Жергілікті атқарушы органдардың 2022–2024 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 маусымда № 28461 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдардың 2022–2024 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерi бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 13 маусымдағы
№ 43 Бұйрықпен
бекітілді

Жергілікті атқарушы органдардың 2022-2024 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері

      мың теңге

р/с

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл



ЖАО МЖӘ ММ лимиті

Қабылдау лимиті

ЖАО МЖӘ ММ лимиті

Қабылдау лимиті

ЖАО МЖӘ ММ лимиті

Қабылдау лимиті

1

Ақмола облысы

49 376 377

49 095 253

54 282 934

54 129 262

58 718 419

58 718 419

2

Ақтөбе облысы

51 418 179

45 137 633

57 132 008

52 728 170

61 854 353

58 992 517

3

Алматы облысы

95 444 577

51 085 027

106 469 007

71 274 152

115 357 145

89 420 744

4

Атырау облысы

83 223 858

4 021 662

94 656 804

32 808 670

102 760 292

53 178 137

5

Батыс Қазақстан облысы

36 369 287

35 717 291

40 465 001

40 310 365

43 823 767

43 740 966

6

Жамбыл облысы

54 344 854

42 694 445

59 518 205

50 099 216

64 349 923

57 235 102

7

Қарағанды облысы

70 739 262

70 739 262

78 938 286

78 938 286

85 520 435

85 520 435

8

Қостанай облысы

47 254 883

44 567 443

52 190 421

50 168 738

56 485 709

55 722 507

9

Қызылорда облысы

47 334 372

41 406707

51 658 435

47 713 902

55 828 219

55 722 507

10

Маңғыстау облысы

39 071 175

37 104 043

44 324 891

42 589 759

48 067 266

46 558 857

11

Павлодар облысы

42 888 702

41 359 550

48 167 135

47 546 064

52 221 426

52 163 944

12

Солтүстік Қазақстан облысы

38 217 450

32 397 133

41 822 263

37 175 351

45 222 605

41 724 959

13

Түркістан облысы

237 924 892

124 958 866

258 956 205

163 730 081

279 855 205

235 237 280

14

Шығыс Қазақстан облысы

73 773 304

54 776 297

81 376 759

65 798 196

88 061 708

77 515 802

15

Алматы қаласы

343 701 741

303 569 469

390 719 865

358 763 129

424 078 014

404 092 814

16

Нұр-Сұлтан қаласы

227 306 127

147 929 950

258 203 340

189 421 158

280 156 697

230 174 631

17

Шымкент қаласы

139 066 902

107 553 884

154 107 527

128 951 563

166 881 177

147 104 198


Жиыны:

1 677 455 941

1 234 113 915

1 872 989 086

1 512 146 062

2 029 242 360

1 790 163 226

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер