"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б санатты "Астана – Петропавл", Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Щучинск – Көкшетау" 230+250 километр (бұдан әрі – км) – 291+000 км (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Бурабай курорттық аймағының жолдары республикалық маңызы бар автомобиль жолының Щучинск – Бурабай учаскесі, Бурабай – Наурызбай Батыр – Ақмола облысының шекарасы облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Щучинск – Бурабай – Щорса – Ильичевка автомобиль жолының учаскесі;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –230+250 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 291+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
І-б санатты автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
І-б санатты автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 2 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 60 км 750 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 583 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Бурабай ауданы | |
233 км | Бурабай кенті |
235 км | Қарашілік ауылы |
238 км | Зеренді ауылы |
242 км | Щучинск қаласы (Сарыарқа көшесі) |
243 км | Щучинск қаласы (Трудовая көшесі) |
244 км | Щучинск қаласы (Осенняя көшесі) |
251 км | Бурабай кенті |
254 км | Ақылбай ауылы (Дорофеевка) |
262 км | Баянбай ауылы (Вороновка) |
267 км | Кенесары ауылы (Жамантүз) |
280 км | Молодежное ауылы |
289 км | Станционный кенті |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 583 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.12.2022 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
I-б санатты "Астана – Петропавл", Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Щучинск – Көкшетау" 230 + 250 км - 291 + 000 км учаскесі:
теңге
Р/с № | Аймақтар | жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | 230+250 – 267+000 км (36 км 750 метр) | 40 | 180 | 360 | 540 | 720 | 900 |
2 | 267+000 – 291+000 км (24 км) | 20 | 120 | 240 | 360 | 480 | 600 |
3 | Бір бағыттағы барлық учаске үшін жиыны (60 км 750 метр) | 60 | 300 | 600 | 900 | 1200 | 1500 |
1) абонемент – бір ақылы учаске шегінде орын ауыстырған кезде республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес, әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыс ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген белгілі бір уақыт кезеңіне автомобиль жолдарының ақылы учаскелері бойынша автокөлік құралдарының өтуі үшін ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланушыларды ақы төлеудің тіркелген құнын енгізу құқығын беруге ынталандыру;
2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді. Абонементтердің мынадай түрлері көзделеді:
бір айға:
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 Айлық есептік көрсеткіштер | 4 Айлық есептік көрсеткіштер | 6 Айлық есептік көрсеткіштер | 8 Айлық есептік көрсеткіштер | 10 Айлық есептік көрсеткіштер |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1000 теңге | 20 Айлық есептік көрсеткіштер | 40 Айлық есептік көрсеткіштер | 60 Айлық есептік көрсеткіштер | 80 Айлық есептік көрсеткіштер | 100 Айлық есептік көрсеткіштер |
3) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігіне және түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолдарындағы (учаскедегі) жол кесіндісі;
4) алдын – ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;
5) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы;
6) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ көлік құралы.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Жоқ | Жоқ |