ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарында:
3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 27 маусымдағы № 238 бұйрығына қосымша |
|
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына 3-қосымша |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі
Лауазым атауы | Біліктілігі |
---|---|
1 | 2 |
Қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасарлары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасарлары | Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басқару аппаратының немесе өрт сөндіру бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. |
Өрт сөндіру бекетінің бастығы және оның орынбасары | Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, өртке қарсы қызметтің басқару аппаратының немесе бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі* |
Қарауыл бастығы (ауысым бастығы) | Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен. |
Өрттің алдын алу аға нұсқаушысы | Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен. |
Өрттің алдын алу нұсқаушысы | Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен. |
Газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері | Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар. |
Бөлімше командирі | Орта білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен. |
Аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші | Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен. |
Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі (аға жүргізуші) | Орта білім, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі осы санат бойынша кемінде 1 жыл автомобиль жүргізу тәжірибесімен, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен. |
Радиотелефонист (байланыс бекетінің диспетчері) | Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен. |
*мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы не мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмыс кезеңі өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі деп есептеледі.