,4 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) | Өткізілген дана | 417 667 293 | 1 253 001,879 |
Барлығы | 1 398 591,279 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | |||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 1 100 | 4 400 |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 2 500 | 6 250 |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 40 | 600 |
Барлығы | 11 250 | |||
2021 жылы резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар көлемдері | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген дана | 14 062 303 | 21 093,4545 |
1.2 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген дана | 8 918 560 | 9 810,416 |
Барлығы | 30 903,8705 | |||
Жиыны | 6 503 684,9995 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № А-2/90 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақмола облысы әкімдігінің "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8351 болып тіркелген) қаулысы;
2. Ақмола облысы әкімдігінің "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 25 тамыздағы № А-8/426 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24119 болып тіркелген) қаулысы;
3. Ақмола облысы әкімдігінің "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № А-12/639 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25763 болып тіркелген) қаулысы;
4. Ақмола облысы әкімдігінің "Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № А-2/50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/666 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25975 болып тіркелген) қаулысы.