I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте № 24303 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 149-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 362 Бұйрығымен
бекітілген

I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шарты _____________жылғы "____" _____________№__________

      (1) ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе I санаттағы объектінің операторы және (немесе) банк салымын ұсынатын тұлға болып табылатын заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы)

      (бұдан әрі – Кепіл беруші) атынан_______________________________________

      (лауазымы және аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) толығымен),

      негізінде әрекет ететін ______________________________________________

      (құжаттың түрі, күні және нөмірі) (заңды тұлғалар үшін),

      (2) ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________________,

      (кепіл шартын жасасатын мемлекеттік органның толық атауы)

      Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін (бұдан әрі – Кепіл ұстаушы) ________________________________________________________ _______________________________________________________________,

      (шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның лауазымы және аты, тегі және әкесінің аты (бар болса)

      негізінде әрекет ететін ___________________________________________ (құжаттың түрі, күні және нөмірі), және

      (3) _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (екінші деңгейдегі банктің толық атауы)

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________________________________, _________________жылғы "___"________, берілген лицензия негізінде банк ретінде қызметті жүзеге асыратын

      ____________________________________________________________________ (лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      (бұдан әрі – Банк) атынан _____________________________________________, (лауазымы және аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) толығымен)

      негізінде әрекет ететін _______________________________________________. (құжаттың түрі, күні және нөмірі)

      Мыналарды назарға ала отырып:

      1) Кепіл беруші Банкпен шартты банк салымы шартын жасаса №_______"____"___________ жыл, Кепіл берушіге Банкте ашылған шотқа қатысты __________________ Халықаралық Банк шотының нөмірі (IBAN)(нөмірі) (теңгемен) / (шетел валютасымен) (бұдан әрі – салым);

      Кепіл беруші Қазақстан РеспубликасыныңЭкология кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерін орындауды қаржылық қамтамасыз ету ретінде осы Шарттың талаптарында салым бойынша барлық құқықтарды кепіл ұстаушыға Кепілге беруге ниетті)

      ____________________________________________________________________ (I санаттағы объектіні көрсету)

      (бұдан әрі – I санаттағы объект).

      Бірлесіп "Тараптар" деп аталатын немесе жоғарыда көрсетілгендей, Кепіл ұстаушы, Кепіл беруші және Банк төмендегілер туралы осы банктік салым Кепіл шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1-тарау. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) I санаттағы объект – қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін объект,

      (пайдалану салдарларын жою осы Шарт бойынша қамтамасыз етілетін I санаттағы объектінің атауы);

      2) I санаттағы объектінің операторы – меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында объект бар, қоршаған ортаға елеулі теріс әсер ететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға:

      3) салым сомасы – осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде кез келген уақытта салым бойынша жиынтық ақшалай сома.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Кепіл нысанасы

      2. Кепіл берушінің I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету____________________________________________________________ теңге

      (I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген қамтамасыз етудің жалпы сомасын цифрмен және жазбаша көрсету).

      Кепіл беруші болашақта салым бойынша енгізілетін сыйақы мен ақшаға қатысты талап ету құқықтарын (бұдан әрі – кепіл нысанасы) қоса алғанда, Кепіл ұстаушыға банктік салым шарты бойынша Кепіл берушінің барлық талап ету құқықтарын кепілге береді.

      3. Банк пен Кепіл беруші өздері осы Шартқа қол қойған күні Банк қабылдаған салым сомасын құрайтынын растайды______________________________________________________ теңге, (салымның жалпы сомасын цифрмен және жазбаша көрсету керек)

      бұл банктің банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзіндісімен расталады №________бастап_______________ салымы бойынша ашылған жыл.

      4. Осы Шарт бойынша кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемені толық көлемде орындау мерзімі ______________________________ (Кодекстің 147 бабы 3 тармағына сәйкес көзделген мерзімі көрсетіледі) басталады.

      5. Кепіл беруші Кепіл ұстаушыны және Банкті осы Шартты жасасу күніне кепіл нысанасының үшінші тұлғалардың құқықтарымен заңды және іс жүзінде ауыртпалық салынбағанына сендіреді.

      6. Банк Кепіл ұстаушыны осы Шартқа қол қойылған күні Кепіл берушіге басқа тұлғаның немесе басқа тұлғалардың пайдасына салым бойынша құқықтар кепілі туралы жазбаша хабардар етпейтініне сендіреді.

      7. Банк кепіл ұстаушы шартқа қол қойған күннен бастап салым кепілі туралы хабардар етілген болып есептеледі.

      8. Осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін салым сомасын Кепіл ұстаушы Кепіл ұстаушының немесе Банктің жазбаша келісімінсіз, осындай ұлғайтудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Кепіл ұстаушыға кейіннен жазбаша хабарлай отырып, кез келген уақытта ұлғайта алады. Хабарламаға салымды толықтыру (ақша жарнасы) туралы түбіртектің немесе банк беретін басқа құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса беріледі. Түбіртектің түпнұсқасы кепіл ұстаушымен салыстырылғаннан кейін кепіл берушіге қайтарылуы тиіс.

      9. Тараптар осы Шарт бойынша кепіл тоқтатылғанға дейін:

      1) Кодекстің 147-бабының 9-тармағына сәйкес қаржылық қамтамасыз ету мөлшерін қайта есептеу кезінде I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы сомасын азайған;

      2) егер ол өтейтін сома салымның нақты сомасымен жиынтықта Кодекске сәйкес талап етілетін және есептелген қамтамасыз етудің жалпы сомасынан кем емес соманы құрайтын болса Кепіл берушінің осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген міндеттемені орындауды өзге қамтамасыз етуді берген жағдайларды, Кепіл берушінің, Кодекске сәйкес берілуі мүмкін Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен салым сомасын ішінара қайтарудан басқа, салымды толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқығы жоқ деп келісті.

3-тарау. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері

      10. Кепіл беруші:

      1) егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, кепіл ұстаушының келісімінсіз Салым және банктегі тиісті шот бойынша құқықтарды бермеуге немесе өзгеше түрде билік етуге міндетті;

      2) кепіл ұстаушыдан басқа қандай да бір тұлғаның пайдасына кепіл нысанасына қатысты және (немесе) мүдделілік жөнінде қандай да бір құқық бермеуге;

      3) кепіл ұстаушыға кепіл нысанасына қатысты немесе оған қатысты болуы мүмкін кез келген билік ету, нұсқау, рұқсат беру, хабарлау немесе кез келген басқа құжат туралы және кепіл беруші қандай да бір үшінші тараптан алған (оның ішінде кепіл берушінің кепіл нысанасына құқықтарын жоғалтуға және (немесе) кепіл нысанасының болуы мен сақталуына қатер төндіретін мән-жайлардың туындағаны туралы) дереу жазбаша хабарлауға міндетті);

      4) кепілдік құнының мөлшерін азайту, кепіл нысанасын жоғалту қаупі туындаған және (немесе) фактісі басталған жағдайда, сондай-ақ соттардың, төреліктердің заңды күшіне енген шешімдері бойынша, мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талап-арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кепіл нысанасына тыйым салынған немесе өзге де ауыртпалық салынған жағдайда, кепіл ұстаушының талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген мерзімде өзге де банктік салымды;

      5) жаза қолданылған жағдайда адал ынтымақтасуға және кепіл ұстаушының осы Шартқа сәйкес жүзеге асырылатын кез келген іс-әрекетіне жәрдем көрсетуге құқылы;

      6) барлық шығыстарды, оның ішінде осы Шартты жасасу және ресімдеу бойынша шығыстарды көтеруге;

      7) кепіл берушіге (заңды тұлғаға) бұл жөнінде белгілі болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің алдағы таратылуы, қайта ұйымдастырылуы туралы, сондай-ақ оған қатысты оңалту рәсімінің қабылданғаны туралы кепіл ұстаушыға хабарлауға міндеттенеді.

      11. Кепіл беруші:

      1) осы Шарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда салым сомасын ішінара қайтаруды талап етуге;

      2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау арқылы кез келген уақытта кепіл нысанасынан өндіріп алуды тоқтатуға;

      3) осы Шартқа сәйкес кепіл ұстаушының кепіл нысанасынан өндіріп алынғаннан кейін қалған салым бойынша ақша алу;

      4) салым бойынша қосымша соманы енгізуге (толықтыру);

      5) кепіл беруші жүргізетін I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелер толық тоқтатылғаннан кейін кепіл ұстаушыдан кепілді тоқтату үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) сәйкес кепіл ұстаушыдан қажетті шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.

      12. Кепіл берушінің Кепіл ұстаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге, новацияны жүзеге асыруға немесе иеліктен шығаруға құқықғы жоқ.

      13. Кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда, кепіл құқығы күшін сақтайды және кепіл берушінің құқықтық мирасқоры осы Шарт бойынша Кепіл берушінің барлық құқықтарына ие болады және барлық міндеттерін мойнына алады.

4-тарау. Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері

      14. Кепіл ұстаушы:

      1) кепіл берушіден немесе банктен тиісті жазбаша талап алынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыға берілуге тиіс салым бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені сұратуға;

      2) кепіл берушіден кепіл нысанасын қолдау, қорғау немесе ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қажетті барлық және кез келген іс-әрекеттерді дереу жасауды талап етуге және өз қалауы бойынша кепіл берушіден мұндай шараларды өз бетінше қабылдаған кезде кепіл ұстаушы шеккен кез келген негізделген шығындар мен шығыстардың толық өтелуін талап етуге;

      3) кез келген тұлғадан (оның ішінде кепіл берушіден) оның жоғалуына қауіп төндіретін кепіл нысанасына кез келген қол сұғушылықты тоқтатуды талап етуге;

      4) осы Шартта және Кодексте көзделген жағдайда, кейіннен қалған бөлігі есебінен қанағаттандыру мүмкіндігін сақтай отырып, өз қалауы бойынша кепіл нысанасының барлығы есебінен не оның бір бөлігі есебінен қанағаттандырылуға;

      5) Азаматтық кодекске сәйкес басқа Тараптардың келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтарын немесе міндеттемелерін беруге;

      6) кепіл ұстаушы кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану арқылы қанағаттандырылуға құқығы бар.

      15. Кепіл ұстаушы:

      1) қажет болған жағдайда кепіл берушіге кепіл берушінің құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген қажетті анықтамалар мен мәліметтер беруге;

      2) кепіл беруші кепіл нысанасымен қамтамасыз етілген өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін кепілді тоқтату үшін Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес кепіл ұстаушыдан талап етілетін шараларды қабылдауға міндетті.

      16. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе оның I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі, оның ішінде осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қабылдау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген жағдайда, осы Шарт бойынша кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері басқа Тараптардың келісімінсіз Азаматтық кодекске сәйкес тиісті мемлекеттік заңды тұлғаға ауысады.

5-тарау. Кепіл нысанасынан өндіріп алу

      17. Осы Шартқа сәйкес.

      18. Тараптар кепіл затына өндіріп алуды қолдану (кепіл затын өткізу) банк кепіл ұстаушыға кепіл ұстаушының бірінші жазбаша талабы бойынша салым бойынша тиесілі барлық ақшаны беру жолымен, ал кепіл затына өндіріп алуды қолдану кезінде ақша беру мүмкін болмаған кезде – кепіл ұстаушыға оның жазбаша хабарламасы бойынша салым бойынша құқықтарға көшу жолымен соттан тыс тәртіппен жүргізілетіндігімен келіседі. Бұл ретте Банк пен кепіл беруші салым бойынша құқықтардың кепіл ұстаушыға осындай ауысуына өзінің келісімін растайды.

      19. Осы Шартқа сәйкес кепіл нысанасынан өндіріп алу үшін кепіл берушінің немесе банктің келісімінсіз кепіл ұстаушы немесе Қазақстан Республикасының мүддесі үшін әрекет ететін өзге де мемлекеттік орган кез келген тұлғаны тағайындауы және уәкілеттік беруі мүмкін.

      20. Кепіл беруші мен Банк кепіл нысанасынан өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдау кезінде кепіл ұстаушыға кез келген нысанда қарсы әрекет жасамауға міндеттенеді.

      21. Осы Шарт бойынша кепілмен өндіріп алу өтініші бойынша шығыстарды өтеуді және өзге де шығындарды қоса алғанда, I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою құны бойынша кепіл ұстаушының нақты қанағаттандыру кезіне қандай мөлшерде ие екендігі жөніндегі талабы қамтамасыз етіледі.

6-тарау. Кепілді тоқтату

      22. Осы Шарт бойынша кепіл ұстаушыға берілген кепіл:

      1) Кодекске және Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме тиісінше орындалған кезде;

      2) Осы Шартқа сәйкес кепіл нысанасынан өндіріп алу қолданылған жағдайда;

      3) I санаттағы объектіні оператордың жаңа оператордың меншігіне немесе басқа да заңды иеленуіне берген және Жаңа I санаттағы объектінің операторы Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын басқа да тиісінше қамтамасыз етуді берген кезде кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен жүзеге асырылады;

      4) кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен кепіл берушінің Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілімен кепілге салынған салымды ауыстырған кезде тоқтатылады.

      23. Кепіл берушінің және (немесе) Банктің жазбаша сұрау салуы бойынша кепіл ұстаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша кепілді тоқтату туралы жазбаны қамтамасыз ету тізіліміне енгізу туралы жазбаша растауды беруге міндетті.

7-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      24. Осы Шарт, сондай-ақ осы Шартты орындауға байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіруге жатады.

      25. Осы шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер Азаматтық кодексте көзделген сот тәртібімен шешілуге тиіс.

8-тарау. Хабарламалар

      26. Шарт бойынша Тараптар бір-біріне жіберетін кез келген хабарлама немесе хабарлама жазбаша нысанда және уәкілетті тұлғаның қолы қойылып жасалады. Мұндай хабарлама немесе хабарлама, егер ол тараптардың орналасқан жерінің тиісті мекенжайлары бойынша қолма-қол не тапсырысты пошта арқылы жеткізілсе, тиісті түрде жіберілген болып есептеледі. Кепіл ұстаушы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе Азаматтық кодекске сәйкес I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді, оның ішінде осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдау жөніндегі оның функциялары мен өкілеттіктері басқа мемлекеттік заңды тұлғаға берілген жағдайда, кепіл ұстаушының хабарламасы құқық мирасқорының немесе осындай мемлекеттік заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жіберілуге тиіс.

9-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      27. Тараптар осы Шартқа және Азаматтық кодекске сәйкес Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

      28. Егер тиісінше орындау еңсерілмес күш мән-жайларының салдарынан мүмкін болмаса, Шарттың Тараптары осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      29. Өрттер, су тасқыны, жер сілкінісі, дүлей зілзала, террористік актілер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құқықтық актілерінде көзделген тыйым салу шаралары және Тараптар болжай алмаған және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осындай өзге де мән-жайлар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары болып табылады.

      30. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары тоқтатылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған тартылған Тарап екінші Тарапты еңсерілмейтін күш мән-жайлары тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге және өз міндеттемелерін орындауды қайта бастауға тиіс.

      31. Тиісінше хабардар етпеу Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      32. Еңсерілмес күш мән-жайларының әрекеті Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті мемлекеттік органдары мен ұйымдарының құжаттарымен расталуға тиіс.

10-тарау. Басқа шарттар

      33. Осы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар, егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, олар жазбаша нысанда жасалса және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса ғана күшіне енеді.

      34. Осы шарт 20_____жылғы "____"__________ жасалды.

      35. Осы Шарт орыс және қазақ тілдерінде бірдей заңды күші бар 3 (үш) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері



Кепіл беруші:
(І санат объектісін пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін банк салымын ұсынатын І санат объектісі операторының (немесе) тұлғаның толық атауы)

Кепіл ұстаушы:
(мемлекеттік органның толық атауы)



Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ______________________________

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Банк:


(банктің толық атауы)




Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _______________________________






(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)