"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 тамызда № 29184 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартында:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілейді.";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Өнім беруші "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасына және 9-бабына сәйкес қызметті жүзеге асырудағы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды:

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Умаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Оқу-ағарту министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі