Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шiлдеде № 23659 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 186-бабының 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу қағидалары және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 356 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17543 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Экология, геология және
  табиғи ресурстар министрінің
  2021 жылғы 22 маусымдағы
  № 208 бұйрығына
  қосымша

Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидалары.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 186-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

      1) объект операторы – меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында объект бар, қоршаған ортаға теріс әсер ететін жеке немесе заңды тұлға;

      2) үзіліссіз өлшеу – жөндеу жұмыстарын жүргізу, ақауларды жою, іске қосу-баптау, тексеру, калибрлеу жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат етілген үзілістерді тәулік бойы өлшеу;

      3) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі – эмиссиялардың негізгі стационарлық көздеріндегі қоршаған ортаға эмиссиялар көрсеткіштерін қадағалайтын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес нақты уақыт режимінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер беруді қамтамасыз ететін өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі;

      4) эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесін штаттан тыс ажырату – ақаулық, іркіліс, істен шығу және жұмыстағы ауытқу немесе МАЖ бүтіндігінің немесе оның элементтерінің, не ол орнатылған технологиялық жабдықтың бұзылу себебі бойынша тоқтау жағдайлары;

      5) эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жоспарлы ажырату – жабдықтың техникалық құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуге өлшеу құралдарын тоқтату жағдайлары немесе мониторингтің автоматтандырылған жүйесі орнатылған шығарындылар көзіне техникалық қызмет көрсету бойынша жөндеу жұмыстары, кәсіпорындардың технологиялық процесін тоқтату.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Қағидаларды қолдану Кодекстің 184-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) негізгі ұйымдастырылған стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларына, су объектілеріне немесе I санаттағы объектілер үшін жер бедеріне сарқынды сулардың негізгітөгінділерін мониторингілеудің автоматтандырылған жүйелерін жобалау және пайдалану кезінде;

      2) осы Қағидаларда көрсетілген өлшемшарттарға жататын шығарындылардың жаңа көздерін енгізу кезінде автоматтандырылған мониторинг жүйесін жарақтандыруды қарастыру кезінде;

      3) өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу үшін объектілер операторларының автоматтандырылған мониторинг жүйесін бастамашылық орнату кезінде қолданылады.

      4. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілерге қатысты эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесінің міндетті болуы туралы талап 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленеді.

      5. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде эмиссияның автоматтандырылған мониторингін жүзеге асыру кезінде қолданыстағы өлшем құралдарының типін бекіту сертификаты бар және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес тәртіппен тексеруден өткен өлшем құралдары қолданылады.

      6. Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдарының бірлі-жарым даналарын оларды тексеру және (немесе) калибрлеу нәтижелері бойынша қолдану "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      7. "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін жүргізуді ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесі мыналарға арналған:

      1) эмиссиялар санына, сапасына және олардың өзгеруіне қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі;

      2) ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары, төгінділері нормативтерінің сақталуын және ластаушы заттардың жаппай шоғырлануын бақылау арқылы жүзеге асырылына;

      3) қоршаған ортаның жай-күйіне ластаушы заттардың зиянды әсерін төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалауына;

      4) үздіксіз өлшеу нәтижелері бойынша ластаушы заттар шығарындыларын, төгінділерін есепке алу, өндірістік экологиялық бақылау есептілігін дайындауға;

      5) эмиссия көздерінен деректерді автоматтандырылған жинауға.

2-тарау. Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде эмиссияларға мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу тәртібі

      9. Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін объект операторы немесе бөгде ұйым әзірлейтін жобаға сәйкес эмиссияның ұйымдастырылған көздерінде сандық және сапалық көрсеткіштерді үздіксіз өлшеуді жүзеге асыратын өлшем құралдарын белгілеу арқылы объект операторы жүргізеді.

      10. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің жобасы экологиялық рұқсаттар алу үшін құрылыс және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасының немесе өзге де жобалау құжаттарының бір бөлігі болып табылады.

      11. Шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі келесі өлшемшарттардың біреуіне сәйкес келетін шығарындылардың негізгі стационарлық ұйымдастырылған көздерінде орнатылады:

      1) атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындысымен жылына бір стационарлық ұйымдастырылған көзден 500 және одан да көп тонна;

      2) жалпы электр қуаты 50 МВт және одан да көп, газды қоспағанда, отынмен жұмыс істейтін станциялардағы көздер үшін, жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан да көп қазандықтар үшін; жалпы электр қуаты 500 МВт және одан көп газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдардың көздері үшін, жылу қуаты 1200 Гкал/сағ және одан көп қазандықтар үшін.

      12. Белгіленген норматив болған жағдайда шығарындылардың үздіксіз мониторингіне жататын ластаушы заттар:

      1) азот тотықтары (азот оксиді және диоксиді);

      2) көміртегі оксиді;

      3) күкірт диоксиді;

      4) шаң (күйе, қалқыма бөлшектер, РМ-2.5, РМ-10);

      5) күкіртсутегі;

      6) Кодекстің 40-бабына сәйкес өндірістік процестің маркерлік заттары.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін пайдалану кезінде алынған ақпарат мыналарды қамтиды:

      1) жиырма минут ішінде орташаланған ластағыш заттардың концентрациясы миллиграмм қалыпты текше метрге (мг/нм3);

      2) оттегінің концентрациясы және (немесе) артық ауа коэффициенті (%, a);

      3) жиырма минут ішінде орташаланған ластаушы заттардың шығарындылары, грамм/секунд (г/с);

      4) бөлінетін газдардың температурасы (0С);

      5) килопаскальдағы (кПа) артық қысым (сирету);

      6) ылғалдылық, % (немесе су буының концентрациясы, мг / м3);

      7) бөлінетін газдар ағынының жылдамдығы, секундына метр (м/с) және/немесе қалыпты текше метрдегі газ-ауа қоспасының көлемі (нм3/ с);

      8) уақыттың ағымдағы мәні (сағат, минут, секунд, күн, ай).

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Алау қондырғыларындағы шығарындылардың мониторингі алауға жіберілетін газдың шығынын, тығыздығын және құрамын бақылау арқылы жүзеге асырылады. Алауларда шығарындыларды бақылау үшін мынадай көрсеткіштер айқындалады:

      1) газдың көлемдік шығысы (м3/сағ немесе м3/с);

      2) газдың тығыздығы (кг/м3);

      3) келесі газдардың анализаторы бойынша (мольдік %-да) құрамы (жылына 10 тоннадан астам көлемде шығарындылар болған жағдайда): күкіртсутегі (H2S), көміртегі оксиді-сульфид (COS), көміртек сульфиді (күкіртті көміртек – CS2) және меркаптандар.

      15. Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін шекті эмиссиялар нормативі жобасына сәйкес нормаланатын ластағыш заттар шығарындыларының көрсеткіштерін өлшеуді және деректерді тіркеудің техникалық құралдарына үздіксіз беру және МЕМСТ 17.2.4.06 "Ластанудың стационарлық көздерінен шығатын газ-шаң ағындарының жылдамдығы мен шығынын анықтау әдістері"; МЕМСТ 17.2.4.07 "Ластанудың стационарлық көздерінен шығатын газ-шаң ағындарының қысымы мен температурасын анықтау әдістері", МЕМСТ 17.2.4.08 "Ластанудың стационарлық көздерінен шығатын газ-шаң ағындарының ылғалдылығын анықтау әдістерінің" талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесін және өлшем құралдарының үлгілерін орналастыру схемасын таңдау кезінде өндірістік жоспарлардың жағдайларын, технологиялық жабдықтың типін, оның конструкциялық ерекшеліктерін, технологиялық параметрлерін, қауіпсіздік талаптарын, қызмет көрсетудің қолайлылығын ескере отырып, жобалық шешімдер қабылданады.

      17. I санаттағы объектіден жерүсті су объектісіне немесе жергілікті жердің бедеріне (буландырғыштар мен жинақтағыштардың тоғандарын қоспағанда) бұрылатын сарқынды сулардың шығарылымдары мынадай параметрлермен мониторингтің автоматтандырылған жүйесімен жарақтандыруға жатады:

      1) температура (С0);

      2) шығын өлшегіш (м3/сағ);

      3) сутегі көрсеткіші (рН);

      4) электрөткізгіштік (мкС-микросименс);

      5) лайлылық (ФЛБ - бір литрге формазин бойынша лайлылық бірлігі).

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 08.06.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату орны олардың негізінде эмиссиялар нормативтерінің жобаларына сәйкес нормаланатын ластаушы заттардың сандық және сапалық көрсеткіштері жүйемен айқындалатын көрсеткіштерді өлшеуді және деректерді тіркеудің техникалық құралдарына үздіксіз беруді қамтамасыз етеді.

      19. Эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесі арқылы үздіксіз мониторингке жататын көздер жөніндегі мәліметтер экологиялық рұқсаттың бір бөлігі болып табылатын өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында, сондай-ақ экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасында ұсынылады.

      20. Объект операторы "Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне осы Қағидалардың 12, 13, 14 және 17-тармақтарына сәйкес әрбір 20 (жиырма) минут сайын орташаланған нақты эмиссиялар мен олардың параметрлері туралы дәйекті ақпаратты үздіксіз беруді қамтамасыз етеді. Объектінің операторына деректерді беруде ақаулар болған жағдайда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі арқылы кәсіпорынның электрондық поштасына қайта жіберіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Автоматтандырылған мониторинг жүйесін ажыратудың себептері автоматтандырылған мониторинг жүйесін жоспарлы және штаттан тыс ажырату болып табылады.

      22. Жабдықтың көрсеткіштерін өлшеу және өзгерту нәтижелеріне әсер ету мақсатында эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесін тоқтатуға жол берілмейді.

      23. Өлшеу құралдары тоқтаған немесе негізгі технологиялық жабдық тоқтаған жағдайда оператор өлшеу құралдарының жұмысын тоқтату және қайта бастау уақыты мен күнін тіркей отырып, өлшеу нәтижелері мен көрсеткіштерді есепке алуды сақтауды қамтамасыз етеді.

      24. Эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жоспарлы ажырату кезінде объектінің операторы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарлы ажырату күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей аумақтық уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді (үзілістермен жүзеге асырылатын төгінділер кезінде төгінділер кестесі ұсынылады).

      Штаттан тыс ажыратылған кезде оператор екі сағат ішінде жазбаша нысанда аумақтық уәкілетті органға қолжетімді коммуникация келесі ақпараттарды көрсетеді:

      1) кәсіпорын атауы;

      2) шығу көзінің атауы;

      3) штаттан тыс ажырату күні мен уақыты;

      4) ажырату себебі (белгілі болса).

      Одан әрі штаттан тыс ажырату анықталған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде аумақтық уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресми хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесін жоспарлы ажырату уақытында объект операторы апта сайынғы аспаптық бақылауға көшуді қамтамасыз етеді (есептік әдісті қолдану мүмкін болмаған кезде), авариялық ажырату уақытында кәсіпорынның әсер ету аймағында (немесе автоматтандырылған бекеттердегі деректер) күнделікті аспаптық бақылауды қамтамасыз етеді.

      26. Кодекстің 174-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау немесе жоспардан тыс тексеру жүргізуге:

      1) күнтізбелік тәулік ішіндегі массалық концентрацияның орташаланған көрсеткіштерінің 1,5 (бір жарым) есе және одан да көп асуы келесі формула бойынша анықталады;

      Со.т./ С норм ≥ 1,5

      мұнда: Со.т. – орташа күнтізбелік тәуліктегі алынған концентрация көрсеткіші (мг/м3).

      С норм – анықталған көрсеткішке бекітілген норматив (мг/м3),

      Сонымен бірге, Со.т. келесі формула бойынша анықталады:

      Со.т = ∑ C/n;

      мұнда: С – күнтізбелік күндегі жиырма минуттағы орташа алынған көрсеткіштердің қосындысы (мг/м3),

      n – күнтізбелік күндер үшін 20-минуттық өлшемдер саны;

      2) деректердің осы Қағидаларда көзделген ажыратуды қоспағанда, мониторингінің автоматтандырылған жүйесімен Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай күйі туралы ұлттық деректер банкіне 24 (жиырма төрт) сағаттан астам берілмеуі негіз болады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша эмиссия нормативтерінің асып кетуі туралы ақпарат, ықтимал себептер бойынша ақпаратты қоса алғанда, дүркін шығарындылар туралы, кезең көрсетілген жабдықтың жұмысындағы ақаулар туралы ақпаратты объектінің операторлары бұзушылық орын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшадағы нысанға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Автоматтандырылған мониторинг жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы мыналарды қамтиды:

      1) стационарлық көздері эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған, І санаттағы объектіде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпаратты тіркеу мен берудің техникалық құралдарымен қамтамасыз етуді қамтиды;

      2) уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне деректер беру жөнінде қызметтер көрсететін бөгде ұйымдардың бағдарламалық қамтылымы мен аппараттық құралдары жатады.

      29. Автоматтандырылған мониторинг жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етеді:

      1) эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйесінен алынатын ақпаратты қабылдауын;

      2) ластағыш заттардың әрбір 20 (жиырма) минут үшін орташаланған өлшеу нәтижелері туралы ақпарат беруді қамтиды. Ақпарат жіберу "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 16777 болып тіркелген) №123 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      3) автоматты өлшеу құралдары тоқтаған жағдайда олардың жұмысын тоқтату және қайта бастау уақыты мен күнін тіркей отырып, берілген ақпаратты сақтауын;

      4) уәкілетті орган жүйесіндегі өндірістік объектілерді және ластаушы заттар шығарындыларының және ластаушы заттар төгінділерінің әрбір нақты көзін сәйкестендіруін;

      5) ақпаратты қабылдау мен берудің дұрыстығын, оның бұрмалануын болғызбауды қамтуын.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 08.06.2023 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      30. Осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген бағдарламалық қамтамасыз ету мыналарды жүзеге асырады:

      1) алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің жұмысын тоқтату және қайта бастау уақыты мен күнін тіркей отырып, ақпаратты өлшеу және есепке алу нәтижелерін сақтау;

      4) мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық қамтылымының бақылау сомасының есебі;

      5) мониторингтің автоматтандырылған жүйесінен алынған ақпаратты кемінде бес жыл сақтау;

      6) мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық қамтылымының бақылау сомасын осы жүйе үшін жол берілетін бақылау сомасымен салыстыру.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өндірістік экологиялық бақылау
жүргізу кезінде қоршаған ортаға
эмиссиялар мониторингінің
автоматтандырылған жүйесін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Эмиссия көзіндегі мониторингтің автоматтандырылған жүйесін ажырату кезеңдері туралы хабарлама

      Кәсіпорынның (ұйымның) атауы ___________________________

      Өндірістік учаске, шығу көзінің атауы __________________

Өлшеукешенініңатауы, типі

Мониторингтің автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі МАЖ) ажыратудың күні мен уақыты

МАЖ ажырату себебі жоспарлы тексеру / штаттан тыс жөндеу және т.б.)

Жөндеу түрі: жоспарлы/ жедел

Орындалатын жұмыстардың сипаттамасы

Жұмыстарды жүргізу уақыты

МАЖ іске қосу күні мен уақыты

Орындаушы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Өндірістік экологиялық бақылау
жүргізу кезінде қоршаған ортаға
эмиссиялар мониторингінің
автоматтандырылған жүйесін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша белгіленген эмиссия нормативтерінің асып кетуі туралы хабарламалар

Көздің атауы және нөмірі

Нақтымәндер (бір жолғы, орташатәуліктік)
текше метрге миллиграмм (мг/м3)

Шекті жол берілген шығарындылар (ШЖБШ), текше метрге миллиграмм (мг/м3)
шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) нормативтері текше дециметрге миллиграмм (мг/дм3)

Норматив терден асып кетуі

Асып кету кезеңі (күні, уақыты)

Асып кетуді жою күні мен уақыты

Асып кету себептері

Асып кетуді жою жөніндегі іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

7

8









  Өндірістік экологиялық
бақылау жүргізу кезінде
қоршаған ортаға эмиссиялар
мониторингінің
автоматтандырылған
жүйесін жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың ығарындыларын өлшеуге негізделген нәтижелер

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.10.2024 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.