БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18359 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Атауы | Қосымша талап |
1. | Көрсетілетін қызметтер: | |
1.1. | Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтер | Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс |
1.2. | Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс |
1.3. | Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтер | Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында болуға тиіс |
1.4. | Корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі қызметтер | Корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер корпоративтік басқару жүйелерін бағалау бойынша қызметке кемінде бес жыл немесе Қазақстанда да, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде де он ірі компанияда тәжірибенің болуы тиіс |
1.5. | Гүлдерді сатып алу мен оларды күтіп ұстау бойынша қызметтер | Гүлдерді жеткізу мен оларды күтіп ұстау бойынша қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер осы қызметтерді сатып алу жоспарланған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) аумағында орналасуы тиіс |