ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 308-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 244 Бұйрығымен бекітілген |
Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидалары
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 308-бабының 2-тармағына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Тарифтік емес реттеу шаралары оларға қатысты қолданылатын тауарлар тізбесінің 1.1 және 2.1-бөлімдерінде көрсетілген озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге таралады.
3. Жеке тұлғаларға жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) озонды бұзатын заттарды (құрамында олар бар өнімдерден басқа) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге тыйым салынады.
4. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелуге рұқсат озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді оның аумағына әкелу көзделетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген осындай заттар мен өнімдерді әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде беріледі.
5. Мынадай:
1) жеке тұлғалардың құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) өткізуі кезінде;
2) әуе, теңіз (өзен), теміржол, автомобиль көлігі құралымен бірге техникалық сипаттамаларына сәйкес пайдалану үшін озонды бұзатын заттар қажет, осы көлік құралының жабдықтары мен техникалық құрылғыларының қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде тоңазытқыш жабдығына, кондиционерлеу жүйелеріне, өрт сөндіру құралдарына және өзге де жабдық пен техникалық құрылғыларға құю, үстеп құю мақсатында және қажетті мөлшерде озонды бұзатын заттарды өткізу кезінде рұқсат алу талап етілмейді.
6. Рұқсат "Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысаны және оны толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарын ескере отырып жасалады.
7. Берілген рұқсаттың қолданылуы ол берілген мерзімнің аяқталуы бойынша не осындай мерзім аяқталғанға дейін – рұқсатты бір реттік пайдаланғаннан (озонды бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдердің рұқсатта белгіленген тиісті мөлшерін әкелгеннен және әкеткеннен) кейін тоқтатылады.
2-тарау. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру тәртібі
8. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
11. Процестердің сипаттамаларын, көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартында (бұдан әрі – Стандарт) жазылған.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз нысанда алу үшін дара кәсіпкер және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қыметті берушіге осы Қағидаларға 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат алуға өтінішді, сондай-ақ Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды қағаз тасығышта ұсынады.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қыметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішді, сондай-ақ Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.
14. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
15. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
16. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш мен құжаттар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және орындайшыны тағайындайтын көрсетілетн қызметті берушінің басшысына оларды жолдайды.
17. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
18. Орындаушы тіркеу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды қағаз тасығышта немесе порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.
19. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарастырады.
20. Қарастыру қорытындылары бойынша орындаушы 1 (бр) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосышаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсатты қалыптастырады және келісу мен қол қоюға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсатты қағаз тасығышта немесе порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында.
21. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздерді анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күн бұрын көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсатты қағаз тасығышта немесе порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында не осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қағаз тасығышта немесе порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында береді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, уәкілетті органға шағымды жолдамауға құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті беруші өтінішді тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлкеттік қызметті көрсету нәтижесі | Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуға негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің сенімсіздігінің анықталуы; |
Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат берге өтініш
1. Өтініш № | 2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ бастап КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда |
3. Рұқсаттың түрі / ӘКЕЛУ | 4. Келісімшарт № |
5. Көрсетілетін қызметті алушы | 6. Жөнелтуші |
7. Жөнелту елі | 8. Шығарылған ел |
9. Саны | 10. Өлшем бірлігі |
11. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаты | |
12. Қосымша ақпарат | |
13. Рұқсатты беру үшін негіз |
14. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат берге өтініш
1. Өтініш № | 2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ бастап КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда |
3. Рұқсаттың түрі / Шығару | 4. Келісімшарт № |
5. Көрсетілетін қызметті алушы | 6. Сатып алушы |
7. Алушы елі | 8. Шығарылған ел |
9. Саны | 10. Өлшем бірлігі |
11. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаты | |
12. Қосымша ақпарат | |
13. Рұқсатты беру үшін негіз |
14. Көрсетілетін қызметі алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) |
Дәлелді бас тарту
Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруге өтінішті қараудан бас тартады:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат
ҚОРЫТЫНДЫ
(рұқсат беру құжаты)
№ ____/_____20__ /_________
_____________________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің қорытынды берген мемлекеттік билік органының атауы)
Берілді _____________________________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, почталық мекенжайы, елі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өткізу түрі______________________________________________________
(өткізу түрі)
________________________ |
___________________________________________ | |||
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі | ||
Алушы / жөнелтуші _______________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, елі)
Межелі/жөнелту елі______________________________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________________
Уақытша әкелу (әкету) мерзімі) ____________________________________________
Негізі: _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қосымша ақпарат _______________________________________________________
Транзит елі_____________________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
Қорытынды 20___жылғы "___" ________ дейін жарамды
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ___________________________ (лауазымы) ____________________________ |
Электрондық цифрлық қолтаңба/қолы _______________ Күні___________
Мөр орны (бар болса)
<*> -жолдар тауарлардың санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады
Дәлелді бас тарту
Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруден бас тартады:
[Дәлелді бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]