Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 мамырдағы № 49 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23066 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген) келесідей толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      Қағидаларының 7 тармағы келесі мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "5-1) Астана күні;";

      Қағидаларының 9 тармағы келесі мазмұндағы 17) тармақшасымен толықтырылсын:

      "17) санаторий-курорттық емделуге жеке оңалту бағдарламасы бар, әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар мен 1 топтағы мүгедектер.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Жумабеков
      Мәслихатының хатшысы К. Бексултанов