Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 11 қазандағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24745 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және жұмыста пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаевқа) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов

  Басшысының
2021 жылғы 11 қазандағы
№ 23 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 212 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша Әдістемеде:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";

      16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген туристтер саны орналастыру орындарының, шипажай-курорттық мекемелерінің жалпымемлекеттік статистикалық байқауының деректері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристтер саны бойынша әкімшілік дереккөздің деректері негізінде қалыптасады.

      Орналастыру орындарының жалпымемлекеттік статистикалық байқауы "Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету" экономикалық қызмет түрімен кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер қамтылады."."

      2. "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 232 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша Әдістемеде:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инновациялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";

      23 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. ҒЗТКЖ-ны орындайтын ғылым қызметкерлері және басқа да персонал санаттары бойынша персоналдың саны туралы деректер қалыптастырылады. Персонал саны:

      1) жынысы бойынша;

      2) жасы бойынша бөліністе қалыптастырылады.

      Жасы бойынша деректерді ұсынуға арналған санаттар:

      1) 25 жасқа дейін;

      2) 25 – 34 жас;

      3) 35 – 44 жас;

      4) 45 – 54 жас;

      5) 55 – 64 жас;

      6) 65 жас және одан жоғары.

      ЖІӨ-ге ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындардың үлесі келесі формула бойынша есептеледі:

      DEgdp = DE / GDP * 100,

      мұндағы:

      DEgdp - ЖІӨ-ге ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындардың үлесі;

      DE - ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындар;

      GDP - жалпы ішкі өнім.".

      3. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 246 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша әдістемеде:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Әдістеме АКТ және байланыс статистикасы бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросымен қолданылады.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) имитациялық модельдеу – бұл сапаны жақсарту және жұмсалатын уақытты қысқарту мақсатында өнімдерді, процестер мен жүйелерді бағалау және оңтайландыру үшін модельдер құруға мүмкіндік беретін әдіс;

      2) киберқауіпсіздік - желілерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, деректерді, компьютерлерді шабуылдан, рұқсат етілмеген қол жеткізулерден және зақымданудан қорғауға бағытталған іс-шаралар мен технологиялар жиынтығы;

      3) электронды сауда – Интернет желісі арқылы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе сату әдісі.";

      мынадай мазмұндағы 8.1 тармақпен толықтырылсын:

      "8.1. Ұйымдардың АКТ-ны пайдалануы бойынша зерттеу негізінде "цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесі" ұлттық нысаналы индикаторы есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 8.2 тармақпен толықтырылсын:

      "8.2. Цифрлық кәсіпорындарға келесі технологияларды қолданатын компаниялар жатады:

      Телематика;

      Заттар интернеті;

      Ірі деректер;

      Толықтырылған шынайылық;

      Имитациялық модельдеу;

      Өздігінен оңайландырылатын жабдықтар;

      Машиналық оқыту, жасанды интеллект;

      Фабрикалардың цифрлық "егіздері";

      Жабдықты пайдалануға беруді виртуалды енгізу;

      Қоймаларды басқару жүйесі;

      Киберқауіпсіздік;

      MES – өндірістік процестерді басқару жүйесі;

      ERP – кәсіпорын ресурстарын басқару жүйесі;

      PLM – өнімнің өмірлік циклін басқару жүйесі;

      PPS – өндірісті жоспарлауды басқару жүйесі;

      PDA – өндірістік деректерді жинау жүйесі;

      MDC – машиналық деректерді жинау жүйесі;

      CAD – автоматтандырылған жобалау жүйесі;

      SCM – жеткізу тізбегін басқару жүйесі;

      Өнеркәсіптік роботтар.";

      мынадай мазмұндағы 8.3 тармақпен толықтырылсын:

      "8.3. "Цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесі" көрсеткіші 8.2-тармақтың 4 технологиясының комбинациясын таңдаған ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар санының есеп берген ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындардың 100-ге көбейтілген жалпы санына қатынасымен айқындалады.";

      21 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "21. Жұмыспен қамтылғандар санына қарамастан экономикалық қызметінің негізгі және қосалқы түрлері "Пошта және курьерлік қызмет" пен "Телекоммуникациялар" болып табылатын заңды тұлғалар мен (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері және дара кәсіпкерлер зерттеледі.";

      23 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "23. "Құндық және заттай көріністегі байланыс қызметінің көлемі" ұсынылатын қызмет көрсетудің көлемін сипаттайтын байланыс саласының негізгі статистикалық көрсеткіші болып табылады. Байланыс кәсіпорындарының негізгі және қосалқы экономикалық қызметтерінің қызмет көрсету көлеміне көрсетілген қызметтерге төлемнің түскен күніне қатыссыз есепті кезеңде көрсетілген байланыс қызметіне халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан түскен қаражаттар жатады.";

      30 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "30. "Байланыс" саласының көлеміне пошта және курьерлік қызмет көрсетуден, сондай-ақ "Пошталық және курьерлік қызмет" пен "Телекоммуникациялар" негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері болып табылатын байланыс қызметі операторларының (меншіктің барлық түрлері кәсіпорындары) тұтынушыларға – жеке және заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуден алынған көлемі жатады.";

      34 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "34. Тұтастай сала бойынша және түрлері бөлінісіндегі байланыс қызметінің НКИ келесі тізбектілік бойынша есептеледі:

      1) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар көрсетілген байланыс қызметі көлемінің үлесі байланыстың жекелеген түрлері және тұтастай сала бойынша байланыс қызметі көлемінің жалпы көлемінде анықталады.

      Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      Df – байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтері көлемінің үлесі;

      Vf – жеке тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметінің көлемі;

      Vo – байланыс қызметтерінің жалпы көлемі.

      Заңды тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметі көлемінің үлесін есептеу байланыстың жекелеген түрлері бөлінісінде және тұтастай сала бойынша келесі формула арқылы жүргізіледі:



      мұндағы:

      Du – байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметі көлемінің үлесі;

      Df – қызметтердің жалпы көлеміндегі жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметі көлемінің үлесі.

      2) бұдан әрі байланыстың жекелеген түрлері мен тұтастай сала бойынша қызметтерге жалпы баға индекстерін есептеу жүргізіледі.";

      36 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "36. Байланыс қызметтерінің жалпы баға индексін заңды және жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің құрылымдық баға индекстерінің сомасы құрайды. Құрылымдық баға индекстері келесі формулалар бойынша есептеледі:

      1) заңды тұлғалар бойынша:



      мұндағы:

      Isu – заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметіне құрылымдық баға индексі;

      Iu – заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметіне баға индексі;

      Du – заңды тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметтері көлемінің байланыс қызметтеріндегі жалпы көлеміндегі үлесі.

      2) жеке тұлғалар бойынша:



      мұндағы:

      Isf – жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне құрылымдық баға индексі;

      If – жеке тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне баға индексі;

      Df – жеке тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметтері көлемінің байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі үлесі.

      3) байланыс қызметтеріне жалпы баға индексі (Io) келесі формула бойынша есептеледі: