"Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шілдеде № 23732 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17446 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік архивтер азаматтық заңнама шеңберінде ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасасу арқылы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 1-тармағымен қарастырылған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі мен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты көрсетілген ақпаратты мемлекеттік архив ғимараттарының көрінетін жерінде, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктерінің ресми сайтында орналастырады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтерімен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен бекітіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін ақылы қызмет түрлерінен түскен ақшалай қаражатты мемлекеттік архивтермен мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:

      1) материалдық-техникалық базаны нығайту;

      2) ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеу;

      3) шаруашылық шығыстар (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, коммуналдық төлемдер, ғимаратты ағымдағы жөңдеу, оргтехника және компьютерлерді жөндеу, қызметтік автокөліктерді жөндеу және ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);

      4) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алу, бөлмелерді жалға алу;

      5) жеке және заңды тұлғалардан архивтік құжаттарды сатып алу;

      6) архив саласы бойынша оқу-әдістемелік құжаттардың жинақтарын, архив құжаттарының жинақтарын, анықтамалықтар мен архив ісі бойынша басқа да жинақтарды басып шығару;

      7) архив істері мен құжаттарын реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік картон қораптарды дайындау;

      8) ғылыми, салалық, соның ішінде мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға байланысты шығыстар.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің міндетін атқарушы Н. Дауешов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі