"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 50/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29142 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 42/қе бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.02.2024 № 42/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шекаралық наряд келген адамдардың мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттарын тексеруді аэровокзалдық кешендердегі паспорттық бақылау кабиналарында немесе арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелері экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектігі бар адамдар мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады.

      Шекаралық бақылау бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бір уақытта кесіп өтетін адамдардың санын ескере отырып, барынша көп паспорттық бақылау кабиналарының жұмысы істеуіне шара қолданады.";

      17-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шекаралық наряд кететін адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге құқық беретін құжаттарын тексеруді паспорттық бақылау кабиналарында, арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелерінің экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектігі бар адамдар мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануы және енгізу үшін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Е.Е. Алдажұмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі