"Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 207-н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 12-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қазанда № 24664 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 207-н/қ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8927 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзеге асыралатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Есеп комитеті аппаратының Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2021 жылғы 4 қазандағы
№ 12-НҚ Нормативтік қаулыға
Қосымша
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті Төрағасының
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 207-н/қ бұйрығына
қосымша

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

Р/с №

Міндеттер, соның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттер атауы

Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары

Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы

Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету

1

Мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету

Кадрлар іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру

1. Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
3. Атын, әкесінің атын (болған жағдайда), тегін өзгерту туралы мәліметтер
4. Туу туралы деректер: туған күні, айы, жылы; туған жері
5. Ұлты
6. Жынысы
7. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
нөмірі;
берілген күні;
қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган
8. Азаматтығы туралы деректер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы):
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні
9. Тұрғылықты мекенжайы
10. Байланыс телефондары (жұмыс, үй, ұялы)
11. Электрондық пошта мекенжайы
12. Портреттік бейнесі (цифрланған суреті)
13. Қолтаңбасы (соның ішінде электрондық-цифрлық (болған жағдайда)
14. Білімі, біліктілігі туралы және арнайы білімінің немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шығарылған күні);
дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
факультеті немесе бөлімі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы;
ғылыми дәрежесі;
ғылыми атағы;
шетел тілдерін білуі
15. Арнайы тексеру нәтижелері
16. Соттылығының болуы (болмауы) туралы мәліметтер
17. Мемлекеттiк қызметшiнiң ант қабылдаған күнi
18. Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтер
19. Еңбек кітапшасының мәліметтері:
нөмірі;
сериясы;
берілген күні
20. Еңбек қызметі туралы мәліметтер (ағымдағы уақытқа еңбек қызметі туралы деректер):
лауазымын, құрылымдық бөлімшені, ұйымды және оның атауын толық көрсету;
жалпы және үздіксіз жұмыс өтілі,
басқа да ұйымдарда бұрын атқарған лауазымдарының атауын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын толық көрсете отырып, осы ұйымдардың мекенжайлары мен телефондары, сондай-ақ деректемелері
21. Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер;
награданың атауы немесе аты;
марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі
22. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:
біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы
23. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер
24. Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер:
әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырған) күні;
әскери билетті берген органның атауы;
әскери есепке алу мамандығы;
әскери атағы;
есепке алу/шығару туралы деректер;
әскери қызметтен босатылу негізі
25. Отбасы жағдайы туралы мәліметтер:
неке жағдайы;
неке қию туралы куәлік деректері;
неке бұзу туралы куәлік деректері;
жұбайының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;
жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
туыстық деңгейі;
отбасының басқа мүшелерінің, қарауындағы адамдардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және туған күндері;
балаларының (соның ішінде асырап алған, қамқорлығындағы) бар-жоғы және олардың жасы;
баланың туу туралы куәлігінің деректері;
жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәліктің деректері
26. Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебе туралы мәліметтер:
жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы;
құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамға жеңілдіктер құқығын растайтын куәлік;
Арал маңы экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен адамға жеңілдіктер құқығын растайтын куәлік
27. Мүгедектігі туралы мәліметтер:
мүгедектік тобы;
мүгедектікті белгілеу күні, белгілеу мерзімі
28. Медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәліметтер
29. Тәртіптік/әкімшілік жаза қолдану туралы (соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), мемлекеттiк лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер
30. Қылмыстық теріс қылықты қасақана жасау (жасамау) туралы мәліметтер
31. Сенімгер басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы