"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б санатты Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Щучинск – Көкшетау 230+250 километр (бұдан әрі – км) – 291+000 км (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Бурабай курорттық аймағының жолдары республикалық маңызы бар автомобиль жолының Щучинск – Бурабай учаскесі, Бурабай – Наурызбай Батыр – Ақмола облысының шекарасы облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Щучинск – Бурабай – Щорса – Ильичевка автомобиль жолының учаскесі;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –230+250 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 291+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
І-б санатты автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
І-б санатты автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 2 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 60 км 750 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 583 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Бурабай ауданы | |
233 км | Бурабай кенті |
235 км | Қарашілік ауылы |
238 км | Зеренді ауылы |
242 км | Щучинск қаласы (Сарыарқа көшесі) |
243 км | Щучинск қаласы (Трудовая көшесі) |
244 км | Щучинск қаласы (Осенняя көшесі) |
251 км | Бурабай кенті |
254 км | Ақылбай ауылы (Дорофеевка) |
262 км | Баянбай ауылы (Вороновка) |
267 км | Кенесары ауылы (Жамантүз) |
280 км | Молодежное ауылы |
289 км | Станционный кенті |
Бұйрыққа 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
I-б санатты Нұр-Сұлтан - Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Щучье - Көкшетау 230 + 250 км - 291 + 000 км учаскесі:
теңге
№ | Аймақ | Жеңіл көліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - т) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т-ға дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және автопойыздардың жүк көтергіштігі 10 т-ға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 10 т-дан 15 т-ға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 т-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 |
1 | 40 | 180 | 360 | 540 | 720 | 900 |
2 |
2 | 20 | 120 | 240 | 360 | 480 | 600 |
3 |
Бір бағыттағы барлық учаске үшін жиыны | 60 | 300 | 600 | 900 | 1200 | 1500 |
Ескертпе:
1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;
2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
3) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Жоқ | Жоқ |