Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 431 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 мамырда № 22699 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылық көрсеткіші – осы Қағидалардың 172-тармағында айқындалған тәртіппен қолданылатын, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын, салықтар мен әлеуетті өнім берушінің еңбекақы төлеу қорына төленген кірістер бойынша көрсеткіштер жиынтығы;

      2) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;

      3) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;

      4) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;

      5) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;

      6) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      7) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

      8) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

      9) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің бар болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптасатын электрондық мәліметтер қоры;

      11) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

      12) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы не құрылымдық бөлімшесі немесе осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлға;

      14) тауарлардың электрондық каталогы – интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналыстырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе;

      15) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 447-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес, есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының проценттік қатынасы;

      16) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы.

      17) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;

      18) электрондық әмиян – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған әлеуетті өнім берушінің жеке шоты;

      19) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      20) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығының үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы көрсеткішінің есебін осы Қағидаларға 8-4-қосымшаға сәйкес қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайды.

      Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";

      мынадай мазмұндағы 405-1-тармақпен толықтырылсын:

      "405-1. Шарттың сомасы азайған жағдайда, тапсырыс беруші жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге төмендетілген сомаға барабар мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

      Өнім беруші шарт сомасын ұлғайтуға келіскен жағдайда, өнім беруші жасалған шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге ұлғайған сомаға барабар мөлшерде қосымша шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.";

      421-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "421. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.

      Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) техникалық және (немесе) авторлық қадағалау қызметтерін көрсететін өнім берушіден, егер бас мердігер ретінде жұмыстарды орындайтын өнім берушінің міндеттемелерін тиісінше орындамау салдарынан олардың шарттық міндеттемелерді тиісінше орындау мүмкін болмаған кезде өндіріп алынбайды.

      Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісінің есебіне жатқызылады.";

      441 және 442-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "441. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды.

      442. Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі осы Қағидалардың 441-тармағының талаптарын ескере отырып, мынадай өлшемшарттарға сәйкес конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгіленуі мүмкін:

      1) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бір жылды;

      2) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, екі жылды;

      3) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, үш жылды;

      4) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, төрт жылды;

      5) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бес жылды құрайды.";

      445-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "445-1. Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларда, әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасына қарамастан қойылады:

      1) Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды;

      2) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды;

      3) Техникалық қадағалау және (немесе) Жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік.";

      мынадай мазмұндағы 445-2-тармақпен толықтырылсын:

      "445-2. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.";

      447 және 447-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "447. Әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады:

      1) әлеуетті өнім берушінің кірістері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім беруші кірістерінің кемінде үш пайызын құрайды.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС – есептелетін үш жылдық кезең үшін төленген салықтарының сомасы;

      КС - есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының құны мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      4) әлеуетті өнім берушінің жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу қоры мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.

      447-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.

      Жанар-жағармай материалдарын бөлшек және көтерме саудада өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, сондай-ақ индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан әлеуетті өнім беруші, егер оның осы Қағидалардың 447-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелетін төленген салықтардың көрсеткіші оның кірістерінің кемінде бір пайызын құраса, қаржылық тұрақты деп танылады.

      Қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.

      Техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.

      Қаржы лизингі бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.

      Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.

      Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.";

      Қағидаларға 4-қосымшада:

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалауды және салыстыруды жүргізеді:

      Қағидаларға сәйкес айқындалатын демпингтік баға есептеледі;

      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде конкурс жеңімпазы, сондай-ақ ең төмен шартты бағадан кейінгі баға негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;

      конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын қаржылық тұрақтылықтың көп көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы көрсеткішінің есебін веб-портал Қағидаларда айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес автоматты түрде айқындайды.

      Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері тең болған кезде қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен ерте келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";

      8-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 8-4-қосымшасымен толықтырылсын;

      2) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1438 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 19783 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 431 Бұйрыққа
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (ашық конкурс нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланыстырылуы тиіс (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* __________________________________

      Конкурстың № ________________________________

      Конкурстың атауы ___________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ___________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың,

      қызметтердің тізбесі ___________

Лот №

Лот атауы

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алуға бөлінген сома, теңге







      Лот № __________________________________________

      Лот атауы __________________________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:

      (хронология бойынша) (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН

Өтінімді беру күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (осы ақпарат конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы болған кезде орналастырылады) (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН

Өтінімді қайтадан беру күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұралды (Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы

Сұрау салу жіберілген күн

Сұраудың қысқаша сипаттамасы

Сұрау салуға жауап беру күні






      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН


Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.

Шартты жеңілдік %

Комиссия мүшесінің шешімі

Ауытқу себебі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, қабылдамау себептерінің егжей-тегейлі сипаттамасы







      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН

1-ншіқабылдамау себебі





      ____________________________________ үш мәтіндік мәннен тұратын 1-анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес еместігі, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігі, Заңның 6-бабының талаптарын бұзушылық)

      Конкурсқа қатысуға келесі өтінімдер жіберілді (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН




      Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған бүкіл конкурсқа қатысуға өтінімдерге осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / НП

Шартты жеңілдіктер, %




Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдағы жұмыс тәжірибесі

Төленген салықтардың көрсеткіші

Негізгі қызмет түрінің өткізілетін Мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкестігі

Әлеуетті өнім берушінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші

Әлеуетті өнім берушінің Тапсырыс беруші тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы

МРШР-да болу үшін теріс мән

Тауарлардың функционалдық сипаттамасы

Тауарлардың техникалық сипаттамалары

Тауарлардың сапалық сипаттамалары

Тауарлардың пайдалану сипаттамалары

Жалпы шартты жеңілдік, %















      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын есептеу:

Ә / өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Заңның 26-бабына сәйкес сома

Шартты жеңілдік мөлшері, %

Шартты жеңілдік ескерілген баға

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші

Өтінімді беру күні мен уақыты











      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1. № ___ лот бойынша жеңімпаз болып анықталсын: (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы).

      2. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің атауы) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгенмерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасассын.

      Не:

      №___ лот бойынша мемлекеттік сатып алу (сатып алудың атауы): _____________________ *байланысты өткізілмеді деп танылсын.

      Ескертпе:

      *Мынадай мәндердің бірі: "берілген өтінімдердің болмауы", "екіден кем өтінім беру", "конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді", "конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілді".

      Не:

      Сатып алудың күшін жою жүргізілген, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың ___жылғы ___айдағы ___ күнгі № __актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыныс, шешім).

      Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_______________________).

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.

      Ескертпе:

      * Егер тапсырыс беруші бірнеше болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 5 мамырдағы
№ 431 Бұйрыққа
2-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-4-қосымша

Қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласы

      ҚТК = КК + ТСК + ЕТҚК,

      мұнда:

      ҚТК – әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығының көрсеткіші;

      КК – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде мынадай тәртіппен пайыздық қатынаста есептелетін әлеуетті өнім берушінің кіріс көрсеткіші.

      КК = КС / МСС x 100%,

      мұнда:

      КС – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      МСС – мемлекеттік сатып алу (лоттың) сомасы.

      Егер әлеуетті өнім берушінің кіріс көрсеткіші осындай көрсеткіштің ең төменгі мәнінен (50%) асып кеткен жағдайда, онда нөл бүтін оннан бір пайыздан (0,1%) асатын әрбір пайыз үшін веб-портал автоматты түрде қосымша пайызды нөл бүтін жүзден бес пайыз (0,05%) мөлшерінде есептейді. Бұл ретте, осы көрсеткіш бойынша шекті мән жиырма бес пайыздан (25%) аспайды.

      ТСК –есептелетін үш жылдық кезең ішінде пайыздық қатынаста төленген салықтардың көрсеткіші, ол мынадай тәртіппен есептеледі.

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТС – есептелген үш жылдық кезең үшін төленген салықтар сомасы;

      КС – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салықтарының көрсеткіші осындай көрсеткіштің ең төменгі мәнінен (3%) асып кеткен жағдайда, онда әрбір нөл бүтін оннан бір пайыздан (0,1%) асатын әрбір пайыз үшін веб-портал автоматты түрде қосымша пайызды нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) мөлшерінде есептейді. Бұл ретте, осы көрсеткіш бойынша шекті мән бір жүз отыз бес пайыздан (135%) аспайды.

      ЕТҚК – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорының мынадай тәртіппен пайыздық қатынаста есептелетін көрсеткіші.

      ЕТҚК = ЕТҚ / МСС x 100%,

      мұнда:

      ЕТҚ – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішіндегі әлеуетті өнім берушінің еңбекақы төлеу қорының сомасы;

      МСС – мемлекеттік сатып алу сомасы.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорының көрсеткіші осындай көрсеткіштің ең төменгі мәнінен (6,6%) асып кеткен жағдайда, онда әрбір нөл бүтін оннан бір (0,1%) асатын әрбір пайыз үшін веб-портал автоматты түрде қосымша пайызды нөл бүтін оннан бір (0,1%) пайыз мөлшерінде есептейді. Бұл ретте осы көрсеткіш бойынша шекті мән елу пайыздан (50%) аспайды.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Асып кеткен кезде қосымша пайыздар есептелетін ең төменгі мән

Ең төменгі мәннің 0,1 пайызынан асатын әрбір қадам

Көрсеткіштің шекті мәні

1

КК

50,0

0,05%

25%

2

ТСК

3,0

0,50%

135%

3

ЕТҚК

6,6

0,10%

50%


Барлығы:



210