Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22532 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13986 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу рәсімін реттейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында көтермелеудің келесі түрлері белгіленеді:

      1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрмет грамотасы;

      2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алғыс хат.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) және оның ведомстволарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) құрмет грамотасымен және алғыс хатымен көтермелеуге үміткер тұлғалар болып табылады.

      5. Қызметкерлерді көтермелеу мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, кәсіби мерекелерге: "Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні", "Спорт күні", "Архивші күні" мерекелеуге орай жүзеге асырылады.

      Мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласындағы үлесі, қызметі, жетістіктері немесе табыстары үшін бір тұлға екінші рет қайта ұсынылмайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметкерлерді көтермелеу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен комиссия құрылады.

      Комиссия мүшелерінің құрамы тақ саннан құрылады. Комиссия құрамы комиссия төрағасын есептемегенде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрлерінен, аппарат басшысынан, ведомстволардың басшыларынан немесе орынбасарларынан, тиісті салаға жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалардан тағайындалады.

      Комиссия төрағасы болып Министр тағайындалады.

      Хатшы Министрліктің Персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің ішінен анықталады.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттау, комиссия хаттамасының негізінде министрліктің аппарат басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      12. Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталады:

      1) әрбір жеке саладағы (мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт) еңбек өтілі үш жылдан аса;

      2) саладағы (мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт) қызметі, жетістіктері немесе табыстары үшін.

      13. Алғыс хатпен келесі қызметкерлер марапатталады:

      1) іс-шараларды өткізген жетістіктері (конкурстар, олимпиадалар, байқаулар, көрмелер);

      2) мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін.";

      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 71 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16755 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін Министрліктің аппарат басшысы (ведомствоның бірінші басшысымен) Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова