"Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26970 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23101 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен, жарғылық капиталының ең төмен мөлшері:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге болатын коллекторлық агенттікті қоспағанда, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері 50 000 000 (елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Банктерді реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова