ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.12.2022 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16404 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесінде:
47-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі