Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24481 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрдің міндетін атқарушы
Б. Камалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрдің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 498 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кеме экипажының ең аз құрамына талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10548 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамының талаптарында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) аға механик – қозғалтқыш қондырғылары үшін, сондай-ақ кемедегі механикалық және электрондық қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша аға механигі;

      2) екінші механик – аға механик осындай жауапкершілікті атқаруға қабілетсіз болған жағдайда қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электрондық қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапкершілік жүктелетін, лауазымы бойынша аға механиктен кейінгі механик;

      3) жағалаудағы жүзу – ашық теңіздерде жағалаудан 50 мильге дейін алыстай және баспана орнынан 100 мильге дейін алыстай отырып жүзу. Жабық теңіздерде жағалаудан 100 мильге дейін алыстай және баспана орнынан 200 мильге дейін алыстай отырып жүзу;

      4) жүзудің шектеулі ауданы – Кеме қатынасы тіркелімі немесе танылған шетелдік сыныптау қоғамы белгілеген жүзу ауданын шектеу;

      5) капитан – кемені басқаратын адам;

      6) капитанның аға көмекшісі – капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін капитаннан кейінгі лауазымы бойынша келесі командалық құрамның тұлғасы;

      7) кәсіби диплом – кеме экипажының мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом;

      8) командалық құрамның тұлғасы – капитан болып табылмайтын, Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес тағайындалған экипаж мүшесі;

      9) қатардағы құрам тұлғасы – капитан немесе командалық құрамның тұлғасы болмайтын кеме экипажының мүшесі;

      10) порттық жүзу – сыртқы рейдті қоса алғанда, теңіз портының белгіленген акваториясының шекаралары шегінде жүзу және жаппай жасанды аралдар, атоллдар және каналдар шегінде олардан 10 милядан аспай алыстай отырып жүзу;

      11) Порттың теңіз әкімшілігі – сауда мақсатында теңізде жүзу сласындағы уәкілетті органның ведомстволық аумақтық бөлімшесі;

      12) теңіз көлігі маманының дайындық куәлігі – теңізшіге берілген кәсіби диплом болып табылмайтын және 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияда (бұдан әрі – ДДВА конвенциясы) түзетулермен бірге көзделген немесе жүзу өтілін дайындау бойынша тиісті талаптардың орындалуын растайтын құжат;

      13) электр механик – ДДВА конвенциясының III/6-қағидаларына сәйкес біліктілігі бар командалық құрамның тұлғасы.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сыныптағы сыныптың тиісті символы бар тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелерде экипаждың ең аз құрамында рефрижераторлық қондырғылар бойынша механик лауазымы көзделеді.

      Қуаты 3000 кВт астам басты дизель-электр қондырғысы бар жолаушы кемелерінде экипаждың құрамына екі электр механик және жолаушы емес кемелерінде бір электр механик енгізіледі. Қуаты 3000 кВт кем басты дизель-электр қондырғысы бар жолаушы кемелерінде бір электр механик енгізіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Ауысым ұзақтығы 12 сағаттан аспайтын, катерлер мен катамарандарды қоса алғанда, жұмыс персоналын Каспий теңізінде вахтаны атқару орнына дейін тасымалдауға арналған, адамдарды Каспий теңізіндегі апат орнынан Қазақстан Республикасының қауіпсіз портына дейін эвакуациялау үшін бір реттік рейсті орындау кезінде жедел эвакуациялау мамандандырылған кемелерінде, сондай-ақ жалпы сыйымдылығы 300 тіркелім тоннадан кем қосалқы флот кемелерінде, кеме экипажының ең аз құрамына тек капитан және аға механик немесе екінші механик (вахталық механик) кіреді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Халықаралық теңіз ұйымының MSC. 391 (95) қарарымен қабылданған, түзетулерімен, Газдарды немесе тұтанудың төмен температурасымен отынның өзге де түрлерін пайдаланатын кемелер үшін қауіпсіздік бойынша халықаралық кодекстің қолдануына түсетін капитандарда, басқару және қатардағы құрамның тұлғаларында ТДВА конвенциясына қосымшаның V/3-қағидасында көрсетілген тиісті лауазымдық міндеттер мен функцияларына сәйкес теңіз көлігінің маманын даярлау куәлігі болуы тиіс.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннадан кем жағалауда жүзетін кемелердің және Қазақстан Республикасының аумақтық су шегінде жүзу ауданымен барлық жолаушы емес кемелердің капитандары мен экипажының ең аз құрамына кіретін командалық құрамның тұлғалары, оларда "Кемедегі медициналық күту" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын дайындау куәлігінің болу қажеттілігінен босатылады.";

      қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кеме Мемлекеттік кеме тізіліміне бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда кемені қайта тіркеу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін, коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын кемені пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.

      Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару, оның атауын және шығарудың себебін көрсете отырып, кеме меншік иесінің өтініші негізінде осы Қағидаларда белгіленген кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркеу тәртібімен мен мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Бербоут-чартер тізілімінен:

      1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;

      2) конструкциялық жағынан күйреген;

      3) қайта жасау нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;

      4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;

      5) оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған кеме шығарылуға жатады.

      Кемені бербоут-чартерлік тізілімнен шығару, оның атауын және шығарудың себебін көрсете отырып, кеме иесінің өтініші негізінде осы Қағидаларда белгіленген кемені бербоут-чартерлік тізілімде тіркеу тәртібімен мен мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Порттың теңіз әкімшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің мерзімі аяқталғаннан кейін үшінші жұмыс күні кемені аталған тізілімнен шығарады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес өтінімді жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып үдерістің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсетудің нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес "Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін 4-қызметтің стандарты) мазмұндалған.

      Өтінішті қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып өтінімді қабылдау туралы хабарлама жолданады.

      Кемені қайта тіркеу, егер кеме бұрын бербоут-чартерлік тізілімге енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, кемені осы Қағидаларда белгіленген кемені бербоут-чартерлік тізілімде тіркеу тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      8-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20309 болып тіркелген):

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға:

      1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (идентификациялау үшін):

      Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығын мемлекеті берген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның кәсіби дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);

      4) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi көшірме, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.

      Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады:

      Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме капитанын және экипаж мүшелерiн жалдау құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы;

      кемеде көрсетілетін қызметті алушының айналысатын қызметi туралы жазбасы бар теңiзде жүзу кiтапшасы;

      Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).

      5) көрсетілген мемлекеттік қызметті үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

      Көрсетілген құжаттармен бірге оның көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.";

      1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
  министрлігінің және
  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрлігінің өзгерістер
  енгізілетін кейбір бұйрықтарының
  тізбесіне 1-қосымша
  Кеме экипажының ең аз
  құрамына қойылатын талаптарға
  қосымша

Кеме экипажының ең аз құрамының нормативтері Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімді тонналық кемелер үшін палубалық команда

Кәсіби кеме экипажының құрамы
(ДДВА конвенциясына сәйкес)

Кеменің жүзу ауданы

Порттық жүзу

Жағалаудағы жүзу

Жүзудің шектеулі ауданы

Шексіз жүзу ауданы

Экипаждың жұмыс кестесі

1 ауысым (вахтаның ұзақтығы 12 сағаттан артық емес)

2 ауысым
(вахтаның ұзақтығы 12 сағаттан артық)

2 ауысым

2 ауысым

2 ауысым

1

2

3

4

5

6

Капитан:

II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар






II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар






II/3-қағидалар, 5 және 6-тармақтар

1

1

1

1

1

Капитанның аға көмекшісі:

II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар






II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар






Капитанның вахталық көмекшісі:

II/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар






II/3-қағидалар, 3 және 4-тармақтар


1

1

1

1

Матростар:

НВҚҚ (вахталық матрос)
II/4-қағидалар, 1 және 2-тармақтар






1 сыныпты матрос (білікті матрос)
II/5-қағида, 1 және 2-тармақтар

1

1

1

1

1

БАРЛЫҒЫ:

2

3

3

3

3

      жалғасы

      Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелімді тоннаға дейін кемелер үшін палубалық команда

Кәсіби кеме экипажының құрамы
(ДДВА конвенциясына сәйкес)

Кеменің жүзу ауданы

Порттық жүзу

Жағалаудағы жүзу

Жүзудің шектеулі ауданы

Шексіз жүзу ауданы

Экипаждың жұмыс кестесі

2 ауысым

2 ауысым

2 ауысым

3 ауысым

2 ауысым

3 ауысым

1

2

3

4

5

6

7

Капитан:

II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар







II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар

1

1

1

1

1

1

II/3-қағидалар, 5 және 6-тармақтар







Капитанның аға көмекшісі:

II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар







II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар



1

1

1

1

Капитанның вахталық көмекшісі:

II/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар


1




1

II/3-қағидалар, 3 және 4-тармақтар







Матростар:

НВҚҚ (вахталық матрос)
II/4-қағидалар, 1 және 2-тармақтар


1

1

2

1

2

1 сыныпты матрос (білікті матрос)
II/5-қағида, 1 және 2-тармақтар

1

1

1

1

1

1

БАРЛЫҒЫ:

2

4

4

5

4

6

      жалғасы

      Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімді тонна немесе одан да көп кемелер үшін палубалық команда

Кәсіби кеме экипажының құрамы
(ДДВА конвенциясына сәйкес)

Кеменің жүзу ауданы

Жағалаудағы жүзу

Жүзудің шектеулі ауданы

Шексіз жүзу ауданы

Экипаждың жұмыс кестесі

2 ауысым

2 ауысым

3 ауысым

2 ауысым

3 ауысым

1

2

3

4

5

6

Капитан:

II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар

1

1

1

1

1

II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар






II/3-қағидалар, 5 және 6-тармақтар






Капитанның аға көмекшісі:

II/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар

1

1

1

1

1

II/2-қағидалар, 3 және 4-тармақтар






Капитанның вахталық көмекшісі:

II/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар



1


1

II/3-қағидалар, 3 және 4-тармақтар






Матростар:

НВҚҚ (вахталық матрос)
II/4-қағидалар, 1 және 2-тармақтар

2

2

2

2

2

1 сыныпты матрос (білікті матрос)
II/5-қағида, 1 және 2-тармақтар

1

1

1

1

1

БАРЛЫҒЫ:

5

5

6

5

6

      жалғасы

      Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 кВт дейін кемелер үшін машиналық команда

Кәсіби кеме экипажының құрамы
(ДДВА конвенциясына сәйкес)

Машиналық бөлімшесіне мерзімді қызмет көрсетілмейтін кемелер

Машиналық бөлімшесіне мерзімді қызмет көрсетілетін кемелер

Экипаждың жұмыс кестесі

1 ауысым
(вахтаның ұзақтығы 12 сағаттан артық емес)

2 ауысым

1 ауысым

2 ауысым*

1

2

3

4

5

Аға механиктер:

IIІ/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар





IIІ/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар





Екінші механиктер:

IIІ/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар





IIІ/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар



1

1

Вахталық механик,
IIІ/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар

1

1



Мотористер:

МБВҚҚ (Вахталық моторист)
III/4- қағидалар, 1 және 2 тармақтар





1 сыныпты моторист (Білікті моторист) III/5- қағидалар, 1 және 2 тармақтар





Электромеханик, III/6- қағидалар, 1 және 2 тармақтар 2





БАРЛЫҒЫ:

1

1

1

1

      * экипаждың 3 ауысымды жұмыс кестесі жағдайында кеменің машина командасының экипажына қосымша вахталық механик кіреді.

      жалғасы

      Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 кВт-ден 3000 кВт дейін кемелер үшін машиналық команда

Кәсіби кеме экипажының құрамы
(ДДВА конвенциясына сәйкес)

Машиналық бөлімшесіне мерзімді қызмет көрсетілмейтін кемелер

Машиналық бөлімшесіне мерзімді қызмет көрсетілетін кемелер

Экипаждың жұмыс кестесі

1 ауысым
(вахтаның ұзақтығы 12 сағаттан артық емес)

2 ауысым

1 ауысым

2 ауысым*

1

2

3

4

5

Аға механиктер:

IIІ/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар





IIІ/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар


1


1

Екінші механиктер:

IIІ/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар





IIІ/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар





Вахталық механик,
IIІ/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар

1

1

1

1

Мотористер:

МБВҚҚ (Вахталық моторист)
III/4- қағидалар, 1 және 2 тармақтар





1 сыныпты моторист (Білікті моторист) III/5- қағидалар, 1 және 2 тармақтар





Электромеханик, III/6- қағидалар, 1 және 2 тармақтар 2





БАРЛЫҒЫ:

1

2

1

2

      * экипаждың 3 ауысымды жұмыс кестесі жағдайында кеменің машина командасының экипажына қосымша вахталық механик кіреді.

      жалғасы

      Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 кВт-немесе одан да көп кемелер үшін машиналық команда

Кәсіби кеме экипажының құрамы
(ДДВА конвенциясына сәйкес)

Машиналық бөлімшесіне мерзімді қызмет көрсетілмейтін кемелер

Машиналық бөлімшесіне мерзімді қызмет көрсетілетін кемелер

Экипаждың жұмыс кестесі

2 ауысым*

2 ауысым*

1

2

3

Аға механиктер:

IIІ/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар

1

1

IIІ/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар



Екінші механиктер:

IIІ/2-қағидалар, 1 және 2-тармақтар

1

1

IIІ/3-қағидалар, 1 және 2-тармақтар



Вахталық механик, IIІ/1-қағидалар, 1 және 2-тармақтар



Мотористер:

МБВҚҚ (Вахталық моторист) III/4- қағидалар, 1 және 2 тармақтар



1 сыныпты моторист (Білікті моторист) III/5- қағидалар, 1 және 2 тармақтар


1

Электромеханик, III/6- қағидалар, 1 және 2 тармақтар 2



БАРЛЫҒЫ:

2

3

      * экипаждың 3 ауысымды жұмыс кестесі жағдайында кеменің машина командасының экипажына қосымша вахталық механик кіреді.

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
  министрлігінің және
  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрлігінің өзгерістер
  енгізілетін кейбір бұйрықтарының
  тізбесіне 2-қосымша
  Кемелерді және оларға
  құқықтарды мемлекеттік
  тіркеу қағидаларына
  8-қосымша

"Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz "электрондық үкіметтін" веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал);
2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық / қағаз түрінде.

6

емлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін консулдық алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) және "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Републикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Консулдық алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе "электрондық үкіметтің" төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) жеке тұлғалар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын анықтау үшін);
кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
өлшем куәлігі;
сыныптау куәлігі;
жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
2) заңды тұлғалар үшін:
белгіленген тәртіппен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылады);
заңды тұлғаның атынан әрекет етудің өкілеттігін растайтын құжат;
кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
өлшем куәлігі;
сыныптау куәлігі;
жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің және
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  "Қазақстан Республикасы
теңізшісінің жеке куәліктерін
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшесі - Порттың теңіз әкімшілігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беру

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі немесе осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша қағаз немесе электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 540-бабына сәйкес ТЖК бергенi үшiн мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 (бес жүз) пайызын құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушілер - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің/Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету шарты:
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктін www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында және "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) ТЖК-ні беру туралы өтiнiш-сауалнама (бұдан әрi - өтiнiш-сауалнама);
2) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін):
Қазақстан Республикасының азаматы үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үшін – Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде консулдық есепке қойылуы туралы таңбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматы үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхат және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыру ретінде танылатын азаматтығын мемлекеті берген көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) көрсетілетін қызметті алушының кеме бортында оның экипажы құрамында кез келген ретте жұмыс iстейтiнiн растайтын құжат (жоқ болған жағдайда дипломдар, маманның кәсіби дайындық деңгейiне сәйкестігін растайтын бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама қабылданады);
4) көрсетілетін қызметті берушінің еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек кiтапшасы, одан үзiндi көшірме, жұмыс орнынан анықтама, теңізде жүзу кiтапшасы) не оқу орнынан анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушының кемеде жұмыс істейтінін растайтын құжат ретінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынады:
Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме капитанын және экипаж мүшелерiн жалдау құқығы бар кеме иесiнiң ұсынысы;
кемеде көрсетілетін қызметті алушының айналысатын қызметi туралы жазбасы бар теңiзде жүзу кiтапшасы;
Қазақстан Республикасының портынан шығатын кеменiң кемелiк рөлi (ерекше жағдайларда, рейске шығатын кеме экипажының мүшесiн ауыстыру қажет болған кезде).
Көрсетілген құжаттармен бірге оның көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында мыналар: анықтамалық бюро, күтуге арналған креслолар және өтініштер бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналасқан стендтерінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.​miid.​gov.​kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.